Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ КАЗ ЯЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать
☆

8. «М.Әуезов -cуреткер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында, яғни ұлы ақынның елінде туған. Болашақ ұлы жазушы алдымен медреседе, содан кейін қазақ-орыс училищесінде оқиды. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Осы кезде оның азаматтық және суреткерлік көзқарасы қалыптаса бастайды. Ол алдымен Жүсіпбек Аймауытовпен бірге Абай шығармашылығы тақырыбында мақалалар жазады. Бұл еңбектер екі жазушы бірігіп Семейде шығарып тұрған «Абай» журналында жарияланады.

Қаламгер ретінде жазушының ең тұңғыш жазған шығармасы – «Қорғансыздың күні» әңгімесі. Бұдан соң осы 1920 жылдары көптеген әңгімелерімен бірге «Қилы заман», «Қараш-Қараш оқиғасы» повестері жазылды. Ол бұл повестерінде қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы тағдырын суреткерлікпен шебер бейнелеп, бұл шығармалар қазақ әдебиетінің классикалық туындыларына айналды. «Қараш-Қараш оқиғасы» негізінде кинофильм түсірілді.

М. Әуезовті ірі суреткер ретінде танытқан туынды, әрине, «Абай жолы» роман-эпопеясы. Данышпан ақын Абайдың, оның әлеуметтік, қоғамдық ортасы арқылы барша қазақтың сол кездегі тұрмысын бейнелеген бұл эпопея қазақ әдебиетінің ірі туындысы. Романға халықаралық деңгейде өте жоғары баға берілді, көптеген тілдерге аударылды.

Суреткер ретінде М. Әуезовтің ерекшелігі – өзі таңдаған құбылысты, оқиғаны жан-жақты әрі терең бейнелеу, кейіпкерлер образын толымды көрсету. Оның суреткерлік шеберлігі - қазақ тілінің аса бай ресурстарын жарқырата көрсетуінде. Суреткер Әуезов арқылы әлем қазақ даласының өмірін таныды.

9. «Адам және табиғат егіз» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Адам мен табиғаттың тығыз қатынасы адамзат пайда болғалы жалғасып келеді. Адам үшін табиғат ең алдымен оның өмір сүру ортасы. Екіншіден, табиғи байлықтар адамды асыраушы. Үшіншіден, табиғат адамзаттың мәдениеті мен өркениетінің ең басты үлгісі. Тайпалық қоғамнан индустриялық кезеңге дейін адамзат табиғатпен үйлесімді тіршілік етті. Индустриялық қоғамда өндірістің дамуы табиғатты қорғау мен сақтау мәселесін қойды. Сөйтіп, әлемде экологиялық шаралар қолға алына бастады. Ірі қалалардың салынуы, олардың маңындағы агломерация ауаның ластануына, флора мен фаунаның өзгеруіне әкелді. Бұл табиғатты ғана емес, адам денсаулығына да әсер ете бастады. Сондықтан, әсіресе, жиырмасыншы ғасырда БҰҰ деңгейінде және қоғамдық ұйымдар тарапынан экологиялық дабыл қағылды.

Қазақстанда да экологиялық проблемалар жеткілікті. Арал мен Балқаш көлдеріндегі судың азаюы, Семей ядролық полигонының әсері, Өскемен, Теміртау, Риддер сияқты қалаларындағы атмосфераның былғануы бүгінгі экологияның көкейкесті мәселелері. Эколог ғалымдар Байқоңыр космодромының Қызылорда облысына оған көршілес аймақтарға әсерін жиі көтереді. Біздің елімізде де мемлекеттік бағдарламамен бірге, табиғатты үлес қосуда.

10. «Қазақстанның экологиясы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың ара қатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.

Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.

Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.