Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ КАЗ ЯЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать
☆

15. «Университет - білім ордасы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Университет – (лат.universitas –жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы университет ХII ғасырда Батыс Еуропада пайда болды.

Ұлттық, мемлекеттік – мұның бәрі оқу орындарының мәртебесі. Бұдан басқа халықаралық деген мәртебе бар. Ұлттық мәртебе бұл мемлекеттікке қарағанда жоғары. Мемлекеттік гранттарды бөлу кезінде ұлттық университеттерге жеке байқау жүреді. Қазақстанда 9 ұлттық университет бар. Олардың екеуі Астана қаласында орналасқан. Олар: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті. Ал қалғандары Алматы қаласында орналасқан. Олар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті.

16. «Қазақстанның басты байлығы – дарынды жастар» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды. Дарындылық «дарын» сөзінен шыққан. «Дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары» дегенді білдіреді. Дарындылықтың ең басты белгісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Ал белгілі әнші Б.Тілеухан: «Біз ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек - жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге ат салысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек», - дейді. Яғни, елінің болашағын ойлау үшін жастардың бойында отаншылдық сезім болу керектігін баса айтады. Егемен елдің ертеңгі тағдыры барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Сондықтан, алдыңғы буын ағалар ел ертеңі – жастардың ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, басекеге қабілетті маман болғанын тілейді.