- •1. Қазақстан қорықтары мен саябақтары туралы әңгімелеңіз.
- •2. «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •3. «Ж.Аймауытов шығармалары» тақырыбы туралы әңгімелеңіз
- •4. «Қазақстандағы білім жүйесі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •5. «Басшы келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •6. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •7. «Басшы келбеті» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •10. «Қазақстанның экологиясы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •8. «М.Әуезов -cуреткер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •9. «Адам және табиғат егіз» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •12. «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •14. «Қазақстандықтардың ғылыми жаңалығы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •15. «Университет - білім ордасы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •16. «Қазақстанның басты байлығы – дарынды жастар» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •17. «Кемел көшбасшы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз. (5 вопрос)
- •18. «Қазақстан – Азия барысы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.(6 вопрос)
- •19. «Тәуелсіз Қазақстанның дамуы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •21. «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •22. «Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •23 «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.(12 вопрос)
- •24 «Ғылым – инновациялық экономиканың негізі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
- •25 «Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
19. «Тәуелсіз Қазақстанның дамуы» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемелекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды.
1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде микроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды. Өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды. Сонымен қатар жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленді.
Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті.
20. Жамбыл жырларындағы батырлық туралы әңгімелеңіз.
Екі ғасырдың куәсі болған, әрі Абайдың, әрі Мұхтар Әуезовтің замандасы Жамбыл дастандарындағы батырлық тақырыбы автордың тарихты көп білетінін, оған өз тұжырымдамасы, яғни, концепциясы бар екендігін аңғартады. Әрі ақын, әрі жырау Жамбыл өзінің «Сұраншы батыр», «Саурық батыр» дастандарында және толғаулары мен айтыстарында қаһармандықты жырлады. Оның Сұраншы және Саурық батырларға арналған көлемді дастандарындағы концептуальды тақырып – ерлік тақырыбы. Елді, туған жерін сыртқы жаулардан қорғау, сөйтіп халық намысын сақтап қалу – Жамбыл жырларының негізгі идеясы мен мазмұны. Ел қорғаған сол батырлардың ерлігі, тапқырлығы, патриоттығы қашанда көпшілікке үлгі.
Жамбыл шығармашылығындағы осы негізгі қаһармандық тақырып оның айтыстарынан да, өлеңдерінен де көрінеді. Мысалы, оның қырғыз ақындарымен айтысында қазақ халқының ерекше батырлық мінезі мақтан етіледі.
Жалпы әдеби шығармалардағы батырлық концепция – ол автордың тарихи танымы мен көркемдік бейнелеуінің тұтастығынан өрістейді. Мұндай шығармалар патриоттық жағынан жастарға үлгі болады.
