- •1.Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттерi.
- •2.Мембраналық потенциал, оның шамасы.
- •5 Бұлшық ет жиырылуының түрлері. Бұлшық ет қажуы (шаршауы).
- •6 Бірыңғай салалы еттердің физиологиялық ерекшеліктері.
- •7 Қозудың нерв арқылы берілуінің негізгі заңдылықтары.
- •8.Синапстың құрылымдық элементтері. Нейрондардың классификациясы
- •10. Гормондардың спецификалық қасиеттері.
- •11.Гормондардың жіктелуінің жалпы принциптері. Гормондардың функционалдық жіктелуі.
- •12.Гипоталамус-гипофиз жүйесі.
- •13.Рилизинг фактор туралы түсінік, аденогипофиз қызметін реттеудегі маңызы
- •14. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар
- •15.Гипотермия, гипертермия жайлы түсінік.
- •16.Жиырылу термогенезі. «Дірілдеудің маңызы».
- •17.Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.
- •18.Көздің торлы қабығының қабаттарының маңызы неде?
- •19.Эмоцияның мінез-құлықтық және вегетативтік сипаттары.
- •20.Ұйықтау мен оянудағы нейромедиаторлардың, пептидтердің және биологилық активті заттардың маңызы.
- •21.Шартты рефлекстердің жіктемесі. Шартты рефлекстің түзілу заңдылықтары (шарттары). – 490 бет китобда
- •22. Есту анализаторын сипаттаңыз. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың маңызы.
- •23.Дәм сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы.
- •24.Аносмия, паросмия, дизосмия, иістік галлюцинациялар.
- •25.Адам эмоцилары. Түрлері, құрамы (субъективтік және физиологиялық компоненттері).
- •26.Тілдің дәм сезу картасы. Дәм сезу емізікшелерінің жіктемесі.
5 Бұлшық ет жиырылуының түрлері. Бұлшық ет қажуы (шаршауы).
Бұлшық ет жиырылуының екі түрін ажыратады – изотоникалық және изометриялық, және тағы бip түpi бар, ол ауксотониялық.
Изометриялық жиырылу төмендегідей болып сипатталады. Бұл жиырылу кезінде бұлшық еттің ширығуы арта түседі (күш генерацияланады), бipaқ оның екі жағы да сүйекке фиксациялануына байланысты, бұлшық ет қысқара алмайды (бұндай жағдай бұлшық ет ауыр салмақты көтеру кезінде байқалуы мүмкін). Изотониялық жиырылу кезінде алдымен бұлшық ет ширығады ауыр жүкті көтере алатындай болып, сосын бұлшық ет қысқарады, немесе жиырылады, өзінің ұзындығын қысқартады. Изотониялық жиырылу «таза» изотониялық изомет риялық жиырылу «таза» изометриялық болмауына байланысты «ауксотониялық жиырылу» деген термин ұсынылады. Бұл сөздің мағынасы аралас жиырылу болып табылады.
Еттің қажуы.
Еттің қажуы дегеніміз - жұмыс icтey барысында жұмыс істеу қабілеті уақытша төмендеп дем алғаннан кейін қалпына келуі. Жұмыс icтey қабілетінің төме–деуі екі себепке байланысты болады:
1. ет жиырылу кезінде зат алмасу өнімдерінің жинауы - бұл еттің өзіндегі перифериялық фактор.
6 Бірыңғай салалы еттердің физиологиялық ерекшеліктері.
Бірыңғай салалы ет ішкі қуыс ағзалардың қабырғасындағы ет қабаты– және кейде топталып қыспақ (сфинктер) құрады. Бұл ет iшек қарын, асқорыту бездерің түтіктерінің қан–мен лимфа тамырларының, несеп шығаратын мүшелердің, жатырдың, бронхының т.б. қабырғасында кездеседі. Көлденең жолақ етке қарағанда бұл еттің ағзадағы көлемі аз болады және оның орындайтын қызметі де қалыпты жағдайда онша көзге түспейді. Олай болғанмен патология кезінде мәселен, асқазан мен 12-i елі ішектің түйіскен жеріндегі қыспақ (пилорус) ұзақ уақыт жиырылатын болса ас қарында көпке дейін тұрып қалады, бара-бара асқазан созылып төмен түсіп кетеді. Мұндай халде тамақты жұтқан сайын ауру қатты қиналатын болады.
Бірыңғай салалы еттің қаңқа еті секілді қозғыштық қозуды өткізу, жиырылу қасиеттері бар. Мұнымен бipгe ол ерекше пластикалық және автоматиялық қасиеттерге де ие.
7 Қозудың нерв арқылы берілуінің негізгі заңдылықтары.
Қозуды екі жақты өткізу заңы. Жүйкенің орындайтын қызмет түріне (сезгіш, қозғалтқыш) қарамастан оның қай-қайсысы болса да тітіркендірілген жерден бастап қозу процессін екі жаққа (орталыққа, шетке) қарай өткізеді. Оны баланың шонданай жүйкесіне жасаған тәжірибеден көруге болады. Денеден бөлініп алынған жүйкенің екі жақтағы ұшына әрекет потенциалын тіркейтін аспапты бекітіп, қақ ортасынан тітіркендіріп қоздырса, екі аспап та сол жерге әрекет потециалының жеткенін көрсетеді. ОНЖ байланысы үзілмеген жүйкелерден қозудың белгілі бір бағытта өтуі орталықтағы нейрондар арасындағы синапстардың қасиетіне байланысты. Синапсқа дейін қай жүйке болса да қозуды екі жаққа қарай өткізеді.
Қозуды жеке өткізу заңы. Әрбір шеттегі жүйке құрылымында жүздеген мыңдаған жүйке талшықтары болатыны белгілі. Олай болғанымен де әрбір талшық.қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына тұп-тура жеткізіледі. Бір эфференттік жүйке талшығы бұтақталып 3-3000-ға дейін ет талшықтарымен байланысады. Осыған байланысты әр қимыл көңілдегідей боп орталықтың әсерін бұлжытпай дәл орындайды.
