- •1.Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттерi.
- •2.Мембраналық потенциал, оның шамасы.
- •5 Бұлшық ет жиырылуының түрлері. Бұлшық ет қажуы (шаршауы).
- •6 Бірыңғай салалы еттердің физиологиялық ерекшеліктері.
- •7 Қозудың нерв арқылы берілуінің негізгі заңдылықтары.
- •8.Синапстың құрылымдық элементтері. Нейрондардың классификациясы
- •10. Гормондардың спецификалық қасиеттері.
- •11.Гормондардың жіктелуінің жалпы принциптері. Гормондардың функционалдық жіктелуі.
- •12.Гипоталамус-гипофиз жүйесі.
- •13.Рилизинг фактор туралы түсінік, аденогипофиз қызметін реттеудегі маңызы
- •14. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар
- •15.Гипотермия, гипертермия жайлы түсінік.
- •16.Жиырылу термогенезі. «Дірілдеудің маңызы».
- •17.Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.
- •18.Көздің торлы қабығының қабаттарының маңызы неде?
- •19.Эмоцияның мінез-құлықтық және вегетативтік сипаттары.
- •20.Ұйықтау мен оянудағы нейромедиаторлардың, пептидтердің және биологилық активті заттардың маңызы.
- •21.Шартты рефлекстердің жіктемесі. Шартты рефлекстің түзілу заңдылықтары (шарттары). – 490 бет китобда
- •22. Есту анализаторын сипаттаңыз. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың маңызы.
- •23.Дәм сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы.
- •24.Аносмия, паросмия, дизосмия, иістік галлюцинациялар.
- •25.Адам эмоцилары. Түрлері, құрамы (субъективтік және физиологиялық компоненттері).
- •26.Тілдің дәм сезу картасы. Дәм сезу емізікшелерінің жіктемесі.
8.Синапстың құрылымдық элементтері. Нейрондардың классификациясы
Денедегі барлық синапстардың құрылысы біркелкі. Әрбір синапс үш элементтен, атап айтқанда, пресинапстық (синапсқа дейінгі), постсинапстық (синапстан кейінгі) мембраналардың және синапстық саңлаудан тұрады. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды. Синапс саңлауы алдындағы жүйке бүршігінде медиаторға толы көпіршіктері (везикулалар) митохондрийлер болады. Осы бүршіктің басқа жүйке бүршігімен не миоцитпен түйіскен бетін жабатын мембрана пресинапстық мембрана боп саналады, ал постсинапстық мембрана синапс саңылауынан кейінгі жүйке бүршігі не ет клеткасын қаптайды. Бұл жерде миоцит мембранасы клеткасының ішіне қарай майысады да шүңқырға айналады. Шұңқыр түбірдегі мембрана ет-жүйкелік синапстың постсинапстық мембранасы. Осы екі мембрананың арасындағы синапстық саңлау клетка аралық не плазма тәрізді сұйықтыққа толған. Саңылау диаметірі шамамен 200-500 А° -дей.
Нейрон-тәжірибеленген жүйке клеткасы.Нейронның ақпаратты қабылдап, өңдеп, кодтап, және керек кезінде ақпаратты жеткізіп немесе сақтап отыру қабілеті бар. Бұдан басқа нейрондардың тітіркендіргіштерге жауап қайтару, басқа нейрондармен, органдардың клеткаларымен байланыс орнату қабілеттері бар. Нейрондар электірлік разрядты генерациялайды және скоростан тұрады.
9.Рефлекс жайлы жалпы түсінік. Рефлекстердің классификациясы. Рефлекторлық доға, оның элементтері. О.Ж.Ж-нің негізгі қызметі – рефлекс ( reflecsus – латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркенуге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664ж) , оған ғылыми сипаттама берген Чех ғалымы Прохаска (1817). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин. Рефлекс дегеніміз О.Ж.Ж-нің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.
Рефлекстердің классификациясы:
1. Рефлекторлық доғаның құрылуы тәсіліне байланысты И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.
2. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатынасатын нейрондар санына қарай екі,үш және көп (моносинаптикалық, полисинаптикалық) нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.
3. Доғадағы негізгі нейрондардың орналасуына қарай-симпальды, Бульбарлы,Мезенцефальды,Кортикальды.
4. Рецепторлардың орналасуына қарай экстроцептивтік,интроцептивтік рефлекстер болып ажыратылады.
5. Биологиялық маңызына байланысты – жыныстық, қорғаныштық т.б.
6. О.Ж.Ж-нің қай бөлігінің рефлексті тарату принципіне байланысты – сомалық және вегетативтік болып екіге бөлінеді.
7. Соңғы қорытындысына байланысты – қан-тамырлық, сілекей бөлу, жұту, кірпік қағу, жөтелу.
6. Рефлекторлық доға, оның элементтері
Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады:
A. Қабылдаушы құрылым – рецептордан;
B. Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден;
C. Афференттік, аралық, эфференттік нейрондардан тұратын орталықтан;
D. Қозуды орталықтан эффекторларға апаратын эфференттік жүйеден;
E. Жауап беруші құрылым-эффектордан тұрады.
Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біршама жоғалып кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлімі ъфференттік ағзадан О.Ж.Ж-е рефлекстік әсерленіс туралы хабар жеткізетін байланыс, мысалы, рефлекстік әсерленіс, ететін жиырылу болса, оның жиырылу күші туралы хабар, яғни керісінше байланыс арқылы орталыққа жеткізіледі. Керісінше байланыс рефлекс доғасын бекітіп оны шеңберге айналдырады.
