- •1.Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттерi.
- •2.Мембраналық потенциал, оның шамасы.
- •5 Бұлшық ет жиырылуының түрлері. Бұлшық ет қажуы (шаршауы).
- •6 Бірыңғай салалы еттердің физиологиялық ерекшеліктері.
- •7 Қозудың нерв арқылы берілуінің негізгі заңдылықтары.
- •8.Синапстың құрылымдық элементтері. Нейрондардың классификациясы
- •10. Гормондардың спецификалық қасиеттері.
- •11.Гормондардың жіктелуінің жалпы принциптері. Гормондардың функционалдық жіктелуі.
- •12.Гипоталамус-гипофиз жүйесі.
- •13.Рилизинг фактор туралы түсінік, аденогипофиз қызметін реттеудегі маңызы
- •14. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар
- •15.Гипотермия, гипертермия жайлы түсінік.
- •16.Жиырылу термогенезі. «Дірілдеудің маңызы».
- •17.Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.
- •18.Көздің торлы қабығының қабаттарының маңызы неде?
- •19.Эмоцияның мінез-құлықтық және вегетативтік сипаттары.
- •20.Ұйықтау мен оянудағы нейромедиаторлардың, пептидтердің және биологилық активті заттардың маңызы.
- •21.Шартты рефлекстердің жіктемесі. Шартты рефлекстің түзілу заңдылықтары (шарттары). – 490 бет китобда
- •22. Есту анализаторын сипаттаңыз. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың маңызы.
- •23.Дәм сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы.
- •24.Аносмия, паросмия, дизосмия, иістік галлюцинациялар.
- •25.Адам эмоцилары. Түрлері, құрамы (субъективтік және физиологиялық компоненттері).
- •26.Тілдің дәм сезу картасы. Дәм сезу емізікшелерінің жіктемесі.
10. Гормондардың спецификалық қасиеттері.
Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ бірқатар физиологиялық қасиеттері бар.
1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. 2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. Бұл реттелуде басты бағыттаушы әсерді орталық жүйке жүйесі атқарады,
3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды. 4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады.
5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі және мембрана арқылы өтуі олардың молекулалық салмағына байланысты.
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді.
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық үрдістерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық әсерленістердің жылдамдығына әсер ете алады.
11.Гормондардың жіктелуінің жалпы принциптері. Гормондардың функционалдық жіктелуі.
Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала отырып, 3 класқа бөледі.
1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т. б.);
2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);
3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин, норадреналин). Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі темен байланысқан гормон түрі пайда болады.
12.Гипоталамус-гипофиз жүйесі.
Гипофиз (hypophysis, грек, hypo — асты, phyo — құылым — жануарлар организмдегі көптеген ішкі секреция бездері қызметтерін реттеуге қатысатын эндокринді мүшелер жүйесінің орталық безі.
Гипофиз —аралық ми құрамына кіретін пішіні жұмыртқа тәрізді, орташа салмағы 0,5-0,6 г без. Гипофиз эпителиальды және нейроглиальды бастамалардан дамитын екі бөлім нен: аденогипофизден және нейрогипофизден тұрады. Гипоталамус-гипофиз жолы (гипоталамо-гипофизарный тракт); (грек, hypothalamus және hypophysis, лат. tractus — жол) – гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларынан басталып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофизге өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер түрінде аяқталатын эфферентті жүйке талшықтарының будалары.
