- •1.Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттерi.
- •2.Мембраналық потенциал, оның шамасы.
- •5 Бұлшық ет жиырылуының түрлері. Бұлшық ет қажуы (шаршауы).
- •6 Бірыңғай салалы еттердің физиологиялық ерекшеліктері.
- •7 Қозудың нерв арқылы берілуінің негізгі заңдылықтары.
- •8.Синапстың құрылымдық элементтері. Нейрондардың классификациясы
- •10. Гормондардың спецификалық қасиеттері.
- •11.Гормондардың жіктелуінің жалпы принциптері. Гормондардың функционалдық жіктелуі.
- •12.Гипоталамус-гипофиз жүйесі.
- •13.Рилизинг фактор туралы түсінік, аденогипофиз қызметін реттеудегі маңызы
- •14. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия. Температуралық карта және оған әсер етуші факторлар
- •15.Гипотермия, гипертермия жайлы түсінік.
- •16.Жиырылу термогенезі. «Дірілдеудің маңызы».
- •17.Булану – жылу бөлінудің негізгі жолы. Буланудың маңызы.
- •18.Көздің торлы қабығының қабаттарының маңызы неде?
- •19.Эмоцияның мінез-құлықтық және вегетативтік сипаттары.
- •20.Ұйықтау мен оянудағы нейромедиаторлардың, пептидтердің және биологилық активті заттардың маңызы.
- •21.Шартты рефлекстердің жіктемесі. Шартты рефлекстің түзілу заңдылықтары (шарттары). – 490 бет китобда
- •22. Есту анализаторын сипаттаңыз. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың маңызы.
- •23.Дәм сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы.
- •24.Аносмия, паросмия, дизосмия, иістік галлюцинациялар.
- •25.Адам эмоцилары. Түрлері, құрамы (субъективтік және физиологиялық компоненттері).
- •26.Тілдің дәм сезу картасы. Дәм сезу емізікшелерінің жіктемесі.
18.Көздің торлы қабығының қабаттарының маңызы неде?
432-433-434 бетда китобда белгиланган
19.Эмоцияның мінез-құлықтық және вегетативтік сипаттары.
Адам мен жануар психикасының ерекше көріністерінің бірі –эмоция. Эмоция мінезді бағыттау жэне жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Ол сыртқы әсерлерден, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады. Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама қарсылықтан байқауға болады.
Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс жэне эмоциялық көрініс іспеттес әсерленістерден тұрады. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін өзіндік сезінісін айтады. Организмнің дененің сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі: симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңееді, организмда тотығу жэне энергия құбылыстарының қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламин, пептидтер жэне глюкоза мөлшері көбейеді. Эмоция пайда болуына қатысушы ми құрылымдары. Эмоция қалыптасуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады.
Эмоция кезінде гипоталамус – гипофиз- бүйрек безі, сондай-ақ симпато – адреналдық жүйелердің белсенділігі жоғарылап, қанда катехоламиндер және стероидтардың мөлшері артады. Бұл жағдай организмнің вегетативтік реакциялары дамуына әкеледі.
20.Ұйықтау мен оянудағы нейромедиаторлардың, пептидтердің және биологилық активті заттардың маңызы.
Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. ¥йқыға мұқтаждық адамның жасына жэне жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент-21,6 айлық жэне 1 жастағы бөбектер шамамен-14, 2-4 жастағы сэбилер 16, 4-8 жастағы бүлдіршіндер 13-12, 8-12 жастағы естиярлар – 10-11, 12-16 жастағы жеткеншектер 8-9, ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.
Ұйқы кезіндегі физиологиялық өзгерістер. Организмнің үйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс алу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бэсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады. Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді. Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.
Ұйқы механизмі. Ұйқы орталығы қағидасы мидің қыртысасты құрылымында ұйқы мен сергектіктің арнайы орталықтарыың барлығын мақұлдайды.Ұйқы организмді сақтау жэне оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік жиі қолданылады.
