Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_biomekhanika-1_1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать
☆
  1. Жеке қозғалыстың жылдамдығы.

  2. Қозғалыс жиілігі.

  3. Әрекеттің латентті уақыты.

Осы жылдамдық сапасындағы, жылдамдық көрсеткіші әртүрлі адамдарда, өте аз кореляция болады. Мысалы жылдам әрекет бола тұрып, қозғалыстың жай болуы немесе жылдам қозғалыспен баяу әрекет болуы мүмкін. Осыны ескере отырып жоғарыдағы үш жылдамдық сапасының бір-біріне тәуелсіз екенін ескертеміз. Тәжірибеде жылдамдық сапасының комплексті яғни бәрі немесе екеуінің бірдей болатыны көп кездеседі. Қысқа қашықтықта жүгіруде, нәтиже ытқу әрекетінің жылдамдығына байланысты болады. Бұл жерде бөлек қозғалыстар кезіндегі өзаралық үйлесімділік және қадам жиілігі әсер етеді.

Күрделі координациялық қозғалыстан болған жылдамдық спортшының тек жылдамдық сапасына ғана байланысты болмайды, ол басқа себептерге байланысты. Сондықтан жылдамдық сапасының қарапайым формаларын таңдау жақсы көрсеткіщтерге жеткізуі мүмкін.

  1. Жылдамдық динамикасы.

Жылдамдық динамикасы дегеніміз қозғалушы дененің жылдамдығы.

Спорт ойынында жоғары жылдамдыққа жетуге екі түрлі талап қойылады: біріншіде, жоғары лездік жылдамдық көрсету қажет мұнда жылдамдық динамикасын ойыншы өзі таңдайды. Секіруде жайлап жүгіріп, тура секірер алдында жоғары лездік жылдамдық қажет болады. Ал екіншісіне жоғары жылдамдықпен (аз уақытта) барлық қозғалысты жасау керек. Мысалыға жақын қашытыққа жүгіру.

Жоғары жылдамдықта орындалатын қозғалыстың көбінде екі фаза болады.

  1. Жылдамдықты арттыру;

  2. Салыстырмалы біркелкі жылдамдық;

Біріншісінде негізгі нәрсе (спортты ) үдеу, ал 2-шіде арақашықытық, жылдамдық.

Спрингрлік жүгіруде жылдамдық мына формуламен анықтайды.

V (t) - уақыт моменттігіндегі жылдамдық, V (т) — жылдамдықтың максималды мәні, е= 2,4 (натурал логарифм негізі) k - жеке параметр (спорт кезіндегі үдеу) k — неғұрлым үлкен (көп) болса, ойыншы соғұрлым жоғары нәтиже көрсете алады.

Күштің өзгеру жылдамдығы немесе күш градиенті (кг)

Жылдамдық сөзі тек қана шапшаңдықты білдірмейді ол басқа көрсеткіштердің өзгеруін де анықтай алады.

Айталық температура өзгеру жылдамдығы. Бір реттегі күш әсері үздіксіз өзгеріп отырады. Бұл күш өзгеру жылдамдығы деген сөз, яғни күш градиентін зерттеу деген сөз. Күш градиенті - әсіресе аз уақытта үлкен күш жұмсалатын қимылдарда, іс әрекеттерде көрінеді оны «Жарылыс» деп атайды. Математикада күш градиенті, күштің уақыт бойынша туындысы болып табылады.

Негізінде спортшыны дайындағанда, жаттықтырушы мына формуланы пайдаланғаны дұрыс болады.

Ғ mах

t max- спортшының салмағы

Қозғалыс әрекетінің биомеханикалық аспектілері.

Қозғалыс әрекеті жай күрделі болып екіге бөлінеді. Жай қозғалыс әрекеті дегеніміз алдын ала белгілі қозғалыстардың белгілі сигналға берілетін жауабы. Мысалы писталетпен көрінген бейнеге оқ ату, спорт кезіндегі жүгіру т.с.с.

Ал басқаша типті әрекеттер күрделі қозғалыс әрекеті болып табылады, демек алдын ала белгісіз дыбысқа жауапты әрекет.

Бұлардың негізін мысал ретінде түсіндіруге болады. Айталық күрделі қозғалыс реакциясы шайбалы хоккейдегі қақпашының іс әрекеті, шайба соғушы хоккейшінің қашақ шайбаны ұратыны, қандай жылдамдықпен ұратыны, және қандай күшпен ұратыны қақпашыға алдын ала беймәлім болады. Ал жаттығу нәтижесінде көптеген әрекеттерге автоматты жауап береді. Ол ойланып жатпай қай бұрышқа ұмтылып және денесімен бе, немесе қолымен бе ұстайтын лездік әрекеті арқылы орындауы қажет. Сол сияқты «алдамшы соққы» әсерінен құлап қалу басқа бағыттан күту, нәтижесінде қақпаны толық жаба алмауы т.с.с. болуы мүмкін.

Осының бәрін жаттығу нәтижесінде жаттықтырушы ойластыру қажет. Сондықтан да жаттықтырушылар қақпашыны, шабуылышыны қорғауды әрекет нәтижесінде қарастыруға болады. Мысалы: күрес, бокс воллейбол, баскетбол, футбол, ойыншыларды тарту, барысында жоғарыдағы қозғалыс әрекетінің икемділігіне оның тез жетілу қабылетіне қарай таңдауы қажет.

Дәріс № 8

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]