Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_biomekhanika-1_1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать
☆

Еңбек пен спорттағы кейбір қимылдарды талдау.

Дәріс жоспары:

  1. Еңбек пен спорттағы кейбір қимылдарды талдау.

  2. Жүгіріп ұзындыққа секіру.

Еңбек пен спортгағы күрделі дене қимылдарын биомеханикалық тұрғыдан талдау дене күшін, ептілік, шыдамдылық және жалпы жүйке жүйесінің қалыптасу жолдарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Зембіл көтеру, жүгіріп ұзындыққа секіру және партада отырудағы бұлшық еттердің қызметіне талдау жасаймыз.

1. Зембіл көтеру кезінде бұлшық еттер статикалық жұмыс атқарады. Зембілдің ауырлық күші әсіресе қолтық буындарына әсер еттеді. Зембілді көтеріп тұрғанда буын ажырап кетуіне, шынтақ пен шыбық, білезік буындарының бүгілуі және жазушы бұлшық еттері, шыбықтың бүгілуі, қол басын жазушы еттер арқылы жасалады. Алақанның тереңдегі және беткі бұлшық еттері, саусақтың бүгуші, құрт тәрізді бұлшық еттері, бармақты бүгуші тереңдегі бұлшық еттері және оның қысқа бұлшық еті, зембіл сабын қысып ұстау қызметін атқарады. Бұл бұлшық ет үнемі жиырылып сырттан түскен ауырлық күштің әсерінен жұмыс істеп, қолдың басқа бұлшық еттеріне қарағанда тез шаршайды.

Зембілді көтеріп тұрғанда оның қолға түсетін күші иық белдеуі, тұлға және аяқ бұлшық етіне беріледі. Тұлға және иық бұлшық еті статикалық жұмыс атқарып тепе-теңдікті сақтап тұрады. Зембілді көтеріп тұрғанда тұлға азырақ алға еңкейеді. Сол кезде ауырлық түзуі омыртка бағанасының жамбас-сан, тізе, балтыр, табан буындарының алдына ауысады.

Дене ауырлығы және жүк әсерінен арқаның тереңдегі бұлшық етіне, жамбас-сан буыны бұлшық еттері, бөксенің улкен бұлшық еті, санның артқы топ бұлшық еті, тізе және балтыр-табан буындарының, балтырдың артқы топ бұлшық еттері қатайып жиырылады. Тізе және балтыр-табан буындарының байламдары ауырлық күшіне қарама-қарсы жұмыс атқарады. Зембілді көтеріп қозғаған уақытта аяқ бұлшық етінің жұмысы өзгереді де, ол динамикалық сипатқа ие болады.

Тұлға және қол бұлшық етінің статикалық жұмыс күші арта түседі. Жас адамдарға зембіл көтерудің ешқандай зияны жоқ өйткені, мүнда салмақ денеге симметриялы әсеретіп, омыртқа не басқа қаңқалар қисаймайды. Бұл жерде тек зембілдегі жүктің салмағына мұқият болу керек, себебі oлартқан сайын жоғарыдағы айтылған бұлшық еттерден басқа құрсақ бұлшық еті де қатысып, жүрек қызметін арттырады.

Жүгіріп ұзындыққа секіру.

Жүгіру қайталанатын, ал секіру қайталанбай жүгіруден кейін бірақ рет орындалатын қимыл. Секіру 4 кезең орындалады.

1-кезең-жүгіру (А-Б) жылдамдықты арттырып, теуіп секіру үшін және қалықтау ұзындығын арттыру үшін дайындық кезең. Бұл кезеңдегі қозғалу жылдамдығының артуы аяқтың қимылға көшу қызметіне байланысты,

2-кезең-секіру. Оң аяқпен 1 қадам және сол аяқ пен 2-1 қадам жасаумен аяқталады. Сонда бұл кезең оң аяқты алға қатты сілтеп, қолды шынтақтан бүге оң қол артқа, сол қол алға құлаштаумен сипатталады. Аяқты тірек ауданынан жылдам алға және жоғары итеріліп, дене жерден көтеріледі. Аяқтың балтыр-табан буынынан бүгілуі, балтырдың үш басты бұлшық еті мен үлкен бақайдың бүгуші ұзын бұлшық еттінің қимылға келтіру жұмысымен іске асады. Аяқ ұшына таялғанда тілерсек табан буынынан, үлкен жіліншіктің және кіші жіліншіктің артқы бұлшық-етін бүгеді.

Алдымен санның артқы топ бұлшық еті және бөксенің үлкен бұлшық еті жиырылып аяқты жамбас-сан буынынан жазады. Санның әкетуші бұлшық еті бөксенің ортаңғы және-кіші бұлшық етін қимылға енгізіп, мықымды солға бұрады, содан аяқ сілтеніп аттайды.

Сілтенген (оң) аяқ ілгері кетеді. Сілтеудің күші мықын бел және төрт басты бұлшық еттердің жиырылу күшіне байланысты болады. Бөксенің үлкен бұлшық еті созылғаннан кейін екпін күшімен аяқ ілгері кетіп тізе буынынан жазылады. Артта қалған сол аяқ итеру күші арқылы тұлғаны оңға бұрады Ал арқаның омыртқаны жазушы, омыртқаны солға бұрушы, құрсақпен оның сыртқы қиғаш және сол ішкі қиғаш бұлшық еті тұлғаның оңға бұрылып кетуіне кедергі жасайды.

Қолдың айқасып қозғалуының маңызы күшті өйткені олардың екпіні аркылы кеуденің жоғары жағының бүрылуы тепе-теңдікке келіп, денені бір бағытта ұстайды. Қолдың алма кезек қозғалуы иық белдеуінің тік білік арқылы айналуына байланысты болады. Оң қолды артқа сілтегенде көкіректің кіші ромб тәрізді жауырынды көтеруші, арқаның жалпақ, 3 басты тоқпан жілік және дельта тәрізді бұлшық еті дұрыс қатады. Сол қолды алға сілтегенде; алдынғы тіс тәрізді және трапеция бұлшық етінің жоғарғы бөлігі 2 басты, құс тұмсық, тоқпан жілік бұлшық еті, дельта тәрізді бұлшық ет және іректің үлкен бұлшық еті қатады шынтақ буынының бүгулі күйі, оның жазушы және бүгуші бұлшық етін қатайтып жиырылуы арқылы қалыптасады. Ол уақытта пронатор, супинатор бұлшық еттерінің қызметі арқылы алақан ішке қарап тұрады.

3-кезең-қалықтау. (В.Г.). Бұл кезең сол аяқты итеріп секіруден кейін дене жоғары көтеріліп, сілтенген аяқ төмен қарай түсіп жерге жеткен аралықты айтады. Осы кезде қолдардың бағыты керісінше алмасады да тұлға азырақ солға бұрылады. Дене қалықтағаннан кейін бос қалған аяқ, мықын бел, санның бұлшық еті таспа және үлкен шандыр қабығын керетін бұлшық еттердің жиырылуы арқылы алға келеді. Екпін бойынша тізе буыны бүгіледі балтыр ілгері кетеді. Тізе бүгілуі басты бұлшық еттің жәрдемімен реттеліп тұрады. Бөксенің және санның артқы топ бұлшық еттері ұстап тұру жұмысын атқарады. Балтырдық артқы топ бұлшық еті қозғалтуды жүзеге асырады.

Сілтенген оң аяқ жерге жетерде бөксенің үлкен еті аяқты сан буынынан жазу, төрт басты ет тізе буынынан жазушы, балтырдың артқы топ және аяқ басын қайқайтып бұлшық-еттерінің жұмыстары басталады. Иық белдеуі трапеция тәрізді және алдыңғы тіс тәрізді бұлшық еті жұмысы арқылы іріңкі болып, қолдар еркін қозғалады. Бұл кезде де қол жартылай бүгілген күйде қалады. 4-кезең—жерге түсу. (Г.Р.Е.). Бұл кезеңде дене жерге өз салмағы арқылы жылдам қозғалыста келіп түседі. Жерге түсуді отыру (Г) көтерілуге күш жұмсау (Д) және көтерілу-тұру әрекеттеріне бөлуге болады.

Отыру омыртқа тез ішке қарай иіліп және жамбас-сан буыны арқылы өте көп бүгіліп, дене алға қарай күшті иіледі, қолдар төмен түсіп аяқты бойлай ілгері созылады. Аяқ толық жазылмаған күйде өкшені жерге бағыттай алға созылады.

Аяқты неғұрлым ұзаққа сілтесе, секіру ұзындығы соғұрлым артады. Бірақ аяқты сілтеу күші мен жүгіріп келгендегі пайда болған жылдамдық бірдей болмаса, дененің не артқа, не алға құлап түсуі мүмкін.

Омыртқа мен жамбас-сан буынының күшті бүгілуі құрсақ, мықан-бел және санның тік бұлшық еттерінің күшті жиырылуынан болады, қолтық иықтың жалпақ, көкіректің үлкен және дельта тәрізді бұлшық етінің артқы бөлімінің бұлшық омыртқа жұмысын арттырады. Бірақ жерге толық түсіп отырғанда ок көп күш, аяқты тізеден жазу және балтыр-табан буыныньп бүгу бұлшық еттеріне түседі.

Көтерілуге күш жұмсау. Бұл кезде қол тез артк сілтенеді. Дене еңкейіп, ал аяқ жанбас-сан және тізе буынына бүгілген күйінде болады. Бұл дененің жерге қатгы түсуі жеңілдетіп, жылдамдықты жояды. Оның үстіне секірген жерді жұмсақтығы, оның үйкелісі бұлшық еттерге күштің аз түсуін жәрдем етеді. Ауырлық орталығы төмендеп денені қайта көтеруді оңайлатады.

Қолдың артқа тез сілтенуі трапеция жауырынды көтеру және арқаның жалпақ қимылға ендіру жұмыстарына байланысты. Жамбас-сан буынынан дененің бұрынғы күйіндей терең бүгілуіне арқаның тереңдегі бұлшық-еті және бөксенің үлкен бұлшық етінің ұстап тұру жұмысы жеткілікті болады. Тізенің бүгілуімен балтыр табан буынының жазылуына санның алдыңғы топ және балтырдың артқы топ бұлшық етінің ұстап тұрушы жұмысы жағдай жасайды.

Тұру. Бұл кезде қол тез алға сілтенеді. Тұлға және аяқ жазылады. Алдыңғы екі кезеңде де қозғалу жылдамдығы баяулайды да, қолдың артқа тез сілтенуінен дене бағыты жоғары қарай икемделіп, ауырлық орталығы алға ауысады. Бұл көкіректің үлкен бұлшық еті дельта тәрізді бұлшық еттің алдыңғы бөлігі, екі басты және құстұмсық тоқпан жілік бұлшық - еттерінің қимылға ендіру жұмыстары арқылы орындалады.

Тұлғаның жазылуы арқаның тереңдегі бұлшық еттер, күшті жиырылуынан болады. Аяқтың жамбас-сан буыны-бөксенің бүгілуі төрт басты бұлшық еті мен камбала тәрізді бұлшық еттерінің қызметімен орындалады. Шынтақ буыны қардың үш басты бұлшық етінің келте басымен қол басын бүгуші бұлшық етерінің жәрдемімен қатайып, қарысады ұзындыққа жүгіріп секіру, алдын-ала әртүрлі шынықтыруды (күшті арттыру, жылдамдықты арттыру үшін жүгіру, отырып тұру т.б.). талап етеді. Секірудің өзі тұлға және аяқ бұлшық етін жетілдіреді. Тыныс алу және қан айналу жүйені жақсартып, тепе-теңдік қимылдары дамиды. Жүру кезінде статистикалық процестерге қарағанда динамикалық әрекеттер күшті болады.

Дененің ауырлық салмағы тік, төмен бағытталған болса, судың қысымы жоғарыға бағытталады. Бұл жағдайда дененің аударылып кету қауіпі туады. Тепе-теңдік дененің жалпы ауырлық салмағының орталығы және оның көлемі бір түзу сызық бойында болғанда ғана сақталады, ол үшін қол алға қарай созылада, суда қозғалу жылдамдығы, денені суда көлденең жатқызып қол аяқты, созып жүзгенде артады. Бұл жағдайда судың кедергісі кемиді. Бірақ, адамның тепе-теңдікті сақтауы қиындайды.

Дәріс№14.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]