- •Биомеханика пәніне кіріспе.
- •Қозғалтқыш аппарат биомеханикалық жүйе ретінде.
- •Адам қозғалысының биомеханикалық сипаттамасы.
- •Рычаг және маятник тәрізді бөліктері.
- •Сүйек пен буындардың механикалық қасиеті
- •Биомеханикалық тест және оқытушының бағалауы.
- •Тесттің сапасы
- •Педагогикалық бағалау
- •Адамның қимыл-әрекетін оқытатын механиканың заңдары және оны қолдану негіздері.
- •Қозғалыстың негізгі кинематикалық шарасы, шапшаңдық және жылдамдық.
- •Механиканың үш заңы.
- •Күш сапасының биомеханикалық мінездемесі.
- •Жеке қозғалыстың жылдамдығы.
- •Қозғалыс жиілігі.
- •Әрекеттің латентті уақыты.
- •Күштің өзгеру жылдамдығы немесе күш градиенті (кг)
- •Қозғалыс әрекетінің биомеханикалық аспектілері.
- •Дифференциалды биомеханика.
- •Қозғалыс жасын белгілеу теориясы.
- •Жеке биомеханика
- •Жүру мен жүгірудің кинематикасы. Жұмыс істететін бұлшық еттердің топографиясы.
- •Жүру мен жүгірудің динамикасы.
- •Өзін-өзі тексеруге берілген тапсырма.
- •Жүру мен жүгірудің энергетикасы.
- •Суда жүзу биомеханикасы.
- •Жүзу кинематикасы.
- •Жұмыс істейтін бұлшық еттерінің топографиясы.
- •Жүзу энергетикасы.
- •Еңбек пен спорттағы кейбір қимылдарды талдау.
- •Жүгіріп ұзындыққа секіру.
- •Дене қалпының тәнтанулық сипаттамасы.
- •Бұлшық еттердің биодинамикасы.
- •Бұлшық ет жұмысының көптүрлілігі.
Дифференциалды биомеханика.
Дәрістің жоспары:
Диффериенциалды биомеханика.
Қозғалыс жасын белгілеу теориясы.
Адамның әрекеті мен қозғалыс сапасын, жеке дене бөліктері және жалпы дене қозғалысын оқытатын биомеханика бөлімі дифференциалды биомеханика деп аталады.
Дене құрылысы мен мүмкіндігі.
Адамның қозғалыс мүкіндігі, дене құрылысының ерекшелігіне байналысты.
-Дененің ұзындығы және салмағы.
- Дене мүшелерінің өлшемдері.
-Сымбат ерекшелігі.
Сыртқы пішін, дене құрылысына байланысты келесі үш топқа бөлінеді:
Долихоморфиялы – дене жіңішке, қушық кеуде, тұлға ұзын, қол ұзын, аяқ қысқа.
Мезоморфиялы – дене ұзындығы және ені орташа.
Брахиморфиялы – дене кеңейіп, ұзындығы және ені біршама жалпақ, кең кеуде, тұлға ұзын. Қол – аяғы қысқа.
Адамның дене бөліктері мен пішіні әртүрлі болуына байланысты қозғалыс мүмкіндігі де әр түрлі болады.
Бірдей деңгейде жаттыққан адамдардың ауыр салмақтыларының бұлшық ет күші жоғары болады. Сонымен қатар дене мөлшерінің өсуімен бұлшық еттің тәуелді күші төмендейді. Бірдей деңгейде жаттыққан адамардың ауыр салмақтыларының бұлшық ет күші жоғары болады. Сонымен қатар дене мөлшерінің өсуімен (дене салмағының 1 кг есебінде) бұлшық еттің тәуелді күші төмендейді.
Дененің салмағына байланысты абсолютгі және тәуелді бұлшық ет күштерінің өзгерісі. Жүру мен жүгіруде қадам жиілігімен ұзындығы дененің мөлшеріне байланысты, ең алдымен аяқтың ұзындығына.
Мысалыға: Бойлары бірдей денелерде жүгіру кезінде, жасы үлкендеу балалар ұзын адым жасайды бұл орта есеппен олардың аяқтары ұзындау деп түсіндіріледі.
Бірдей жаттыққандарда, бірақ салмақ әр түрлі болса, салмақ артуына байланысты абсолютті күш өседі де, тәуелді күш кеміп отырады.
Бұл биомеханикада келесі мысал бойынша түсіндіріледі, мысалы: Екі спортшы А және Б бірдей жаттықтырылған А-1,5 есе ірі бойы 210 см. Б-ның бойы 140 см. Яғни егер ұзындық бір есе артық болса, қиылысу аймағы алыға физиологиялық көлденең жолақты бұлшық ет /2,25 есе салмақ 3,315 есе артады, Б-ның көлденең жолақты физиологиялық бұлшық еттің, белгілі мөлшердегі тартылу күші -2,25 есе күштірек.
A-/2,25 ece ауыр күшті көтереді/. Егер бұл адамдарға жеке өздерінің денесін көтеру керек болса /нақтылы/абсолютті/ емес тәуелді күш көрсетеді. А-Б-дан 3,375 есе жеңіл.
Дене құрылысының орналасу тәртібі /дененің көлденең және тік өлілемінің қатынасы/. В.Б. Бунақтың жүйесі бойынша.
1. долихоморфиялы
2. мезоморфиялы
3. брахиморфиялы
Дене мүшелерін анықтау үшін түлғаның үзындығын мен кеуденің кендігінің қатынастарын қолдануға болады.
Сомототип.
Сымбат: май қабаттары, қаңқа, бұлшық ет, дене мүшелерінен тұрады. Динамикалық жеке дамудағы М.В.Черноруцкийдің жүйесі:
1. Астениялық (долихамофтыда май қабаты жұқа, бұлшық еті бос).
2. Нормостениялық (мезоморфты дене мүшелерінің май қабаттарымен бұлшық еттері орташа).
3. Гиперстениялы (брахиморфты бұлшық еттері күшті, май қабаты біршама).
Дене салмағының май қабаты көкірек клеткасын үлкейтіп астениялыдан гиперстениялыққа дейін ерлерде де, әйелдерде де жас ерекшеліктеріне қарай алынған.
Жас ерекшелігіне қарай қозғалыс әрекетін қалыптастыратын белгілі тәртіп бар (ойыншықты қолға ұстап үйрену, отыру, тұру, белгілі бір уақыттан соң оған үйреткен, үйретпегеніне байланысты емес).
Әсіресе өмірінің бірінші жылында адамдарға қарағанда жануарлардың тәрбиесінде қозғалыс қасиетін сезіну (сенситивные) кезеңі тез қалыптасады (ұрпақтан ұрпаққа қалай берілсе, солай тәрбиеленеді). Қозғалыс мүмкіндігінің даму кезеңі қыздарда 9-12 жаста, үлдарда бір қалыпты, жылдам дамыған қозғалыс қасиеті, есею кезеңінде белгіленеді. Бұлшық ет күші 10-12 жас (қыз балаларда), 13-14 жас (ұл балаларда).
