- •Биомеханика пәніне кіріспе.
- •Қозғалтқыш аппарат биомеханикалық жүйе ретінде.
- •Адам қозғалысының биомеханикалық сипаттамасы.
- •Рычаг және маятник тәрізді бөліктері.
- •Сүйек пен буындардың механикалық қасиеті
- •Биомеханикалық тест және оқытушының бағалауы.
- •Тесттің сапасы
- •Педагогикалық бағалау
- •Адамның қимыл-әрекетін оқытатын механиканың заңдары және оны қолдану негіздері.
- •Қозғалыстың негізгі кинематикалық шарасы, шапшаңдық және жылдамдық.
- •Механиканың үш заңы.
- •Күш сапасының биомеханикалық мінездемесі.
- •Жеке қозғалыстың жылдамдығы.
- •Қозғалыс жиілігі.
- •Әрекеттің латентті уақыты.
- •Күштің өзгеру жылдамдығы немесе күш градиенті (кг)
- •Қозғалыс әрекетінің биомеханикалық аспектілері.
- •Дифференциалды биомеханика.
- •Қозғалыс жасын белгілеу теориясы.
- •Жеке биомеханика
- •Жүру мен жүгірудің кинематикасы. Жұмыс істететін бұлшық еттердің топографиясы.
- •Жүру мен жүгірудің динамикасы.
- •Өзін-өзі тексеруге берілген тапсырма.
- •Жүру мен жүгірудің энергетикасы.
- •Суда жүзу биомеханикасы.
- •Жүзу кинематикасы.
- •Жұмыс істейтін бұлшық еттерінің топографиясы.
- •Жүзу энергетикасы.
- •Еңбек пен спорттағы кейбір қимылдарды талдау.
- •Жүгіріп ұзындыққа секіру.
- •Дене қалпының тәнтанулық сипаттамасы.
- •Бұлшық еттердің биодинамикасы.
- •Бұлшық ет жұмысының көптүрлілігі.
Жұмыс істейтін бұлшық еттерінің топографиясы.
Дәріс жоспары:
Жұмыс істейтін бұлшық еттерінің топографиясы.
Жүзу энергетикасы.
Қолмен және аяқпен есуді мына жағдайларда пайдалы қолдануға болады, егер жүзушінің кеудесі тепе-теңдігін сақтаған және денесі сырғанақты мықты бір конструкцияны құраса.
Бұған құрсақ және арқа бұлшық еттерінің мықты жұмысының арқасында қол жеткізуге болады. Ал кеуденің басқа бұлшық еттері қол басының бүгілуін қамтамассыз ететін бұлшық еттер, кроль тәсілімен жүзген кезде өте қаурыт жұмыс істейді. Брасс тәсілімен жүзген кезде аяқ бұлшық еттері негізгі жұмысты атқарады.
Спорттық жүзу кезінде шеңберге ұқсас қимыл жасап есу әрекетін жасайтын қол бұлшық еттеріне де айтарлықтай ауырлық түседі.
Әр түрлі фазаларда қандай бұлшық еттер негізгі жұмысты атқаратыны көрсетілген.
Жүзу энергетикасы.
Су кедергісінің тәуелді күштері, жүзушінің жеңуге тиісті негізгі күштері судың тығыздығы, ауа тығыздығынан 800 есе жоғары, ал суда жүзу, өте көп күш шығынын талап етеді, бұл адам локамациясының ең үнемді түрі болып табылады.
Механикалық тиімді коэффициент (пайдалы әрекет коэффициенті сияқты), жүзушіде 1-5% құрайды, бұл жүзушініц шеберлігі артқан сайын жоғарылай түседі. Бұл коэффициент локамациясынын, жер бетіндегі көрсеткішінен (20-40%) және теңіз жанауарлары балықтардан көп төмен. Мысалы жасыл тасбақада, форельде және алтын балықта 10,14,40% құрайды. Аяққа ласта киіп жүзген кезде механикалық тиімділік коэффициенті, ласта кимей жүзгеннен анағұрлым жоғары 17%,
Бұл дәлелдер су ішіндегі адам қозғалысы әдістерінің: қолданылмаған үнемдеулерінің мол қоры, бар екендігін паш етеді. Халықаралық деңгейдегі Жүзушінің 1 метр жолға жүмсаған энергетикалық құны, қарапайым жүзушіден 40% төмен. Брасс тәсілін жаңа меңгергендерге (қозғалыс жылдамдығы 0,3-0,5м/с) кроль тәсіліне қарағанда 30% үнемді екен. Жүзуді тиімді ету (оптимизация) жүзушінің техникасы мен әдістеріне қойылатын негізгі талаптар динамикамен жүзу энергетикасының заңдылықтарына сүйенеді.
Ең негізгі ортақ талап, ол алға тартылу күшін үлкейтіп, оған кедергі жасап тоқтауға тырысатын күштерді азайту керек.
Тарту күшін көбейту жүзушінің қолымен есу және аяқпен итерілу (брасс) кезінде сумен әрекетке түсетін дене мүшелерінің күшін көбейту арқылы қол жеткізуге болады. Бүкіл есу сызылатын уақыт аралығында, қол су ішінде үнемі қозғалыста болуы керек, осының арқасында жақсы жүзуші "судан тірек тапқандай" әсер алады.
Егер жүзуші мәре сызығын кесіп өткенге дейін жеткілікті мөлшеерде энергиясын сақтай білсе, ол бүкіл қашықтық бойы жоғарғы деңгейдегі тартылу күшін сақтай алады. Қозғалыс өнерінің ішінде — жүзуде энергияның өте көп жұмсалынатын түрі анықталған.
Сол үшін:
1. Артық қимыл әрекетті азайту керек.
2. Ең тиімді қозғалыс екпінін таңдау, бірақта әрбір жүзушінің әр жүзу жылдамдығында өзіндік қозғалыс екпіні болады:
3. Тоқтату күшінің көлемін азайтуға тырысу.
4. Бұлшық еттердің пайдасыз жұмыс істеуін жою.
Жүзу кезінде басқа бірде-бір спорт түріндегідей емес, алға қозғалу кезінде жұмыс істемейтін бұлшық еттердің емін ерікін жағдайын келтіру маңызды орын алады.
Мысалы кроль тәсілімен жүзу кезінде су бетімен қолды алып өткен кезде қол бұлшық еттері барынша емін-еркін қалпын сақтау керек. Сондай-ақ брасс тәсілімен жүзген кезде, сырғанау фазасы кезінде (спорт жарысы кезінде бұл барынша қысқартылады), көптеген бұлшық етгер емін-еркін болады. Тежеу күштерінің ішіндегі ең үлкендері судың маңдай алды қарсылық күші және құйын тұрғызғыш қарсылық осы екі күште шабуыл бұрышын азайтқан кезде кеми түседі. Шабуыл бұрышы дегеніміз дененің ұзына бойымен қозғалыс бағытының арасындағы бұрыш.
Шабуыл бұрышы кем болған сайын;
1. Дене минделі және осының салдарынан маңдай алды қарсылық күші кем болады.
2. Су ағысының дене бетінен ажырауы және осының салдарынан құйын тұрғызғыш қарсылық күші кеми түседі.
Сондықтан да жүзуші өз денесінің қозғалыс бағытына қарай барынша көлбеу орналасқанын таңдау керек. Д. Каунсилменнің сөзімен айтқанда "Маңдай алды қарсылық және құйын тұрғызғыш қарсылық күшін, жүзушімен судың арасындағы үйкеліс кедергісіне ауыстыруға болады", бұл салыстырмалы түрде онша үлкен емес, Тәжірибесі аз жүзушілер өте төмен жылдамдық көрсетеді, өйткені көбіне олардың денесі нашар сырғанау жағдайында болып, өзінің соңынан судың өте үлкен массасын алып жүріп су құйынын тұрғызады.
Пайдасыз энергия шығынын азайту үшін циклді жылдамдық ауытқуын азайту керек. Ол брасс тәсіліне қарағанда, король тәсілінде аздау. Бұған қол жеткізу үшін брасі тәсілінде аяғымен тынымсыз жұмыс істеуі керек және кроль тәсілімен жүзушінің бір қолы итеру әрекетін бітірмей жатып, екінші қолы есу әрекетіне кіріседі.
Осы айтылғандардың барлығы, брасс тәсілне қарағанда, кроль тәсілінің жылдамдығы жоғары екендігін көрсетеді. Кроль тәсілімен жүзуде қабылданған қозғалыс әрекетінің кинематикасы, маңдай алды қарсылық күші мен құйын тұрғызғыш қарсылық күші дене мүшелерінде, үдететін және тоқтататын күштердің инерциясын азайтуға қол жерткізеді.
Дәріс № 13.
