- •Биомеханика пәніне кіріспе.
- •Қозғалтқыш аппарат биомеханикалық жүйе ретінде.
- •Адам қозғалысының биомеханикалық сипаттамасы.
- •Рычаг және маятник тәрізді бөліктері.
- •Сүйек пен буындардың механикалық қасиеті
- •Биомеханикалық тест және оқытушының бағалауы.
- •Тесттің сапасы
- •Педагогикалық бағалау
- •Адамның қимыл-әрекетін оқытатын механиканың заңдары және оны қолдану негіздері.
- •Қозғалыстың негізгі кинематикалық шарасы, шапшаңдық және жылдамдық.
- •Механиканың үш заңы.
- •Күш сапасының биомеханикалық мінездемесі.
- •Жеке қозғалыстың жылдамдығы.
- •Қозғалыс жиілігі.
- •Әрекеттің латентті уақыты.
- •Күштің өзгеру жылдамдығы немесе күш градиенті (кг)
- •Қозғалыс әрекетінің биомеханикалық аспектілері.
- •Дифференциалды биомеханика.
- •Қозғалыс жасын белгілеу теориясы.
- •Жеке биомеханика
- •Жүру мен жүгірудің кинематикасы. Жұмыс істететін бұлшық еттердің топографиясы.
- •Жүру мен жүгірудің динамикасы.
- •Өзін-өзі тексеруге берілген тапсырма.
- •Жүру мен жүгірудің энергетикасы.
- •Суда жүзу биомеханикасы.
- •Жүзу кинематикасы.
- •Жұмыс істейтін бұлшық еттерінің топографиясы.
- •Жүзу энергетикасы.
- •Еңбек пен спорттағы кейбір қимылдарды талдау.
- •Жүгіріп ұзындыққа секіру.
- •Дене қалпының тәнтанулық сипаттамасы.
- •Бұлшық еттердің биодинамикасы.
- •Бұлшық ет жұмысының көптүрлілігі.
Педагогикалық бағалау
Педагогикалық бағалау - бұл тестің қорытындысы тестің бағасын қорытындылауда, педагогикалық бағалау қажет себебі, биомеханикалық бақылау жүргізу үшін адамның жынысына және жасына, денсаулығына, ауаның температурасы және де басқа жағдайлардың көрсеткіштері әсер етеді.
Педагогикалық бағалау шкаласын жасау-көп жұмысты қажет етеді. 10-18 жастағы жас өспірімдерді тестпен бағалау үшін, әрбір сегіз жас аралығындағы топтардан 100-200 адамнан алынады. Осы топтардың әрқайсысы жаттығуды кемінде екі рет жасап шығуы керек, бұл көп уақыт және көп жұмыс талап етеді.
Дәріс №5.
Адамның қимыл-әрекетін оқытатын механиканың заңдары және оны қолдану негіздері.
Дәрістің жоспары:
Адамның қимыл-әрекетін оқытатын механиканың заңдары.
Қозғалыстағы негізгі жүйе жобасы.
Қозғалыстың негізгі кинематикалық шарасы.
Шапшаңдық және жылдамдық.
Механиканың үш заңы.
Қозғалыс және тыныштық жөнінде түсінік механикалық қозғалыстың көптүрлілігі және мінездемесі.
Кинематика. Қозғалыстың негізгі кинематикалық өлшемі.
Динамика. Күш туралы түсінік, күштің көптүрлілігі, механиканың негізгі үш заңы, олардың іс жүзінде қолданылатын мәні.
Статика. Дененің тепе-тең жағдайы рычаг тепе-теңдігінің жағдайы. Рычаг иіні, күш иіні, күш моменті.
Жұмыс және энергия, механикалық жұмыс және оның биомеханикалық мінездемесі. Энергия, механикалық энергияның мөлшері. Қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы және «күш құны» жылдамдық. Қуаттылық және оның сандық көрсеткіші. Адам организмнің энергиялық шығыны. Өнімді механизм туралы түсінік.
Адамның кеңістіктегі қозғалысын сипаттау үшін, механикалық себептерін анықтау және оларды тудыратын қозғалыс заңдылықтарын бекітіп, қозғалыс мүмкіндігінің шешуші жетілген көрсеткішін механика заңдарының тұрғысында бағалау, мысалыға қозғалыс және тыныштық, бағыт амплитудасы, жылдамдық, удеу, күш, салмақ, жұмыс биомеханикалық зерттеулердің негізі болып табылады. Табиғаттағы кез келген дененің қалпы, оның ішінде адамның денесі, механикалық көзқарас бойынша екі күйде болады. Тыныштықта немесе қозғалыста.
Механикадағы қозғалыс берілген дененің, басқа бір денемен салыстырғанда қалпының өзгеруі. Тыныштықты, қозғалыстың бір жеке жағадайы деп қарастыруға болады,берілген дене қоршаған басқа денелермен салыстырғанда өзгеріссіз қалады. Мысалыға аудиторияда отырған студент тынышытық жағдайда болады, бірақ ол дәл сол уақытта келесі қозғалыстарға қатысады.
Бәрімен бірге отырып, ол жер шары өсінен сагатына 835км/сағ. Жылдамдықпен айналады.
Жер шарымен бірге шамамен 108000км/сағ.Жылдамдықпен күнді айналады.
Күн системасымен бірге, әлем кеңістігін одан да үлкен жылдамдықпен айналады.
Берілген дененің қозғалысы, басқа бір денемен салыстырғандағы өзгерістерніне қарай байқалады, мысалыға суда жүзген дененің қозғалысы судың ағысымен жүзген жүзішумен жағалауда қалған бақылаушы үшін әр түрлі. Бір дененің қозғалысы, шамамен қозғалыссыз деп алған келесі бір дененің қозғалысымен қосылады. Мысалыға ағыспен жүзген жүзушінің қозғалысын «сал үстінен» және «жағалауда» тұрып бақылау екі түрлі көрініс береді.
Бір дененің қозғалысы шамамен қозғалыссыз деп алынған келесі бір дененің берілген жүйесіне салыстырмалы анықталады.
Біріншісі-қозғалыс жүйесінің жобасы деп аталады, ал екіншісі – жобаның негізгі жүйесі.
Механикада қозғалысты: салыстырмалы, ауыспалы, нақтылы немесе нәтижелі деп бөледі. Дәлірек түсіндіру үшін бірнеше мысал келтіреміз.
Қозғалушы дене жобаның қозғалыстағы жүйесіне салыстырмалы («а» салыстырмалы «б» болса, ол салыстырмалы қозғалыс деп аталады)
Қозғалыс жүйесі жобасының қозғалысы, жобаның негізгі жүйесіне салыстырмалы («б» салыстырмалы «в») ауыспалы қозғалыс деп аталады.
Дененің қозғалысы жобаның негізгі жүйесіне салыстырмалы болса, («а» салыстырмалы «в») абсолютті немесе нақтылы қозғалыс деп аталады.
Нақтылы қозғалыста алу үшін салыстырмалы және ауыспалы қозғалыстарды, қосу керек. Жүйелік жобаға, дене жобасы кіреді, санақтың басталуы мен бағыты. Әдетте бұл үшін тік бұрышты координата жүйесі қолданылады. Есеп басы координаттың басынан басталады, есептің бағыты координата өсінің бойымен алынады артқа қарай Х өсінің бойымен алынады, көлбеу бойымен оңға солға қарай Z өсінің бойымен алынады және тігінен жоғары төмен Y өсінің бойымен алынады.
2.Кинематика. Қозғалыстың себеп-салдарын анықтамай, оқытып суреттейтін механиканың тарауы кинематика деп аталады. Кинематика дене қозғалысын, екі қарапайым топқа бөледі-үдемелі және айнымалы.
Адамның ішінен ойша жүргізілген кез-келген сызық өзіне-өзі параллель орын алмасқан қозғалыс үдемелі қозғалыс деп аталады. Адамның үдемелі қозғалысына мысал: ашылған паращютпен желсіз ауада секіру, мұнарадан жауынгерлік қалыпта суға секіру, тік тұрып таудан төмен қарай шаңғымен сырғу, мұз айдынында конькимен «қарлығаш» немесе «пистолет» күйін сақтап сырғу.
Дененің айналмалы қозғалысы. Мұндай қозғалыстар кезінде дененің барлық нүктелері айналу өсінен айналдыра шеңбер сызып шығады.Бұл шеңберлер айналу өсіне тік бұрыш жасай параллель жазықтарда жатады. Мұндай да айналу өсі жазықтыққа араласып кетпейді. Айналу өсінің бұрышынан өтетін кез келген түзу, өзіне-өзі параллель бола алмайды. Адамның айналмалы қозғалысына сермеу, снарядты айналдыру конькиді мәнерлеп тебуде «зырылдау» және т.б Буындардағы қозғалыстар барлық уақытта айналмалы қозғалыстар жасайды.
Үдемелі және айналмалы қозғалыс бір мезгілде жасалса, күрделі қозғалыс болады. Адамның көптеген қозғалысы күрделі қозғалыстардан түрады, мысалыға денені, басты тік үстап, жүрелеп отырып тұру, аяқ буыныңдағы айналмалы қозғалыстың көмегімен, тұлға мен қол жоғары-төмен үдемелі қозғалады; бокста жұдырықталған саусақтар, иықтың ірі буындарында жасалатын айналмалы қозғалыстардың көмегімен үдемелі қозғалады. Жүгіргенде бас пен тұлға үдемелі,ал аяқ қолдар айналмалы қозғалыстар жасайды. Дененің үдемелі қозғалысында жолдың көлемі, сызықтық бірлікпен (сантиметр,метр) анықталады. Айналмалы қозғалыста, қозғалыстың жолы бұрылыс бұрышымен, градус және айналу санымен анықталады. Адам қозғалысының уақытша мінездемесін, жасалған барлық жаттығулардың ұзақтығымен беруге болады. (мысалыға жеңіл атлеттердің белгілі-бір арақашықтықты жүгіріп өту уақыты, шаңғышыларда, конькишілерде т.б.), жаттығудың жеке бір бөліктерінің ұзақтығы (мысалыға, екпін, соққы, қалықтау және жерге түсу). Циклді жаттығуларда қайталанатын қозғалыстардың ұзақтығы (жүруде қос қадам, жүзудегі есу, ескек есу т.б.). Жаттығудың бір бөлігінің немесе бір кезеңінің ұзақтығы, ырғақты қозғалыстың бір жағын құрайды. Циклді жаттығуда қайталанатын қозғалыстың ұзақтығы,осы қозғалыстардың екпінімен жиілігін анықтайды.
