Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бх мазмуны жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
666 Кб
Скачать
☆

19. Күрделі липидтердің түрлері (атаңыз). Сфинголипидтер, молекулаларының құрылысы мен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.

Липидтер - барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Күрделі липидтер,— белоктармен (липопротеидтер), углеводтармен (гликолипидтер), ортофосфор қышқылының туындыларымен (фосфолипидтер) немесе көпатомды спирттермен (глицирин — глицерофосфатидтер, сфингозин — сфинголипидтер) қосылған құрамдар. 

Сфинголипидтер – фосфолипидтермен бірге сфинголипидтерде клетка мембранасының барлық түрінен табылған. Сфинголипидтердің фосфолипидтерден айырмашылығы құрамында – глицерин болмайды. Сфинголипидтердің 4 түрі бар:

  1. фосфосфинголипидтер; 2) цереброзиттер; 3) ганглиозидтер; 4) сульфолипидтер.

Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар-гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде – сфингозин бар. Сфингозин қанықпаған – аминоспирт. Оның көміртегі тізбегі ұзын:

CH3-(CH2)12-CH=CH-CH-CH-CH2-OH

OH NH2

Алғашқы сфинголипидтер деп церамидті санаған. Ол сфингозиннен және моноқанықпаған май қышқылынан (олеин қышқылынан) амидтік байланыстың көмегімен түзіледі. Қантты, аминқанттарды, фосфат туындыларын және басқа да бөліктерді қосып алу арқылы церамидтен фосфолипидтердің барлық төрт тобы түзіледі.

Сфинголипидтердің түрлері:

Фосфосфинголипидтер- церамидтер туындысы, сфингозин құрамындағы алғашқы спирттік топ фосфат туындыларымен қосылып, мұнда этерленген. Әсіресе көп таралған фосфосфинголипид – церамидтен және фосфохолиннен құралған сфингомиелин. Сфингомиелин көпшілік клеткалардың мембрана құрамына кіреді.

Цереброзиттер- сфинголипидтердің ішіндегі ең қарапайымы, церамидтен және қанттың бір қалдығынан құралады. Церамидтер құрамында олеин қышқылының басқада жоғары молекулалы май қышқылы болуы, мысалы, старерин қышқылы тканінде кездеседі. Басқа тканьдерде көбінесе құрамында глюкоза бар цереброзиттер кездеседі.

Ганглиозидтер- күрделі цинголипидтерге жатады. Ол мынандай бөліктерден тұрады: церамид, глюкоза, галактоза, N-ацетилгалактоза мен сиал қышқылы. Ганглиозидтер қысқарған түрде мынандай әріптермен белгіленеді: Gм, Gд, Gт және сол сияқты цифрлық индекс жалғанады. М,Д,Т (моно-, ди-, три) әріптері G ганлиозид молекуладағы сиал қышқылдары қалдықтарының санын көрсетеді. Ганглиозид формуласында берулген (бета)-қанттардағы β-гликозидтік байланысты көрсетеді.

Сульфолипидтер- құрамында ковалентті байланысқан күкірт бар. Сульфолипидтерге мидан бөліп алынған церерозидсульфат жатады. Бұл сфингозиннен, галактозадан, цереброн қышқылынан және күкірт қышқылынан құралады.

20. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, түрлері. Нуклеотидтер мен нуклеозидтер. Рнқ және днқ молекулаларының құрамдық және құрылымдық ерекшеліктері.

Нуклеин қышқылдары – нуклеотид қалдықтарын тұратын жоғары молекулалы органикалық қышқылдар. Нуклеотидтер пуриндік немесе пиримидиндік негізден, пентозадан және фосфор қышқылынан құралады. Нуклеин қышқылының құрамына кіретін пурин негіздерінің ішінде әсіресе аденин мен гуанин, пиримидин негіздерінің ішіндегі әсіресе маңыздысы – урацил, тимин және цитозин.

Азотты негізден және пентозадан құралған қосылыс нуклеозид деп аталады. Егер нуклеозид құрамына дезоксирибоза кірсе, ол дезоксирибонуклеозид, ал нуклеотид құрамында дезоксирибоза болса – дезоксирибонуклеотид деп аталады.

Азотты негіз, пентоза және фосфор қышқылы бір-бірімен өзара қосылып, нуклеотид құрайды. Олардың өзара жалғасу реті әрқашан тұрақты.

Мыңдаған мононуклеотидтер полимерленеді де, нуклеин қышқылдарының макромолекуласын түзеді, оларды полинуклеотидтер дейді.

Дезоксирибонуклеотидтерден тұратын нуклеин қышқылдарын дезоксирибонуклеин қышқылы деп, егер ондай қышқыл рибонуклеотидтерден құралса, рибонуклеин қышқылы деп аталады.

ДНҚ және РНҚ молекулалары өздеріне сәйкес нуклеотидтерден құралып, полинуклеотидтік тізбектер түзеді. Нуклеотидтер бір-бірімен фосфодиэфир көпірімен байланысқан. Бір нуклеотид пентозасының 5’- гидроксил тобы келесі нуклеотидтің пентозасының 3’ – гидроксил тобымен қосылған. Осылай нуклеотидтер арасында фосфодиэфирлік көпір пайда болады және нуклеин қышқылының негізгі тізбегі – фосфат-пентоза-фосфат-пентоза түзіледі. Пентоза бүйіріне әртүрлі азотты негіздер байланысады. Ұзын полинуклеотидтік тізбек бойында негіздердің рет-ретпен орналасуын нуклеин қышқылының біріншілік құрылымы деп аталады.

ДНҚ құрамына азоттық негіздер аденин, гуанин, цитозин және тимин кіреді. Азоттық негіздер, дезоксирибоза және фосфор қышқылы үшеуі 4 дезоксирибонуклеотид түзеді, бұлар ДНҚ-ның мономерлі тізбегі болып табылады.

ДНҚ құрылымының теориясын Уотсон мен Крик анықтады. Олардың теориясы бойынша, ДНҚ молекуласы кеңістікте параллель орналасқан қос қабат спиральға ұқсайды. Бұл ДНҚ молекуласының екіншілік құрылымы. Екі полинуклеотид тізбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азотты негіз арқылы байланысқан. Азотты негіздер спиральдың ішіне орналасқан, ал пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы жағына қарай бағытталған.

Қос байланыста азотты негіздер ковалентті байланыспен қосылмайды. Олар бір тізбекте пуриндік негіздер, екінші тізбекте пиримидиндік негіздер арасында туатын сутектік байланыстар арқылы жалғасады. Сутектік байланыстар бір негіздің амин тобы мен екінші тізбектегі карбонил тобы арасында туады.

Хромосомадағы ДНҚ-ның қос қабат спиралі белоктармен иондық байланыс арқылы жалғасқан. Бұл – ДНҚ молекуласының үшінші реттік құрылымы.

РНҚ химиялық құрамы жағынан ДНҚ-ға ұқсайды, тек РНҚ молекуласында дезоксирибоза орнында рибоза болады, ал тимин урацилмен алмастырылған. ДНҚ-дан айырмашылығы – РНҚ түрлерінің бәрі бір тізбек түрінде түршілік етеді. РНҚ-ларда да екіншілік құрылым болады. Бірақ ол ДНҚ молекуласындағы сияқты емес, нашарлау түзіледі. РНҚ молекуласының кейбір учаскелерінде азотты негіздер бұрылып, екі тізбекті конформация бере алады, оны РНҚ молекуласының екіншілік құрылымы деп атайды.