- •2. Белоктардың классификациясы: жай және күрделі белоктар. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар. Белоктардың табиғаттағы атқаратын қызметін, мысалар келтіре отырып көрсетіңіз.
- •3Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері, ерігіштігіне байланысты олардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •4.Белок молекуласының құрылымдық деңгейлері. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы. Құрылымдық деңгейлерін қамтамасыз ететін химиялық байланыстардың түрлерін сипаттаңыз.
- •5. Белоктарды бөліп алу, тазарту әдістерінің схемасын келтіріп, түсініктемесін жазыңыз.
- •6.Ферменттер, функциялары. Ферменттердің құрылысы. Бір- және екі компонентті ферменттердің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •Ферменттің белсенді орталығы,Ферменттердің өзіндік әсер етуі(мысалдар).Коферменттердің рөлі,олардың түрлерін мысалдармен көрсетіңіз.
- •8.Ферменттік реакцияның жүру механизмі. Ферменттік реакциялардың түрлері(тура және кері реакция). Әртүрлі факторлардың ферметтік реакцияға әсерін көрсетіңіз.
- •9.Ферменттердің белсенділгі ,ферменттік реаксиялардың күшейткіштері (активаторлар) мен тежегіштер (ингивиторлар) тежегіштіктің тиіптпрін түсіндіріңіз ,бәсекелестік , бәсекелестік емес ,бәсекелессіз .
- •10.Ферменттердің классификациясы,мысалдар келтіре отырып әр кластың қысқаша сипаттамасы.
- •11.Моносахаридтер, құрылысы, физикалық – химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12.Дисахаридтер,құрылысы:тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын қанттар.Химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Полисахаридтер, құрылысы: гликоген, крахмал және целюлозаның құрылысымен атқаратын қызметітеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Жай және күрделі қанттар. Негізгі өкілдерін және олардың биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •15. Қарапайым липидтер, молекулалық құрамы мен құрылымы, түрлері. Қарапайым липидтердің биологиялық рөлін сипаттап жазыңыз.
- •16. Майлардың физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері (гидролиз, гидрогендеу, тотығу, асқын тотығып ашу реакциялары) сипаттайтын реакцияларды жазыңыз.
- •17.Май құрамындағы май қышқылдарының түрлері,молекулаларының құрылымы мен физикалық қасиеттерінің арасындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.
- •18. Күрделі липидтердің түрлерін атаңыз. Фосфолипидтер, молекулаларының құрылысымен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •19. Күрделі липидтердің түрлері (атаңыз). Сфинголипидтер, молекулаларының құрылысы мен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •20. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, түрлері. Нуклеотидтер мен нуклеозидтер. Рнқ және днқ молекулаларының құрамдық және құрылымдық ерекшеліктері.
- •21.Рнқ түрлері,атқаратын қызметі,клеткадағы олардың салыстырмалы мөлшері,молекулаларының құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
- •22.Днқ молекуласының құрылысы. Уотсон - Крик моделі. Комплементалық принцип пен Чаргафф ережесін көрсетіп жазыңыз.
- •26. Амин қышқылдарының активтенуі.Белок синтезіндегі тРнқ-ның және аминоацил т-рнқ синтетазаның рөлі туралы толық мәлімет беріңіз.
- •27).Трансляция стадиялары: инициация, элонгация, терминация. Полипептидтік тізбектің түзілуі. Энергия көзі. Белок синтезінің тежегіштері
- •33.Гликолиз,биологиялық маңызы аралық өнімдері мен энергияның түзілуі.Анаэробты ыдырау түрлері,биологиялық маңызы туралы нақты мәлімметтер келтір.
- •34.Тыныс алудың анаэробты сатысы (Кребс циклын қоса отырып) биологиялық маңызын көрсетіңіз,түзілетін энергия мөлшерін анықтаныз.
- •36.Липидттердің катобализмі,ыдырау жолдары (жалпы мәлімет),гидролиз өнімдерінің қарқынды және ішекте сіңірілуіндегі өт қышқылдарының рөлін көрсетіңіз .
- •37.Қанныққан май қышқылдарының β тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жаз.
- •38. Қанықпаған май қышқылдарының β-тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жазыңыз.
- •40.Гликолиз және глюконеогенез процестерінің реакцияларын салыстыра отырып , гликогеннің ыдырауы мен синтезін талдаңыз.
- •41.Гликогеннің (крахмалдың )глюколиз жолымен ыдырауы,түзілетін аралық өнімдері мен энергия мөлшері
- •42.Оксидоредуктаза мен изомераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
- •43.Гидролаза мен трансфераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
6.Ферменттер, функциялары. Ферменттердің құрылысы. Бір- және екі компонентті ферменттердің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.
Ферменттер – организмде өтіп жатқан барлық зат алмасу реакцияларын, олардың қызметін, әрбір клетканың және тұтас организмнің әрекет байланыстарын реттейді.
Фермент – организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші белоктық зат, биологиялық катализатор. Ферменттер өздері катализдейтін реакцияларға байланысты келесі топтарға бөлінеді, бұл топтар ферменттердің қызметтерін айқындайды.
Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Трансферазалар – реакцияларда жеке атомдық топтарды тасымалдау.
Гидролазалар – судың қосылуымен химиялық байланыстарды үзу.
Липазалар – субстратты гидролиздік емес жолмен ыдыратып, қос байланыс түзу және керісінше реакциялар.
Изомеразалар - молекула ішіндегі өзгерістерді катализдеп, изомер түзу.
Лигазазалар – АТФ энергиясы арқылы екі әр түрлі қосылыстың конденсациясын катализдеп, С-С, С-O, C-N, C-S байланыстарын орнату.
Химиялық құрамы бойынша ферменттер екі топқа бөлінеді: қарапайым және күрделі.
Қарапайым ферменттер гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді: рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин т.б.
Күрделі ферменттер екі бөліктен: белоктық және белоктық емес бөліктен тұрады. Ферменттердің белоктық бөлігі – апофермент деп, ал белоктық емес бөлігі простетикалық топ немесе кофактор деп аталады. Апофермент кофакторсыз активті болмайды. Күрделі ферменттердің кофакторлары металл иондары немесе белоктық емес органикалық заттар. Мұндағы металл иондары активаторлар деп аталады: Na+, K+, Fe2+, Co2+ т.б.
Кофактор белоктық емес зат болғандықтан кофермент деп аталады. Ферменттің мықты байланысқан кофакторы – простетикалық топ. Көптеген ферменттердің активтігі үшін екі фактордың да – металл иондарының да, простетикалық топтың да болуы қажет.
Коферменттер – төменгі молекулалы заттар, олар жоғары температураға төзімді келеді және белоктық бөлігінен оңай ажырайды. Көптеген коферменттер витаминге жатады немесе витаминдер туындысы болып табылады: тиаминпирофосфат, никотинамидті коферменттер. Витаминдік емес коферменттер де бар: металлпорфириндер, нуклеотидтер, пептидтер.
Ферменттің құрамында белгілі бір кофактордың болуына байланысты ферменттер бір және екі компонентті болып бөлінеді. Күрделі белоктардың бір түрі ретіндегі 2 компонентті ферменттер(холоферменттер) белокты бөліктен(апоферменттен) және простетикалық топтан(коферменттен) тұрады. Протетикалық топ ферменттік реакцияға тікелей қатысады. Ал белокты бөлік ферменттің белсенділігін арттырады.
Біркомпонентті ферменттер – белсенділігі негізінен құрамындағы аминқышқылдарының орналасуына байланысты болатын кристалды белоктор.
Ферменттің белсенді орталығы,Ферменттердің өзіндік әсер етуі(мысалдар).Коферменттердің рөлі,олардың түрлерін мысалдармен көрсетіңіз.
Ферменттің активті орталығы-фермент молекуласының субстратпен тікелей жанасып жатқан бөлігі.Ферменттің активті орталығы субстратпен байланысуға және ыдыратып өзгертуге міндетті.Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі.Күрделі ферменттерде активті орталыққа амин қышқылдарынан басқа металл иондары мен коферменттер кіреді.Олар катализ процесінде маңызды қызмет атқарады.Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілетті топтары бар мынадай амин қышқылдары кездеседі.1.цистеин,оның құрамында сульфгидильдік топ SH-бар,2.Серин,оның құрамында гидроксильдік топ-ОН бар,3.Гистидин,құрамында имидазол сақинасы бар,4.аспарагин қышқылы мен глутамин қышқылы-СООН бар,5.триптофан-индол бар,6.гидрофобты амин қышқылдары.Активті орталық фермент молекуласының бетіндегі шағын ғана бөлік.Ферменттегі а.қ. қалдықтарының үлкен бөлігі орталық активтілігіне әсер етпейді.Активті орталық нүктеде емес,сызықшаға да ұқсамайды,кеңістіктік пішінді,ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке а.қ.-ның өзара жақындасуынан пайда болады.Мәселен,химотрипсиннің активті орталығын қарастырайық.Оның молекуласы 241 а.қ. қалдықтарынан тұрады.Мұның молекуласында сериннің 26 қалдығы бар,ал катализдік активтілік үшін олардың біреуі жеткілікті.Химотрипсиннің ферменттік активтілігіне маңыздылар:Гис-57,Асп-102,Сер-195.Гистидин сутектік б-с арқылы серинмен,аспарагинмен жалғасады.Осының нәтижесінде полипептидтік тізбектегі жеке учаскелер жақындасады,екіншілік және үшіншілік құрылым түзеді,фермент активті болады.Суббөліктен тұратын ферментте активті орталық біреу ғана емес,екеу және одан да көп болады.Мысалы бауырдың алкогольдегидрогеназа ферменті мырыштың екі атомынан және НАД+ тың екі молекуласынан тұрады,активті орталығы да екеу.Ферменттегі осы активті орталықтың әр қайсысының өзіне тән катализдік активтілігі және тиісті әсері бар.Ферменттің активті орталығы 2 бөліктен тұрады:адсорбциялық,каталиттік.Адсорбциялық-субстратты таңдап алуына жауапты активті бөлігі.Каталиттік-каталитикалық процеске қатысатын активті орталық бөлігі.
Фермент
әсері екі стадиядан тұрады.Біріншісінде
фермент пен субстрат арасында комплекс
фермент-субстрат түзіледі.Е+S=ES.Ол
МИхаэлис комплексі деп аталады.Бұл
қайтымды процесс.Реакцияның екінші
сатысында фермент-субстрат комплексі
ыдырайды да,реакцияның соңғы өнімдері
түзіледі,ал фермент босап шығады.Босаған
фермент субстраттың басқа молекулалармен
байланысып,катализ реакциясы әрі қарай
жүре береді.ES--
E+P1+P2
.Фермент әсерінің мынадай ережелері
бар:Реакция барысында фермент құрылымы
өзгермейді.Фермент өте шағын мөлшерде
әсер етеді.Фермент реакция тепе-теңдігін
бұзбайды.Ферменттердің әсер ету
механизмі-ферменттік реакциялардың
әрбір кезеңінен толық жете баяндау.Ферменттің
ерекшелігі-ферменттің өзіне тән
субстратын тануы.Химотрипсиннің
ферментінің әсер ету механизмі жақсы
зерттелген.Оның ферментінің әсер ету
механизмі мынадай.Ферменттің активті
орталығында серин-195 бар,және онда
бүйірлік топ-CH2OH.РЕакцияның басында
фермент пен субстрат аралық комплекс
түзілгеннен кейін серин қалдығындағы
гидроксил топтың оттегі атомы субстраттағы
көміртегінің карбонильдік атомына
шабуыл жасайды.Фермент-субстрат
арасындағы б-с үзіледі.Ацильденген
фермент пен реакция өнімдерінің біреуі
ғана пайда болады.Катализдің 2-ші
кезеңінде су молекуласының қатысуымен
фермент тотықсызданады да,реакцияның
екінші өнімі бөлініп шығады.Реакция
нәтижесінде бөлініп шыққан фермент
келесі катализдік циклды жүргізуге
дайын болады.Коферменттер-құрамында
белок жоқ органикалық қосылыстар,олар
апоферментпен тығыз
байланысқан.Коферменттер-төменгі
молекулалы заттар,жоғары температураға
төзімді келеді,ферменттің белоктық
бөлігінен оңай ажырайды.Көптеген
коферменттер витаминге жатады.Биохимиялық
реакцияларда коферменттер екі түрлі
қызмет атқарады.Күрделі фермент құрамында
субстраттың катализдік өңделіп өзгеруіне
қатысады.Бір субстраттан екіншісіне
электрон,протондарды тасымалдайды.НАД+
және НАДФ+ коферменттерінің активті
бөлігі никотинамид болып табылады,ол
пиридиндік коферменттер деп аталады.Олар
әдетте клеткада бос күйінде болады.1
ферменттен екіншісіне ауысып отырады.Олар
дегидрогеназалардың көпшілігінде тек
катализдік реакция кезінде ғана
ферменттің белоктық бөлігімен
байланысады.НАД+ коферментіне
қарағанда,НАДФ+коферментінде бір фосфат
тобы артық болады,НАД+ пен НАДФ+ здерінің
құрылымы жөнінде жақын қосылыс,бірінен-бірі
түзіле алады,бірақ бірін-бірі алмастыра
алмайды.НАД+ және НАДФ+ коферменттері
гликолиз,клетка тыныстануы,фотосинтез
сияқты процестерде,сол сияқты сүт
қышқылды ашу мен спиртті ашу кездерінде
маңызды қызмет атқарады.ФАД және ФМН
флавиндік коферменттері әр түрлі
апоферменттермен байланысады
да,флавопротеинді ферменттер-флавиндік
дегидрогеназа түзеді.Олардың НАД+ және
НАДФ+ екеуінен айырмасы,катализдік
реакция кезінде ферменттік белоктық
бөлігіне байланысқан күйінде қалады.Сонымен
қатар ТПФ коферменті апоферментпен
байланысып,декарбоксилаза түзеді,ол
кетоқышқылдан көмір қышқыл газдың
бөлініп шығуын катализдейді.
Кобамидтік коферменттер болса өзіне сәйкес апоферменттермен қосылып,кобамидтік ференттер тобын құрайды.Олар метилкобамидті ферменттер трансметилдену процсеін катализдейді.Пиридоксиндік коферменттердің негізі В6 витамині,бұл кофермент құрамына бір-біріне ұқсас 3 қосылыс: пиридоксин,пиридоксаль,пиридоксамин кіреді.Ол үшеуі бір-біріне оңай айналады.Фолаттық коферменттер фолий қышқылының туындысы.Фолаттық коферменттер бір көміртекті топтарды бір молекуладан екіншісіне алмастырып отырады.А коферменті-ацетилдеу коферменті.Бұл кофермент сірке қышқылының қалдықтарын ауыстырып жеткізеді.Оның құрылысы күрделі.А коферменті құрамына пантотен қышқылы витамині кіреді.Липой қышқылы коферменті құрамында дисульфидтік топ бар.Ол топ тотығып,екі сульфгидрильдік топ құрайды да,дигидролипой қышқылына айналады.
Q-коферменті/убихинон/.-барлық
жерде деген мағына береді.Барлық
клеткадан табылған.Убихинон молекуласындағы
бензохинонға бүйірлік изопрен тізбегі
жалғасқан,ондай тізбек 10 ретке дейін
қайталанады.
