- •2. Белоктардың классификациясы: жай және күрделі белоктар. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар. Белоктардың табиғаттағы атқаратын қызметін, мысалар келтіре отырып көрсетіңіз.
- •3Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері, ерігіштігіне байланысты олардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •4.Белок молекуласының құрылымдық деңгейлері. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы. Құрылымдық деңгейлерін қамтамасыз ететін химиялық байланыстардың түрлерін сипаттаңыз.
- •5. Белоктарды бөліп алу, тазарту әдістерінің схемасын келтіріп, түсініктемесін жазыңыз.
- •6.Ферменттер, функциялары. Ферменттердің құрылысы. Бір- және екі компонентті ферменттердің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •Ферменттің белсенді орталығы,Ферменттердің өзіндік әсер етуі(мысалдар).Коферменттердің рөлі,олардың түрлерін мысалдармен көрсетіңіз.
- •8.Ферменттік реакцияның жүру механизмі. Ферменттік реакциялардың түрлері(тура және кері реакция). Әртүрлі факторлардың ферметтік реакцияға әсерін көрсетіңіз.
- •9.Ферменттердің белсенділгі ,ферменттік реаксиялардың күшейткіштері (активаторлар) мен тежегіштер (ингивиторлар) тежегіштіктің тиіптпрін түсіндіріңіз ,бәсекелестік , бәсекелестік емес ,бәсекелессіз .
- •10.Ферменттердің классификациясы,мысалдар келтіре отырып әр кластың қысқаша сипаттамасы.
- •11.Моносахаридтер, құрылысы, физикалық – химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12.Дисахаридтер,құрылысы:тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын қанттар.Химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Полисахаридтер, құрылысы: гликоген, крахмал және целюлозаның құрылысымен атқаратын қызметітеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Жай және күрделі қанттар. Негізгі өкілдерін және олардың биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •15. Қарапайым липидтер, молекулалық құрамы мен құрылымы, түрлері. Қарапайым липидтердің биологиялық рөлін сипаттап жазыңыз.
- •16. Майлардың физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері (гидролиз, гидрогендеу, тотығу, асқын тотығып ашу реакциялары) сипаттайтын реакцияларды жазыңыз.
- •17.Май құрамындағы май қышқылдарының түрлері,молекулаларының құрылымы мен физикалық қасиеттерінің арасындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.
- •18. Күрделі липидтердің түрлерін атаңыз. Фосфолипидтер, молекулаларының құрылысымен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •19. Күрделі липидтердің түрлері (атаңыз). Сфинголипидтер, молекулаларының құрылысы мен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •20. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, түрлері. Нуклеотидтер мен нуклеозидтер. Рнқ және днқ молекулаларының құрамдық және құрылымдық ерекшеліктері.
- •21.Рнқ түрлері,атқаратын қызметі,клеткадағы олардың салыстырмалы мөлшері,молекулаларының құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
- •22.Днқ молекуласының құрылысы. Уотсон - Крик моделі. Комплементалық принцип пен Чаргафф ережесін көрсетіп жазыңыз.
- •26. Амин қышқылдарының активтенуі.Белок синтезіндегі тРнқ-ның және аминоацил т-рнқ синтетазаның рөлі туралы толық мәлімет беріңіз.
- •27).Трансляция стадиялары: инициация, элонгация, терминация. Полипептидтік тізбектің түзілуі. Энергия көзі. Белок синтезінің тежегіштері
- •33.Гликолиз,биологиялық маңызы аралық өнімдері мен энергияның түзілуі.Анаэробты ыдырау түрлері,биологиялық маңызы туралы нақты мәлімметтер келтір.
- •34.Тыныс алудың анаэробты сатысы (Кребс циклын қоса отырып) биологиялық маңызын көрсетіңіз,түзілетін энергия мөлшерін анықтаныз.
- •36.Липидттердің катобализмі,ыдырау жолдары (жалпы мәлімет),гидролиз өнімдерінің қарқынды және ішекте сіңірілуіндегі өт қышқылдарының рөлін көрсетіңіз .
- •37.Қанныққан май қышқылдарының β тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жаз.
- •38. Қанықпаған май қышқылдарының β-тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жазыңыз.
- •40.Гликолиз және глюконеогенез процестерінің реакцияларын салыстыра отырып , гликогеннің ыдырауы мен синтезін талдаңыз.
- •41.Гликогеннің (крахмалдың )глюколиз жолымен ыдырауы,түзілетін аралық өнімдері мен энергия мөлшері
- •42.Оксидоредуктаза мен изомераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
- •43.Гидролаза мен трансфераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
12.Дисахаридтер,құрылысы:тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын қанттар.Химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
Дисахаридтер –
құрамында екі моносахарид қалдығы
бар көмірсулар.
Тотықсызданбайтын (сахароза,)
және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза)
.Дисахаридтер молекулалары өзара оттек
атомы арқылы жалғасқан моносахаридтердің
екі қалдығынан құралады. Молекулалық
формуласы C12H22O11.
Мұнда
моносахаридтердің арасында гликозидтік
байланыс қалыптасады.Табиғатта бос
күйінде 2 дисахарид-сахароза мен лактоза
кездеседі.Сахароза-
-D
глюкоза мен
-
D-фруктоза қалдықтарынан құралады.
Бос
карбонильдік тобы жоқ,сондықтан
дисахаридтің тотықсыздандырғыштық
қасиеті болмайды,Фелинг сұйықтығымен
реакцияласпайды.Сахароза гидролизденгеннен
кейін реакция өнімдерінде тотықсыздандырғыштық
қасиет пайда болады.Сахарозаны әдетте
қант қамысынан алады.Сахароза-бағалы
азықтық өнім,дәмі тәтті,суда жақсы
ериді.Егерде сахароза ерітіндісінде
сахараза ферментін қосса,глюкоза мен
фруктозаның тең молекулалы қоспасы
түзіледі.Ол сахарозадан тәттірек,себебі
бос фруктоза бар.Лактоза-
-
D- галактоза мен
-D
глюкоза молекуласының қалдығынан
құралады.Формуласы:
Лактоза
тотықсыздандырғыш қант.Ол сүт құрамында
болады.Мальтоза-бұл дисахарид крахмал
мен шликогеннің шала гидролизденуі
нәтижесінде алынатын өнім болып
табылады.Ол
-D
глюкозаның 2 молекуласы қалдығынан
құралған.Мальтозадағы гликозидтік
байланыс крахмалдың амилозалық
фракциясында
)
бағытта болады.
Изомальтоза-мальтоза
сияқты бірақ құрылым формуласының
айырмасы мұндағы гликозидтік байланыстың
табиғаты біршама басқаша,
)
болады.Изомальтоза крахмалдың және
гликогеннің амилопектиндік фракциясына
кіреді.Целлобиоза-целлюлозаның шала
гидролизінің өнімі.Бұл дисахарид
D-глюкозаның 2 молекуласы қалдығынан
құралғанмен,мальтоза мен излмальтозаға
қарағанда гликозидтік байланысы
басқаша-
-
(
).
-гликозидтік
байланысты үзетін ферменттер -
-гликозидтік
байланысқа әсер етпейді.
13. Полисахаридтер, құрылысы: гликоген, крахмал және целюлозаның құрылысымен атқаратын қызметітеріне сипаттама беріңіз.
Полисахаридтер - күрделі көмірсулар, олар гликозидтік байланыспен жалғасқан моносохаридтерден құралады. Полисахаридтерге жататындар: крахмал, гликоген, целлюлоза, инулин, гемицелюлоза, пентозандар т.б.
Кейбір полисахаридтер мукополисахаридтер деп аталады, олар аминосахаридтерден және урон қышқылынан тұрады. Мукополисахаридтерге жататындар: гиалурон қышқылы, хитин, лигнин, гепарин, т.б. полисахаридтер өте күрделі, олардың құрамына 1000 ға дейін, тіпті одан да көп моносахарид қалдықтары кіреді. Сондықтан олардың малекулалық массасы да өте жоғары, милион, тіпті одан да жоғары болады.
Крахмалдың жалпы формуласы (С6H10O5)n мұндағы n мөлшері бірнеше мыңға жетеді. Крахмал өсімдіктердің негізгі қоры болатын көмірсу және адамға азық түлік, малға жем шөп болатын аса маңызды полисахарид.
Крахмал екі бөліктен: амилоза мен амилопектиннен тұрады. Амилопектин крахмал дәнінің сыртқы қабығын құрайды. Бұл екі бөліктеде негізінен жеке α –D-глюкозалар. Амилозаның құрылымы тармақталмаған созылыңқы келеді, мұнда глюкоза молекуласының қалдықтары (1000-4000) α (1→4) байланыс арқылы жалғасқан.
Төменде α – глюкоза қалдығынан α (1→4) байланыс арқылы құралған амилозаның ұзын тізбегінен үзінді келтірілген.
Амилопектиннің құрылымы тармақталған болып келеді, мұндағы негізгі тізбек α (1→4) байланыс арқылы жалғасқан глюкоза қалдықтарынан құралады, осы тізбектен қысқа тармақтар шығады, ол тармақтар тізбекке гликозидтік байланыстар α (1→6) байланыс арқылы жалғасқан болады.
Төменде амилопектиннің құрамының үзіндісі берілген.
Ферменттер әсерімен немесе қышқылдардың қатысуымен крахмал гидролиз кезінде бірнеше арлық өнімдерге (декстриндер, мальтоза, изомальтоза) түзілгеннен кейін α –D-глюкозаның n молекуласы пайда болады.
Крахмал ақ ұнтақ зат, суда ерімейді, ісінеді, ыстық суға салса клейстер береді. Амилоза суда ериді, йодпен әсер еткен кезде көк түске боялады. Амилопектин суда ерімейді, йодпен әсер еткен кезде күлгін түске боялады.
Гликогеннің де жалпы формуласы крахмалдікіндей (С6H10O5)n, бірақ мұндағы n шамасы крахмалдағыдан азырақ. Гликоген жануаолардың полисохарид қоры. Сүтқоректі жануарларда гликоген негізгі жиналатын орны – бауыр мен бұлшық еттер, қанда да және азырақ мөлшерде басқа ұлпаларда да кездеседі. Жануарлар мен адам организмінде гликоген үздіксіз түзіліп және ыдырап жатады. Ол организмге қуат беретін заттық қор. Гликоген де гликозидтік байланыстар – α- (1→4) арқылы жалғасқан жеке D- глюкозалардан құралады.
Мұнда амилопектинмен салыстырғанда негізгі тізбекке α (1→6) байланысы арқылы жалғасқан бүйірлік топтар айтарлықтай көп. Гликогендегі негізгі тізбектің бойында глюкозаның әр 12 қалдығы сайын тармақ кездеседі, ал амилопектинде ондай тармақ әр 24 қалдықтан кейін кездеседі. Крахмал молекуласына қарағанда, гликоген молекуласының тармағы көп және оның құрылымы ашық. Бұл жағдай ферменттердің гликогенге тигізетін әсерін күшейтеді, гликогеннен глюкозаның үзіліп бөлінуін жеңілдетеді.
Қышқыл әсер еткенде немесе фермен қатысқан кездегі гидролиз нәтижесінде гликоген ыдырап декстринге иайналады, бұдан кейін мальтоза мен изомальтоза бөлініп шығады. Гликогеннің толық гидролизі кезіндеD- глюкоза молекулалары ғана түзіледі.
Таза глюкоген ақ тұсті ұнтақ, суда ериді де коллоидты ерітінді түзеді. Йодпен әсер еткен кезде қызыл түске немесе қызыл қоңыр түске боялады. Бауырдың беткі жағында түйіршік түрінде болады. Молекулалық массасы өте жоғары -1-1,5 млн шамасындай. Гликогеннің құрылымы амилопектиннің құрылымына өте ұқсас.
Целюлоза – өсімдіктер клеткасының негізгі материялы, оның жалпы формуласы (С6H10O5)n, мұндағы n шамасы бірнеше мың. Целюлоза D- глюкоза молекуласы қалдықтарынан тұрады, ол қалдықтар β(1→4) гликозидтік байланыс арқылы жалғасады. Глюкоза молекулалары қалдықтарынан құралған полимерлік тізбек целюлоза құрамына тармақталмаған. Осындай тізбектер ұзын талшықтар микрофибриллалар түзіп бірікен, мұндағы тізбек саны 40 шамасына дейін барады. Әр тізбекте мыңдаған глюкоза қалдықтары бар. Целюлозаның әр тізбегінің арасында сутектік байланыс пайда болады, ондай байланысқа глюкозаның әр қалдығынан үш ОН тобы қатысады. Осған байланысты целюлоза талшықтары өте мықты және целлюлозаның өзі суда ерімейді. Тізбектер арасындағы сутектік байланыс арқасында өсімдік клеткаларында бірнеше қабаттан құралған мықты қабық қалыптасады. Өсімдік клеткалары қабығын құраған целюлоза талшықтарын гемицеллюлоза, пектин және легнин сияқты полисахаридтер қосымша өзара жабыстырып цементтейді, байланыстырып біріктіруші материал қызметін атқарады. Гемицелюлоза негізінен D-ксилоза қалдықтарынан, пектин, D- галактуронат қалдықтарынан құралады. Лигниннің құрылымықазірше толық анықтаған жоқ. Мал азығында 40-45% шамасына дейін целюлоза бар, ол негізінен өсімдік клеткаларының қабығын құрайды. Мақта өсімдігінің талшықтары целлюлозаға мейлінше бай келеді, оның мөлшері 98-99% шамасына дейін болады. Қағаздың жақсы соттары таза целлюлозадан тұрады.
Таза целлюлозаның талшықтанған құрылымы бар және органикалық еріткіштерде ерімейді. Ол Швейцер реактивінде (мыс гидрототығының аммияк ерітіндісінде) ериді. Целлюлозаның молекулалық массасы толық анықталған жоқ, шамамен 10 млн мөлшерінде. Химиялық реакцияларда спирттік қасиет көрсетеді, қышқылдармен реакцияласып әр түрлі эфирлер түзеді. Целлюлозаның мұндай қасиетін нитроцеллюлоза, түтінсіз оқ дәрі, визкоз жібегі сияқты заттарды алу үшін пайдаланады.
