- •2. Белоктардың классификациясы: жай және күрделі белоктар. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар. Белоктардың табиғаттағы атқаратын қызметін, мысалар келтіре отырып көрсетіңіз.
- •3Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері, ерігіштігіне байланысты олардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •4.Белок молекуласының құрылымдық деңгейлері. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы. Құрылымдық деңгейлерін қамтамасыз ететін химиялық байланыстардың түрлерін сипаттаңыз.
- •5. Белоктарды бөліп алу, тазарту әдістерінің схемасын келтіріп, түсініктемесін жазыңыз.
- •6.Ферменттер, функциялары. Ферменттердің құрылысы. Бір- және екі компонентті ферменттердің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •Ферменттің белсенді орталығы,Ферменттердің өзіндік әсер етуі(мысалдар).Коферменттердің рөлі,олардың түрлерін мысалдармен көрсетіңіз.
- •8.Ферменттік реакцияның жүру механизмі. Ферменттік реакциялардың түрлері(тура және кері реакция). Әртүрлі факторлардың ферметтік реакцияға әсерін көрсетіңіз.
- •9.Ферменттердің белсенділгі ,ферменттік реаксиялардың күшейткіштері (активаторлар) мен тежегіштер (ингивиторлар) тежегіштіктің тиіптпрін түсіндіріңіз ,бәсекелестік , бәсекелестік емес ,бәсекелессіз .
- •10.Ферменттердің классификациясы,мысалдар келтіре отырып әр кластың қысқаша сипаттамасы.
- •11.Моносахаридтер, құрылысы, физикалық – химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12.Дисахаридтер,құрылысы:тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын қанттар.Химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Полисахаридтер, құрылысы: гликоген, крахмал және целюлозаның құрылысымен атқаратын қызметітеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Жай және күрделі қанттар. Негізгі өкілдерін және олардың биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •15. Қарапайым липидтер, молекулалық құрамы мен құрылымы, түрлері. Қарапайым липидтердің биологиялық рөлін сипаттап жазыңыз.
- •16. Майлардың физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері (гидролиз, гидрогендеу, тотығу, асқын тотығып ашу реакциялары) сипаттайтын реакцияларды жазыңыз.
- •17.Май құрамындағы май қышқылдарының түрлері,молекулаларының құрылымы мен физикалық қасиеттерінің арасындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.
- •18. Күрделі липидтердің түрлерін атаңыз. Фосфолипидтер, молекулаларының құрылысымен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •19. Күрделі липидтердің түрлері (атаңыз). Сфинголипидтер, молекулаларының құрылысы мен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •20. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, түрлері. Нуклеотидтер мен нуклеозидтер. Рнқ және днқ молекулаларының құрамдық және құрылымдық ерекшеліктері.
- •21.Рнқ түрлері,атқаратын қызметі,клеткадағы олардың салыстырмалы мөлшері,молекулаларының құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
- •22.Днқ молекуласының құрылысы. Уотсон - Крик моделі. Комплементалық принцип пен Чаргафф ережесін көрсетіп жазыңыз.
- •26. Амин қышқылдарының активтенуі.Белок синтезіндегі тРнқ-ның және аминоацил т-рнқ синтетазаның рөлі туралы толық мәлімет беріңіз.
- •27).Трансляция стадиялары: инициация, элонгация, терминация. Полипептидтік тізбектің түзілуі. Энергия көзі. Белок синтезінің тежегіштері
- •33.Гликолиз,биологиялық маңызы аралық өнімдері мен энергияның түзілуі.Анаэробты ыдырау түрлері,биологиялық маңызы туралы нақты мәлімметтер келтір.
- •34.Тыныс алудың анаэробты сатысы (Кребс циклын қоса отырып) биологиялық маңызын көрсетіңіз,түзілетін энергия мөлшерін анықтаныз.
- •36.Липидттердің катобализмі,ыдырау жолдары (жалпы мәлімет),гидролиз өнімдерінің қарқынды және ішекте сіңірілуіндегі өт қышқылдарының рөлін көрсетіңіз .
- •37.Қанныққан май қышқылдарының β тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жаз.
- •38. Қанықпаған май қышқылдарының β-тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жазыңыз.
- •40.Гликолиз және глюконеогенез процестерінің реакцияларын салыстыра отырып , гликогеннің ыдырауы мен синтезін талдаңыз.
- •41.Гликогеннің (крахмалдың )глюколиз жолымен ыдырауы,түзілетін аралық өнімдері мен энергия мөлшері
- •42.Оксидоредуктаза мен изомераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
- •43.Гидролаза мен трансфераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
10.Ферменттердің классификациясы,мысалдар келтіре отырып әр кластың қысқаша сипаттамасы.
Ферменттерді катализдейтін химиялық реакция түріне байланысты 6 топқа бөледі:
1.Оксидоредуктазалар - тотықтырушы – тотықсыздандырушы ферменттер, олар сутегі атомдарын немесе электрондарда қосып алу немесе бөліп шығару арқылы субстраттың тотығу және тотықсыздану реакцияларын катализдейді.Оксидоредуктазалар ферменттердің үлкен класы болып табылады.
Дегидрогеназаның аэробты және анаэробты түрлері болады. Аэробты дегидрогеназалар тотықтырушы-тотықсыздандырушы ферменттер, олар сутегі ат омдарын немесе электрондарды субстарттан молекулалақ оттегіне тасымалдайды.и Олар оксидазалар деп те аталады.Мысалы, флавиндік дегидрогеназа (белок-ФАДН2) сутек атомдарын оттегіне беріп , сутегі асқын тотығын түзеді: Белок-ФАДН2 + О2 Н2О2 + Белок –ФАДН2
2
.Трансферазалар-
биохимиялық реакцияларда атомдар тобын
және молекула қалдықтарын алмастырып
ауыстыратын ферменттер.Олар мынадай
топтарды бір субстраттан екінші
субстратқа ауыстырып жеткізеді: метил,
карбоксил, амино, сульфо, формил, фосфат
және т.б. Трансферазалар өзі тасымалдайтын
топтарға байланыстыметилтрансфераза,
ацилтрансфераза деп аталады.Мысалы,
фосфотрансфераза ферменттері ішінде
киназа деп аталатын ферменттің маңызы
зор. Киназа фосфат тобын тасымалдап,
АТФ-тан басқа субстраттарға , көмірсуларға,
белоктарға апарады. Глицеролдың
активтенуі глицеролкиназа ферменті
әсерінен іске асады. Нәтижесінде
глицерол-3-фосфат түзіледі.
СН2ОН CН2ОН
С
О
Н2ОН
+ АТФ СНОН +АДФ+Н+
С
О
Н2ОН СН2-О-Р-ОГлицерол Глицерол-3-фосфат
3. Гидролазалар – химиялық байланыстарды үзеді де, суды қосады.Гидролазалар мынадай топтарға бөлінеді:
А. Эстеразалар- күрделі эфир байланыстарын гидролиздейді де қышқыл және спирт түзеді.
Б.Липазалар- триацилглицеролдарды ыдыратып, глицеро және май қышқылдарын түзеді.
В. Гликозидазалар- Көмірсулардағы гликозидтік байланыстарды гидролиздейді.
Г. Пептидогидролазалар- белок, полипептидтік тізбек арасындағы пептидтік байланысты үзеді.
O H
R - C - N -R1 +H2O R- COOH+R1
4.Лиазалар – субстратты гидролиздік емес жолмен ыдырауын, катализдейді, және бұл кезде молекулада қос байланыс түзіледі.Мұндай кезде СО2, Н2О, NH3 заттар бөлініп шығадыжәне байланыстар С-С , С-N, C-O, C-S бойынша үзіледі.
5. Изомеразалар - изомерлер түзілу арқылы заттардың молекула ішіндегі өзгерістерін катализдейді.Олар сутегі атомдарының , фосфаттың және ациклдік топтардың молекула ішіндегі алмасуын реттейді.Мысалы, триозофосфатизомераза 3-фосфоглицерол альдегиді молекуласындағы сутегі атомын көміртегінің екінші атомынан бірінші атомына ауыстырады және фосфодиоксиацетонға айналдырып изомерлейді:
СН 2 – О –РО 3Н2 СН2 – О - РО3Н2
С НОН С═О
С═О СН2ОН
Н
6. Лигазалар ( синтетазалар)- бұл ферменттер С-С, С-О, С-N, C-S сияқты байланыстар орнату арқылы түзетін органикалық қосылыстар синтезін катализдейді.Мұндай қосылыстар үшін АТФ және басқа да энергия пайдаланылады.
