Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_shpory_2_semestr.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

14. Иіс сезу талдағышы және оның түрлеріне сипаттама

Иіс сезу ең ежелгі талдағыштардың бірі. Ол жануар әлемінің эволюциялық дамуындаонша өзгеріске ұшырамай сақталған. Бірақ шеткі бөлімі күрделі түрде өзгермегенімен, орталық бөлімінң ми қыртысындағы иіс сезімінің сезімталдығы жоғары дәрежеде дамыған.

Иіс сезімінің рецепторлары мұрын қуысының жоғарғы жағында орналасқан, оның жалпы аумағы 5см² . Иіс-химиялық заттардың қасиеті, кеңістікке жайылып, мұрын қуысына жеткенде ондағы иісті қабылдайтын түкті бүрлерді тітіркегдіреді. Иіс сезімдері екі түрлі сенсорлық рецепторлар арқылы кабылданады.: иіс нервіменбайланысқан және үшкіл жүйкемен ұштасқан сенсорлық клеткалар. Тек қана иіс нервіне әсер ететін заттарды ольфактивті, ал үшкіл нервіне әсер ететін заттарды тригеминальды химиялық заттар дейді.

Ольфактивті заттарға анис, лаванда, бензол, қалампыр т.б ал тригеминалдыларға хлороформ, камфара сияқты химиялық заттар жатады. Иіс рецепторлары тек қана газ түріндегі жеңіл заттардың әсерін қабылдайды.

Иістің негізгі 5 түрі бар: жұпар, күйік, шірік, эфир және басқа ерекше иістер тобы. Мысалы, жемістің, шөптің, газдың иістері.

15. Жоғарғы жүйке әрекеті топтарының балаларда қалыптасуы. Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғары жүйке әрекетінің және  жеке басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне байланысты. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым  қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетінің т о п т а р ы деп жинақтайды.И. П. Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа боледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және  алмасуы.Қозу мен тежелудің к ү ш і деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Негізінен алғанда, ол ми қыртысындағы нерв клеткаларының қызмет қабілеті. Кейбір адамдардың миындағы нейрондарының жұмыс қабілеті жоғары болып, кейбіреулерде темен және нашар болады. Соған байланысты қозу мен тежелудің күшін И. П. Павлов к ү ш т і және    ә л с і з  деп екіге бөлген.Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы т е ң д і г і деп олардың бір-біріне қатынасы мен даму дәрежесін айтады. Кей адамда олар бірдей дамыған, ал енді біреулерде не қозуы, не тежелуі басымырақ болады. Сондықтан қозу мен тежелудің тендігін  т е ң  және тең емес деп екіге бөлген. Егер қозуы басым болса - қозғыш, тежелуі басымырақ болса — тежелгіш болуы мүмкін.Қозу мен тежелудің а л м а с у ы  деп олардың бір-біріне ауысу жылдамдығын, яғни қозудың тежелуге және, керісінше, тежелудің қозуға ауысу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ж ы л д а м (ш и р а қ) немесе б а я у (и н е р т т і) болуы мүмкін.Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И. П. Павлов жануарларда жоғары жүйке эрекетінің 4 түрлі топтарын атаған:

  1. Күшті үстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.

  2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ.

  3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.

  4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті томен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.

И. П. Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекетінің жануардағы топтары дөрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сүйықтардың өзара қатынасына байланысты адамның мінез темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе— сары от), сангвиник (сангвине -қан), флегматик (флегма — кілегей шырын) және меланхолик (мелайне холе - қара өт). Күшті, ұстамсыз топ Гиппократтың холерик темпераментіне, күшті тең жылдам — сангвиник, күшті тең баяу -: флегматик, әлсіз тежелгіш топ — меланхолик темпераментіне сәйкес.Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. Әсіресе, осіп дами келе, баланың жасы үлғайған сайын ержеткенде аралас топтар кобірек орын алады.Сигналдарды және  оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін "сигналдың сигналы" деп атады. Еңбектің және  өлеуметтік дамудың нөтижесінде адамда сөз  сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған, оны екінші сигнал жүйесі деп атайды.