Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fiziologia_shpory_2_semestr.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

20. Талдағыштар туралы жалпы тусиник,

Талдағыштар туралы ілімді И.П.Павлов ашты.Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты:рецепторлық (шеткі бөлімі), афферентік нейрондар жэне өткізгіш жолдар (аралық бөлім), соңында афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлімі).

Талдағыштардың элем тануда өте зор мэні бар.И.М.Сеченовтың айтуы бойынша, талдағыш дегеніміз - мидың сезіну ағзалары.Өйткені эрбір психикалық іс-эрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туады.

Талдағыштардың құрылымы мен қызметі.

Жоғары омыртқалы жануарлар мен адамның барлық талдығыштар жүйесіне мынадай жалпы қүрылыс негіздері тэн:

1 .Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке клеткаларынан тұрады.Олардың алғашқы қабаты қабылдағыш элементтермен,ал соңғысы үлкен ми сыңары қыртысының үласқан аймақтарымен байланысты болады.Ал қабаттар олардың аксондары түзетін өткізгіш жолдар арқылы өзара байланысады.Талдағыштардың мүндай қүрылымы эртүрлі қабаттардың мэліметтерді өңдеуде арнаулы бағытқа салуға мүмкіндік туғызады.

2.Талдағыштар көп жолды болады.Олардың әрбір қабатында барлық деңгейге кезегімен серпініс жіберетін көптеген жүйке элементтері бар.Талдағыштардың мүндай көп жолдары жасалған талдаудың өте сенімділігін жэне дэлдігін қамтамасыз етеді.

З.Шектес қабаттарда сезіну алқымы деп аталатын эртүрлі элементтер саны кездеседі.Мэселен,адамның көру жүйесінің торлы қабығындағы фоторецепторлар қабатының 150 мл элементі бар, ал шығаберістегі ганглиоздық клеткаларында небэрі 1 млн.250 мың элемент болады.Бүл тарыла түсетін алқымның мысалы.Алайда көру жүйесінің жоғары деңгейінде кеңейетін алқым қалыптасады.Есту және басқа кейбір талдағыштарда рецептордан миға дейін тек кеңейетін алқым кездеседі.Тарылатын "алқымдар" қүбылысының физиологиялық мэні миға - келетін хабардың санын азайту. Ал кеңейетін "алқымның" қызметі эртүрлі сигналдың белгілерін жете жэне өте терең талдауға мүмкіндік жасау.

4. Талдағыштардың тура жэне көлденең бөлшектері болады. Жүйке элементтерінің бір немесе бірнеше қабаттан қү_рылатын бөлімі тікелей ажыратылу (дифференциация) деп аталады. Әрбір бөлімнің (мэселен, иіс буылтығы, буынды дене) өзінің атқаратын жеке қызметі болады.

Талдағыштардың шеткі рецепторлық, аралық жэне ми қыртысында, орталық бөлімдері болады.

Талдағыштардың шеткі бөлімі

Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар жэне арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар құрады.Алуан түрлі рецепторлар - тітіркендірістің эсерін жүйкенің ұліына немесе қабылдағыш клеткаларға өткізуге икемдеалген күрделі қү_рылымы бар сезіну мүшелері.

21. Талдағыштардың ортақ қасиеттері.

барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар жатады.

Жогары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу та-балдырығы төмен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне ете сезімтал келеді.

Арнаулылық, талғамдылық қасиет. Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейіңділік танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап береді. Көру талдағышының рецепторы үшін үйреншікті тітіркендіргіш — сәуле, есту талдағышы үшін — дыбыс толқыны т.с.с. болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.

Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу үрдісі туындап үлгермей түрып-ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционал-дық күйін өзгерте бастайды.

Созыяыңқы, жалгасқан әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітіркендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал бағыттап оты-рады. Осының нәтижесінде талдағьшггар арқьшы өсер мерзімінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.

Сенсибилизация қасиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.

Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тітіркеңціргіш күші мен сипа-тына таддағыш рецепторы қажымай-ақ озінің функционалдық күйін өзгертіл, сезімталдығын төмендетіп жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.

Контрастық қубылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланысты өзгереді. Мысалы, толық тыныштық жағдайында өлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.

Туйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі, әуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады.