- •1. Жасқа сай физиологияның пәні және оның ғылымдағы орны.
- •7) Орталық және шеткі жүйке жүйелер және құрылысы.
- •8) Адамның миы. Сопақша ми, Вароли көпірі, ортаңғы ми, аралық ми, мишық.
- •9) Нерв орталықтары туралы ұғым
- •10) Нерв орталықтарының қасиеті: сублимация, координация, иррадиация ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.
- •11) Нерв орталықтарының қасиеттері: индукция, доминанта, конвергенция ұғымдарын жас ерекшелікке байланысты сипаттаңыз.
- •12) Жоғарғы жүйке әрекеті туралы түсінік. Шартты рефлекс
- •13 Шартты рефлекстер пайда болуына қажетті жағдайлар
- •15 Бала есінің дамуы. Ұзақ және қысқа мерзімдегі ес
- •14 И.П. Павлов жоғарғы жүйке ірекеті туралы ұғым. Жүйке әрекетінің төрт түрі
- •16 Эмоция туралы ұғым
- •17 Эмоция және оның түрлеріне сипаттама
- •19. Ұйқының жас ерекшеліктері, ұзақтығы және гигиенасы.
- •20. Талдағыштар туралы жалпы тусиник,
- •21. Талдағыштардың ортақ қасиеттері.
- •22. Көру гигиенасына қойылатын талаптар.
- •23. Көру талшығының жас ерекшелігі. Астигматизм.
- •24. Дыбыс талдағышы туралы ұғым.
- •25. Дыбыс гигиенасына қойылатын талаптар
- •26. Ішкі секреция туралы түсінік. Гормон
- •1. Антрометрия әдісіне анықтама беріңіз.
- •2. Даму көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.
- •3. Адамның жас кезеңдеріне анықтама.
- •4. Акселерация түсінігіне анықтама беріңіз. Өсу мен даму акселерациясының белгілері.
- •5.Тітіркену дегеніміз не? Физикалық, химиялық. Биологиялық физико-химиялық тітіркенгіштер.
- •Биоэлектірлік құбылысқа анықтама беріңіз. Әрекет потенциалы.
- •Синапс дегеніміз не? Стинапс арқылы қозудың өту механизмі.
- •Үлкен ми сыңарларына сипаттама
- •Ми сыңарларының қызметін салыстырмалы сипаттама
- •Соматикалық және вегетативті нерв жүйелеріне анықтама беріңіз
- •11. Рефлекс және рефлекторлық доғаға сипаттама
- •12. Бірінші және екінші сигнал жүйелерінің дамуы
- •13. Дыбыс талдағышының жас ерекшелігіне сипаттама
- •14. Иіс сезу талдағышы және оның түрлеріне сипаттама
- •16. Бала тілінің дамуындағы жас ерекшеліктеріне жалпы сипаттама
- •17) Жарықты қабылдау. Гемералопия, дальтонизм түсінігіне сипаттама
- •18) Дәм сезу талдағышының жас ерекшеліктері
- •19)Ұйқы безі гормондарының бала организміне әсері
- •20) Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие
- •21) Вестибулярлық талдағыш және оның жас ерекшеліктері
- •22) Шартты рефлекс түрлеріне анықтама
- •23.Иіс сезу талдағышының жас ерекшеліктері
- •24. Дәм сезу талдағышына сипаттама
- •25. Көру талдағышынң құрылысына сипаттама
- •26. Организмдегі стресске сипаттама
- •1. Өсу мен дамудың сыртқы белгісі – дене пропорциясына талдаңыз.
- •Үлкен ми сыңарларының аймақтары
- •22)Стрестің жас ерекшеліктері
- •Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?
- •23) Гипофиз және оның гормондарының бала организіміне әсері
- •24) Қалқанша безі гормондарының бала организіміне әсері
- •25) Адамның саналы іс – әрекеті және жас ерекшеліктері
- •26) Тер және терлеу тетігінің жас ерекшелегі
16 Эмоция туралы ұғым
Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі . Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді. Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор . Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.
17 Эмоция және оның түрлеріне сипаттама
Эмоция лат. тілінен енген, қуану, ренжу, мұңаю деген мағыналарды береді.Эмоцияға көптеген
авторлар әртүрлі анықтама береді және әртүрлі түсіндіреді. М: Коробков А.В. (1980 ж.), эмоция – сыртқы ортаның жағдайының өзгеруіне қарай, оның көрінісін қабылдауына орай жеке адамның әсерленген көрінісінің сыртқы белгісі. Анохин П.К. (1964 ж.), эмоция – адамның ішкі дүниесінің жайы; ол сезімнің барлық түрін қамтиды, қуаныш пен реніштің арасын алып жатыр.
Эмоцияның бірнеше түрін ажыратады:
ІІ. Жағымды және жағымсыз эмоциялар:
1) Жағымды эмоция кезінде көңіл-күй көтеріледі, адам жігерленіп, мақсатты тілек пайда болады;
2) Жағысмсыз эмоция кезінде адамның көңіл-күйі төмендеп, еңсесі түсіп, тығырықтан шығатын жол іздегенде біресе тұрып, біресе отырады.
3) Жағымды да, жағымсыз да эмоциялар вегетативтік реакциялардың өзгерістерімен бірге жүреді. Тыныс алу жілігі, жүректамыр қызметінің өзгерістерімен бірге жүреді.
ІІ. Физиологиялық механизміне қарай эмоцияны төменгі және жоғарғы деп 2-ге бөледі:
1) Төменгі эмоциялар. Шөлдну, ашығу, жыныстық эмоциялар. Олардың орталығы мидың төменгі бөлімдерінде орналасқан, сандықтан оларды төменгі дәрежелі эмоциялар дейді. Бұл эмоциялар жануарларуы да болады;
2) Жоғарғы эмоциялар тек адамға ғана тән. Бұған: интеллектік, эстетикалық, моральдық, әлекметтік эмоциялар жатады. Олар сананың, білім мен тәрбиенің негізінде қалыптасқан. Жоғарғы эмоция төменгі эмоцияны реттеп, түзеп отырады.
Бұ эмоция түрлерінен басқа да эмоция түрлері болуы мүмкін. М: Дарвин (1872 ж.) эмоцияның 3 түрін ажыратқан:
1) ашу, қуаныш, долдану және т.б.
2) немқұрайлылық және т.б.
3) қимылсыздық, ісккерсіздік, белсенуі болмау.
Қазіргі таңда эмоцияның мынадай негізгі түрлерін ажыратады:
1) қуаныш; 2) таң қалу; 3) қайғыру; 4) жеккөру; 5) ашу-ыза; 6) жиіркену; 7) қорқыныш; 8) кінә; 9) ұят; 10) қызығушылық,
18 Ұйқы туралы ұғым Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (момфазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалық) ұйқы деп атайды. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұны кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді. Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда ұйқы кезінде кейбір процестердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты физиологиялық, гипноздық, наркотктік, ауытқулық және шартты рефлекс.Ұйқы мен сергектіктің алмасуы – тарихи қалыптасқан ырғақ. Мұнда адамның ұйқысы түнгі кезеңен және қараңғылықпен, ал сергектік – күндізгі кезеңмен және жарықпен сәйкескеліп отырады.Ұйқы организмді сақтау және оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік (терапия) жиі қолданылады.
Кесте.Организмнің толық дамуына қажетті бір тәуліктегі ұйқының мөлшері.
Баланың жасы. |
Ұйқының уақыты, сағат. |
Баланың жасы. |
Ұйықтау уақыты, сағат. |
Жаңа туған сәби. 1-3 ай. 6 ай-1 жас. 2-3 жас. 4-5 жас. |
21-22 18-20 14-16 13-14 11-12 |
5-6 8-10 13-14 16-17 Ересек адам. |
10-11 9-10 8-9 7-8 6-8 |
