7 Билет
1 сурак
Дәріс мәтінін жобалау
Колледждегі және ЖОО-дағы мақсаты - білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру. «Дәріс» сөзі латынның lection – оқу деген сөзін білдіреді. Дәріс ең алғаш Ежелгі Грецияда пайда болған әрі қарай орта ғасырда Ежелгі Римде дамытылған. Ресейде оқытудың дәрістік формасын ең алғаш М.В. Ломоносов қолданып, таратқан. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми және техникалық білімнің артуына байланысты дәріс сабақтарын студенттердің өзбеттілігін және белсенділігін талаптандыратын практикалық сабақтармен толықтыру қажеттілігі арта бастады.
Бүгінгі таңда оқу материялы дәрістік баяндауы қолдаушылар мен қатар, оған қарсы шыққан адамдар да бар. Олардың дәйектерінде шындық та бар. Не болсада, оларды есте сақтаған дұрыс:
1. Дәріс бөтен пікірлерді енжар түрде қабылдауға үйретеді, өзіндік сананаың дамуына кедергі келтіреді. Дәріс қаншалықты кұшті болса, бұл заңдылықтың сақталуы соншалықты нәтижелі болады.
2. Дәріс өз бетімен жұмыс істеуге талапты жояды.
3. Оқулықтар мүлдем жоқ немесе аз мөлшерде болған жағдайда ғана дәріс оқыған дұрыс.
4. Кейбір студенттер айтылған нәрсені ұғынса, көп студенттер дәріс білім алушының сөздерін жазып алуға ғана үлгеріп отырады.
Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер дайындығының ғылымилық деңгейін төмендетеді, семестр бойына жұмыс жасаудың жүйелілігін және бір қалыптылығын бұзады. Сондықтан дәріс осы күнге дейін колледж, ЖОО-да оқу үрдісін ұйымдастырудың басты формасы болып отыр. Жоғарыда аталған кемшіліктерді көп орайда дұрыс әдістемемен және оқу материалын ұтымды жеткізуімен жоюға болады.
Оқытудың дәрістік формасы мына жағдайларда қажет:
1. Жаңа енгізілген курстар бойынша оқулықтар болмаған жағдайда дәріс ақпараттың негізгі көзі болып табылады;
2. Нақты тақырып бойынша, берілетін жаңа оқу материалы қолда бар оқулықтарда қарастырылмаған немесе оның кейбір тұстары ескірген жағдайда;
3. Оқулықтың кейбір тақырыптары өз бетімен зерттеуге өте кұрделі болған жағдайда оқытушының әдістемелік өңдеуін қажет еткен кезде;
4. Курстың негізгі проблемалары бойынша екіжақта, қарым – қатынас тұжырымдар болған жағдайда. Бұнда дәріс оларға обьективті баға беру үшін оқылады;
5. Студенттердің көзқарвсын қалыптастыру мақсатында дәріс білім алушының оларға жеке эмоционалдық әсер етуі маңызды болған жағдайда.
Дәрістің артықшылығы:
1. Дәріс білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым – қатынас жасауы, шығармашылықпен айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;
2. Дәріс – білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;
3. Дәріс дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл – ой әрекетін белсендіреді.
2 сурак Бағалаудағы қателіктер
Мектеп пен ЖОО – дағы баға коюдың субьективтік қателіктері төмендегідей:
- Кеңпейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойылады. Білім алушыларды бағалаудағы «жомарттықтың» шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тәжірибесінен арылуы қиныдық тудырып отырған формасы – «пайыздыққа» жүгіну.
- Білім алушыға болған ұнамды не кері қарым – қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу;
- Көңіл күйге орай баға қоя салу;
- Тұрақты да қатаң өлшем – шектердің болмауы(деңгейә төмен жауап үшін педагог жоғары не ұнамсыз баға қоя салу);
- Орташа бағалау үстанымында болу( «екілік» не «бестік» бағаларды қоймау);
- Жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен білім алушылар бағасын тізіп салу);
- Өткендегі бағаға жақындай бағаны өоя салу(мысалы білім алушының өткендегі «екіліінен» кейін оған бірден «бестік» баға беру педагог үшін қиын сияқты);
- Білім алушының тәртібіне қойылатын баға пән үлгеріміне ауыстырылады;
- Бағаны әсіре көтеру не себепсіз төмендету және т.б.
3 сурак «Мектеп директорының жұмысы» тақырыбына дәріс жоспарын құрастыру
Тақ: Мектеп директорының жұмысы
Мақсаты: Білім алушыларды мектеп директорының жұмысымен жан жақты толық таныстырып, мәлімет беру
Өткізу әдістері: Диалог, мәселелік түсіндіру, «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, Түртіп алу, еркін жазу стратегиясы
Күтілетін нәтиже: Студенттер дәрістің соңнда:
-мектеп директорының мақсат міндеттері, атқаратын қызметтері туралы толық білімді игереді.
Дәріс мазмұны:
1 Мектеп директорының лауазымдық нұсқаулығы
2. Жалпы жағдайды
3 Функционалдық міндеттері
4 Лауазымдымды міндеттері
1-кезең ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ОЯТУ
1-жаттығу «Ассоцияция» стратегиясы
Қарастырылатын ұғым Мектеп директоры Студенттер бұл ұғым туралы өз ой пікірлерін білдіреді
2-кезең Негізгі бөлім
Лектор сөзі Мектеп директорының лауазымдық нұсқаулығы
1. Жалпы жағдайды
1.1 Бұл лауазымдық нұсқаулық ҚР нормативті заңы және мектеп жарғысының негізінде өңделген.
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының келісімімен (аудан, қала ББ) мкетепдиректорын қызметке тағайындайды және босатады. Мектеп директоры демалыста болғанда немесе еңбекке жарамсыз жағдайда оның міндеттері мекеменің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
Міндеттері ҚР Еңбек кодексімен және мекеме жарғысына сәйкес жүзеге асады.
1.3 Директор лауазымына жоғары педагогикалық білімі бар және еңбек өтілі -------- кем емес тұлға тағайындалады.
1.4 Мектеп директорына оның тікелей орынбасарлары бағынады.
1.5 Мектеп директорының қызметі нормативті және заңды актілер, барлық деңгейдегі білім басқармасының шешімдері, (аудан, қала ББ) дамыту бағдарламасы. Мекеме жарғысына сәйкес іске асады.
1.6 Мектеп директоры нормаланбаған күн тәртібінде, 41- сағаттық жұмыс аптасының негізінде жұмыс істейді.
2. Функционалдық міндеттері
Мектеп директорларының басты қызметінің бағыттары болып табылады:
2.1 білімдік үйлестілігін бақылау.
2.2 Мектепте техника қауіпсіздік ережелерін және санитарлық нормаларды сақтауды ұйымдастырады.
2.3 Өзінің мүмкіншілігінде кез келген мектеп қызметкерінің жұмысын өзгерте алады.
2.4 3.Лауазымдымды міндеттері
Мектеп директоры келесі лауазымды міндеттерді орындайды.
3.1 Мекме жарғысына сәйкес мектептің барлық бағыттағы қызметін жүзеге асырады.
3.2 Мектеп педагогикалық кеңесімен бірге мектептің болашақ бағдарламасын, мақсатын және даму бағытын анықтайды, оның бағдарламалық жоспары туралы шешім қабылдайды.
3.3 Мекеме даму бағдарламаларының атқарылуын, білім алатын бағдарламаларды, оқу жоспарларын,қосымша сабақтарды, жылдық күнтізбелік оқу кестелерін, Жарғыны және мектептің ішкі тәртібі ережелерін және басқа оқулық – әдістемелік құжаттарды үйлестіреді, бекітеді және бақылайды.
3.4 Жоғары тұрған органдармен келісу арқылымектепті басқару құрылымын штаттық кестені анықтайды.
3.5 Оқу-әдістемелік, әкімшілік, қаражаттық және басқа мектепқызметінің барысындағы сұрақтарды шешеді.
3.6 Педагогикалық ұжым және өзге де мектеп қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды.
3.7 Жұмысқа қабылдау және кадрлардың орналастырылуын жүзеге асырады.
3.8 Қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтайды, кәсіпкерлікдеңгейлерін жоғарлатуға жағдай жасайды.
3.9 Жарғыға сәйкес мектеп қызметкерлерінің лауазымды еңбекақы меншерлеріне үстемелер және қосымша толеулерді қосуды анықтайды.
3.10 Оқушылардың сабақ кестесін, жұмыс графиктерін және мектеп қызметкерлерінің педагогикалық жүктемесін, тарификациялы тізімдемесін және демалыс кестелерін бекітеді.
Түртіп алу жаттығуы Әр студент бұл бөлікті жеке орындайды
+ жаңалық
V-білемін
?-түсінбедім
-келіспеймін
3-КЕЗЕҢ толғаныс
Еркін жазу стратегиясы
Студенттерге сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үиренгенін, не алі де білу керек екенін т.б жаилы өз пікірін қағаз бетіне түсіріп жазуға уақыт беріледі Уакыт аякталган сон студенттер оз жазгандарын топ мүшелеріне танстрады
