Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОРЫНГАЛИДЫН СЕССИЯСЫ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163 Кб
Скачать
☆

9 Билет

1.Педагогика оқыту принциптері

Оқыту принциптері туралы тусінік

Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер -оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.

Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.

Дидактикалық приндиптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер секіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруғ

, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.

(Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.

Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.

Сонымен - ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:

- ғылымилық,

- саналылық пен белсенділік,

- көрнекілік,

- жүйелілік пен бірізділік,

- беріктілік,

- тиімділік,

- теория мен тәжірибенің байланыстылығы.

2.Семинар сабақтарын өткізу формалары.Семинарды өткізудің формаларын таңдау түрлі факторларға, жағдайларға байланысты: тақырыптың мазмұнына сәйкестендіріп көрсетілген және оқу құралдары мен деректердің сипатына қарай, сондай-ақ оның көлеміне, дайындықтың деңгейіне, ұйымдастырылуына, семинар өткізгелі отырған оқу тобының белсенділігіне, оның мамандығы мен кәсіптік бағдарына, ең соңында келіп, өткен сабақта қолданылған әртүрлі семинар формаларының тәжірибесіне байланысты болады. Таңдалған семинар формасы оның барлық қызметін түгел жүзеге асыруға мүмкіндік беруі қажет.

Жоғарғы оқу орындарында «Мәдениеттану» пәнінен жүргізілетін практикалық сабақтардың көптеген формаларын қарастыруға болады: кең ауқымдағы терең, мазмұнды әңгіме, баяндама мен рефераттардың талқылануы, семинар- пікірталас, түсіндірмелі оқу, өз бетінше ойлауға негізделген жаттығу, тәлімгердің жетекшілігімен жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша семинар, жазбаша бақылау жұмысы, семинар- коллоквиум және т.б.

Осы семинар формаларының әрқайсысына қысқаша тоқталайық.

Кеңейтілген әңгіме - семинар сабағының ең кең тараған формаларының бірі. Ол бәріне бірдей көрсетілген міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер арқылы студенттердің сабақ жоспарының әрбір сұрағына дайындығын талап етеді; студенттің өзінің оқу тобы алдында сабақ айтуы және олардың мәселені талқылауға салуы, оқытушының жоспарындағы сұрақтар бойынша айтқанымен қорытындылауы. Кеңейтілген әңгіме жүргізу мәселені талқылауда студенттердің көпшілігін әңгімеге қатыстыруға мүмкіншілік береді, әрине, олардың белсенділігін көтеруде басқа да барлық мүмкіншіліктерді қолдану қажет.Семинар сабағында сөйлеген студентке және бүкіл топқа алдын-ала ойланып,жүйеленген сұрақтар қою,сабақ айтып тақтаға шыққан әріптестерінің күшті және әлсіз сұрақтарына студенттердің назарын аударту,оқу процесі барысында әрбір жаңа мәлеметтерге студенттердің ерекше көңіл аударуы және т.б. жатады.

Сонымен қатар кеңейтілген – әңгіме кезіңде, студент өз деңгейінде дайындалмаған болса, егер оқытушы сабақ айтатындарды, яғни кейбір сұрақтардың жауаптарын әзі толықтырып және туралап отыруына тура келген жағдайларда, студенттердің еңжарлық танытқан сәттерінде мектептегідей «сұрақ-жауап» тәсіліне айналып кетуі ықтимал.

Кеңейтілген әңгіме кейде жеке студенттердің кейбір қосымша сұрақтарға байланысты алдын ала дайындалып, сабақ айтуын жоққа шығармайды. Мұндай жағдайларда ол республикада қазіргі кездегі қажеттілік ретінде жүріп жатқан өзгерістер туралы хабарлама болуы мүмкін, ауданның, университеттің, өздері машықтанып жүрген ғылым саласындағы жаңалықтар,жаңа ғана басылып шыққан кітап, мақала туралы айтылуы мүмкін.Бірақ мұндай хабарламалар оны талқылау үшін емес,талқыланған мәселеге қосымша ретінде қарастырылады.