- •3.Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •2.Қазақ жоңғар соғыстары.
- •2. Қаз.Ң Ресейге қосылу себептері. Кіші және Орта жүздің Ресей имп.Ң құрамына кіруі.
- •3.Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •2. Оңт.Қаз.Ды жаулап алу.Отарлау.Ң аяқталуы
- •3. 20Ғ қазақ диаспорасы
- •1.Түрік қағанаты
- •3. Қазақстанның егемендік алуы (1989–1992жж)
- •2.«Зар заман»
- •2. Сырым датұлы бастаған көтеріліс
- •3.Егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі
- •1.Қарахан мемлекеті
- •2.Бөкей хандыгынын курылуы жәңгір хан
- •3.Тәуелс.Қаз.Ң әлеум.Экон.Қ жаңғырту кезеңдері
- •1.Орта ғасырлардағы отырықшы және көшпелі мәдениет.Қолөнер,сауда,ауыл шаруашылығы.Наным сенімдер және дін.
- •2. 1822 Және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.
- •2. 1867-1868Жылғы реформа
- •3. Тәуелсіз Қаз.Ң Білім және Ғылым реформ.Ы
- •3. “Қазақстан-2030” жолдауы
- •1.Шыңғыс хан шапқыншылығы.Моңғолдар.Ң Қаз.Мен Орта Азия жер.Н жаулап алуы. Отырар қорғанысы.
- •2.Кенесары касымулыКөтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
- •3.«Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы.
- •3.Ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы саяси қырлары
- •3.Қазақстан халқы ассамблеясы
- •2.1920-1940 Жж. Қазақстандағы мәдени құрылыс, ағарту ісі. Негізгі бағыттары және қиындықтары
- •2.Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру (1945-1956 жж.)
2.1920-1940 Жж. Қазақстандағы мәдени құрылыс, ағарту ісі. Негізгі бағыттары және қиындықтары
Ересектер арасында сауатсыздықты жою.Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды. Халыққа білім беру ісі .1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды. 1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Қазақ Кеңес өнерінің дамуы . XX ғасырдың 20–30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді.А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді.1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылар бәйгесі өтті.Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. 1930 жылы Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе қалаларында театрлар ашылды.1933 жылы Алматы қаласында ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. Бұл театрда А. Садыров пен Ж. Асимовтің ержүрек ұйғыр қызын бейнелейтін «Анархан» пьесасы және т. б. қойылды.1937 жылы Қызылорда қаласында Корея театры ашылды1938 жылы республикадағы алғашқы дыбысты фильм «Амангелді» фильмі қойылды. Бұл фильмді «Ленфильм» киностудиясы түсірді.1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры ашылды. Мемлекеттік музыка театры болып ашылған бұл театрда М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі 100 реттен астам көрсетілді.1934 жылы А. Жұбановтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.1930 жылдары Қазақстанда мәдени ағарту орындары жұмыс істей бастады.1934 жылы Алматыда кітапхана техникумы, Орал, Семей, Өскемендегі педагогикалық техникумдар жанынан кітапхана бөлімдері ашылды.1939 жылы республикада 3304 кітапхана жұмыс істеді. Соғыс қарсаңында республикадағы мәдениет үйлерінің саны 5237-ге жетті.Соғысқа дейінгі жылдарда Қазақстан мәдениеті осындай зор жетістіктерге жеткенімен, сталиндік бюрократиялық жүйе мәдени рухани салаға орны толмас шығын әкелді.
3. Қаз.да денсаулық сақтау сала.ң дамуы. Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады. Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді түсінік болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын, кәсіби деңгейін және клиникалық мамандардың оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету процестерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру маңызды орын алады. 2010 жылғы Жолдауда Президент жақын онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті. Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі заманғы жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері анықталды. . АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде мынадай нақты нәтижелерге қол жеткізілді:«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды;тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді; Қазақстан Республикасында 2008 – 2010 жылдарға арналған ана мен бала өлім-жітімін төмендету жөніндегі, Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдірудің 2008 – 2010 жылдарға арналған шаралары туралы, Қазақстан Республикасында 2006 – 2010 жылдарға арналған ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасында 2008 – 2016 жылдарға арналған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жөніндегі, 2008 – 2016 жылдарға арналған салауатты өмір салты жөніндегі салалық бағдарламалар әзірленді және енгізілді;
шекараны санитариялық қорғау жүйесі қалыптасты, мемлекеттік шекарада ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттер желісі кеңейтілді;
28-билет
1. қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылысы. Хандық билік ,билер, батырлар, институты.Қазақ хандығыны хаң шығарушысы билікке қауым өкілдері мен сұлтандар құрылтаиы маслихат ие болды.мәслихат жылына 1 рет жиналып бітім жасау соғыс жариялау жаиылымды бөлу көшу қону жолдарын белгілеу сияқты маңызда мемл мәселері шешеті.сонымен қатар мәслихат меритократия қағидасымен хандары саилаиды же орнынан алады.мәсдихат жұмысына тек ер адамдар ғана қатыса алады.атқарушы юилік түгелімен хан қолында болады. Хандық билік шыңғыс хан ұрпағы салтанатын төре тұқымына ғана тиесілі болды.хан мәслихатта саиланды же өз міндетін өмірлік орындады.хан атқатаратын функсиялары олар-мемл сырқы жаулардан қорғауды ұиымдастру ,мемл сыртқы саясаты бағытын анықтау жоғары сот билігі функсиялары,қоғамдық құрылым мен тәртіп қорғау.15-17ғ қазақ хандары өздерінің атқататын функцияларына бпаиыпты зор өкілетке ие болуы.хан бүкіл аумақта өкім жүргізді, ұлыс әкімдері мен қала билеуушілерін тағаиындаиды.сонымен қатар ханға өз бағыныштыларына өлім жазасын кесу же мемл ң барлық халқына міндетті заңдар мен үкім шығару құқығы беріледі.ханды таққа отырғызу рәсімі оны ақ киізге көтерумен сипатталады.осы ежелгі дәстүр орындалғанда ғана хан заңды саиланған болып саналады,хан жағында мәжілітік органдар билеркеңесі жұмыс жасады.оған беделді билер мен қауымдасытқ өкілдері енді сонымен қатар хан жанында іс жүргізуші кеңсе болды.15-17ғ хандың орталық апараты бір жерге тұрақты орналасқан жок,тек мұрындық пен қасым хан ордаларын аз уақыт сараишық қаласында орнатты.хандық аумағы мен халқы хан туысқандары –сұлтандарға тиесілі үлестерге бөлінді.әр үлес құрамында 50-60мың жанұя болды.үлес өз кезегінде орташа 10 мың жанұядан тұратын ұлыстарға бөлінді.ұлыс басында хан тағаиындаған сұлтандар тұрды.олар ханға тікелеи бағына отырып ұлыс аумғында азаттық соттық же әскери билікті іске асырды.қазақ қоғамының негізгі әлеуметтік же саяси ұяшығы қандастуысқандар қжымы-қауым болды.бірнеше қауымның бірігуі қауымдастықты құрды.содан сон олар ұлыс болды.күнделікті өмірде жергілікті ру таипа қауым билігінің тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолында болды.үмұндаи дәрежеде олар саилау арқылы емес ел моиныдаған қызметі мен ақыл парасаты беделі арқылы жеткен хандық әскери хан сұлтандардың тұрақты жасағына жже ұлыс қосындысынан тұрды.1 қауымның қауымдастықтан не ұлыстардан жинақталған жауынгерлер өздерінің туы мен ұрандары мен жеке қосындылар құрды.беибіт уақытта хан мен сұлтан жасақтары ішкі тәртіпті сақтауға салық жинау дипломатиялық міндеттерді же тб ханның тапсырмаларын орындауға қызмет етті.
2.1920-1950 ЖЖ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІР. ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯҒА ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛАР 30-жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі:Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс-құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді.Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.Республикалардың заң шығару бастамасы болмады.1936 жыл – сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты.Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде:Жазалау органдарының қызметі күшейтілді;Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді.
Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды. Жазалау шаралары:Ату жазасы Жер аудару,Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау,КСРО-дан тыс жерлерге қудалау.,Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланды.
Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты.1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.Жазалау шараларының құрбандары:Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов;Тілші ғалым, профессор – Қ. Жұбанов,Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – С. Асфендияров,КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:Степлаг – Далалық лагерь.Карлаг – ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері. ЧСИР – Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.Алжир – Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері. ГУЛАГ – Лагерьлер Бас Басқармасы.Үштіктер – үш адамнан құралған комиссия.БМСБ (ОГПУ) – Біріккен мемлекеттік саяси басқарма.Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері т. б. болды.
30–40 жылдар мен 50-жылдарда контрреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, БМСБ (ОГПУ) алқасы, «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.
Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологисясының зардаптары:Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталдыҰлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды;101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды.Сталиншілдіктің басты қылмысы:Әміршіл-әкімшіл жүйені қолдану.Лагерьлер жүйесін құру.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу.31 мамыр – Ұлттық аза күні болып белгіленд
3.ЭКОЛОГИЯЛЫҚҚОЗҒАЛЫСТАР . Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы “Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдады
29-билет
1.ТӘУКЕ ХАН Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді. Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүзБайбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.
Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды
2.ҚАЗАҚСТАН ФАШИСТІК БАСҚЫНШЫЛАРҒА ҚАРСЫ СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945 ЖЖ.). 1940ж 18желтоқсанда фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» жоспарын жасады. «Үлкен Түркістан» отарына енген аймақтар: Қ/н, Орт.Азия, Татарст.әзірб,башқұрт,исолт.кавказ,кырым енді.1941 жыл 22 маусым – фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталды.Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Республикада 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті.Соғыстың алғашқы кезеңінде 14-атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға жіберілді. Қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасы 30 дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы (командирі – генерал М. В. Панфилов) жасақталды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16мың офицер даярлап шығарды. 1941–1945 жылдары әскери оқу орындарына 42мыңнан астам қазақстандық жіберілді. 1941 жылдың екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар теміржолшылардың 35 пайызын қамтыды. Ақмола-Қарталы, Гурьев-Қандағаш, Орск-Қандағаш темір жолдары іске қосылды. Бұлардан басқа жергілікті маңызы бар Жамбыл-Шолақтау, Талдықорған-Текелі, Лепсі-Андреевка, Ағадыр-Ақтау, Састөбе-Кельтемашат темір жол желілері салынды. Жалпы теміржолдың ұзындығы 1940 жылғы 6 581 шақырымнан 8 200 шақырымға дейін өсті. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокалам тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосекова разъезі түбінде 28 панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!» — деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер – орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар – 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қазақ тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қалдырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған құрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді.Мәншүк – 100 атқыш бригадасының пулеметшісі. Әлия 54 атқыштар бригадасының мергені.партизандардың жалпы саны 3,5мың адам. Атақты партизандар: Қ.қайсенов, ақәділов, шірңпов, саин.
1945ж 16 сәуірде Берлин операциясы басталды. 1945ж 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 1945ж 8 мамырда Германя тізе бүкті. 1945ж 9 мамырда ҰОС аяқталды.Кеңес одағының батыры атағын алғандар барлығы – 11600 адам, қазақ/р – 497, қазақтар – 97, қазақ қыззд – 2.
3.САЯСИ ПАРТИЯЛАР "НҰР ОТАН" Халықтық Демократиялық Партиясы Төраға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның 1-ші орынбасары - Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. "НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Партия мүшелерінің саны 900 000 адамнан астам. Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында "НҰР ОТАН" филиалдары бар. Партияның әлеуметтік негізін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Басты мақсаттары ретінде партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу деп жариялады.
Мәжілісте "НҰР ОТАН" парламенттік көпшілікке ие болды. 2012 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша партия 80.99% дауысқа ие болды. "НҰР ОТАН" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 83 депутат сайланды.Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бүгінгі күні Қаз.да ресми тіркелген және жұмыс істейтн жалпы мүше.ң саны 2 млнға жуық, 9 саяси партия бар: Халықтық демок.қ партиясы, Жалпыұлт.қ әлеум.демокр.қ партия, «Ақ жол»демокр.партия, «Ауыл» ә.д.п,Қаз.ң комун.к Халық.қ партиясы,Қаз.патриот.р парт мен «Руханият»партиясы.
30-билет
1.ЗАҢДАР ЖИНАҒЫ «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.Бұл заң саяси жағдайға және халық бұқарасы мен билер тобының тілегіне негізделп,қазақ халқы.ң ежел.әдет ғұрыптық ереже тәртібіне мәнді өзгерстер енгзп,дамытып жасалған.1. Мүлік заңы(мал,мүлік,жер дауын шешу);2.Қылмыс заңы(кісі өлтіру,ел шабу,мал талау,ұрлық,қылмыс.на жаза қолдану)3.Әскери заң(қосын құру,аламан.ң міндеті.ердің құны,тұлпар ат);4.Елшілік шара.ы(шешендік,халық.қ қатынастар.ғы сыпайылы,әдептілілк);5.Жұртшылық заңы(ас,той,мереке үстіндегі ережелер,жасауыл.ң міндеті)
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал.Қасқа жолға қосылған жаңалық; «Хан болсн,ханға лайқ заң болсн;батыр болсн,абыз сайлау парыз болсн;би болсн,би түсетн үй болсн».Бұл қазақ ханд.ы құрыл.ң саяси әкімш.к,әскери,рухани,сот әстері жөніндег негңзгі заң сипат.ғы төрт тұғыр екені байқ.ы.
Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті.
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
«Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Яғни қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса 200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны одан жеті есе көп;
«Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». Сонымен қатар, қоғамдағы тұрмыстық және адамгершілік қатынастарды құқықтық тұрғыдан жетілдіре түскен.«Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек ат-тон айып тартады»«Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».
«Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдыру керек»«Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі»
«Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».Осы соңғы өзгерістермен қатар жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдет-ғұрып заңдары Жеті жарғыда көрініс тапты.
