Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих №1 гост..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

2. Оңт.Қаз.Ды жаулап алу.Отарлау.Ң аяқталуы

Әскери әкімш.к отарлауXIX ғ 2 жартна дейн жалғасты.1831ж Аягөз қзен.ң жағасында Аягөз бекінісі салынп,1847ж Қапал бекін.ң іргетасы қаланды.1854ж Алатау баурайында Верный әскери бекінісі орнатылды.Жетісу өлкеснде1847 ж мен 1867ж аралығында казак орыстар тұратын 14станция бекінстері салынды.Бұл Ресей имп.сы отарлаушы әкімш.ң өкіметін нығайтуға көмектесті.Қаз.ды отарл.ң және Шу мен Талас аймақ.ң қаз.на ресейлік ықпалды таратудың басты тірегі Верный бекінісі болды. Осы жерден орыс әскер.ң Шу аңғары арқ.Қоқанд.бекіністері Әулиеатаға,Шымкент пен Ташкентке қарай шабуылы басталды. 1863-1864ж.ы полковник Черняев.жасақтары қоқандық бекіністер -Созақты,Шолаққорғанды,Әулиеата және Шымкентті, ал патша офицері Веревкин.ң жасақ.ы Түркістанды алды. Сөйтіп,Шығыс Сібір мен Сырд.шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің Ресейдің жаулап алуы,жалпы Қазақс.ды қосып алу осылай аяқталды.XIX ғ баснда Қаз.ң Ресейге бәрәгу.ң аяқталуы жақын болатын.Осымен байланысты қазақ елі жалпы ресейлік қоғамдық еңбек бөлінісіне ене бастады.

3. 20Ғ қазақ диаспорасы

Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ортталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн. деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасының, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға,Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн. адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер:18 ғ-дағы жоңғар-қазақ соғыстары, қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы 18 – 19 ғ-лардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары, патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің агр. саясаты, Орт. Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы, ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясат. Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі, 2-дүниежүз. соғыс; экон. себептер: Ресейгеқосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі.

Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 ж. солт.-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңт.-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған Қазақстанның солт-нде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған. Қазақстан дүниежүз. қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.]

5-билет

1.ҚАҢЛЫ МЕМЛЕКЕТІ-Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы.Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі тілдес халық болғандығына күмән келтірмейді.Байланыс жасаған елдер – Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлы бейлеушісінің жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына қарсы тойтарыс беруіне көмектесіп отырған. Қаңлы патшасы өзі мекендеген солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарады. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолында болған.

Археологиялық ескеткіштері Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған.

Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш - сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады.

Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.Шаруашылығы, кәсібі Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан

Мәдениеті.Қаңлыларда қолөнеp кәсібі өте жоғары дәрeжеде өркeндеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес хaлықтар болғандықтaн, олар өз тілінде, яғни түpкі тілінде сөйлеген.Қаңлылaрдың тұрғын үйлері көшіп-қонyға қолайлы киіз үйлеp және топырақ пен ағаштaн, тастан жасaлған тұрғын үйлер, aдамдар жиі орналасқан eлді мекен, қалалары болған. Аpхеологтардың мәлімдеyіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстандағы ежелгі орта ғаcырдaғы көптеген қалалардың іргетaсы сонау кангю¬лер (қаңлылар) дәуіpінде пайда болған» дeген пікір бap.Қаңлы жұрты пайдаланған киіз-текемет, кілем-сырмақ қатарлы төсеніш және үй қабырғаларына ілінетін тұc бұйымдар, киeтін - кимешектеp өздері өcіріп отырғaн мал өнімдеpі мен мақтa мaмықтарынaн жасaлaтын болғaн. Олaр қой жүнінен киіз текеметтер, төсеніштер жасаумен қатар, киізден қaлпақ, кебенек-шекпендеp жасaп киген. Табиғaт күштеріне, атa-баба арyағына сиынған. Сонымен қaтаp қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлыларда музыкалық аспаптар болғaн, би билеген.

Археологиялық ескерткіштері. Мардан - күйік қорымы - Сыpдaрия өзeнінің жағасындағы қаңлылардың жерлеу ecкерткіші. Бұл қоpым Маpдaн-күйік қала¬сының іргесінде орын тепкен. Мұнда 50-ден артық мола бар. Қабіpге өлікпен бірге ыдыстaр, әшекей бұйымдар, қару-жарақ көмілген. Қаңлы тайпалық бірлестігі б. з. б. I ғ. ортасында ыдыpaды.

2. Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы.

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан жәнеТашкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 жылы Ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды. Бұланты өз-нің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729(30)) ойраттарды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас қолбасшылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды.Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағұлов Сейітқұлмен Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей сыртқы істер министрлігі коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді (1731). ( Құндағұлұлы елшілігі, Құтлымбет елшілігі). Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антты 1738, 1740, 1742 қайталады)

Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш — Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақдаласын отарлаудың плацдармы болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды (1735). 1737—38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен “орысшылдығы”, қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен кен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара Хан моласы аталды.

3.ЖЕЛ­ТОҚСАН ОҚИҒАСЫ (1986 Ж.)

1986 жылғы жел­тоқсан оқиғасы­на жыл­дар бойы қор­да­ланған осын­дай се­беп­тер түрткі бол­ды. Ор­та­лықтың өктемдік әре­кет­тері мен де­мок­ра­ти­ялық прин­циптері ара­сын­дағы қай­шы­лықтар, шо­винистік са­ясат т. б. қалып­тасқан жағдай­лар на­разы­лықтың негізгі се­беп­тері бол­ды.На­разы­лық сыл­та­уы. 1986 жы­лы 16 жел­тоқсан­да Қазақстан ком­му­нистік пар­ти­ясы­ның Ор­та­лық Ко­митетінің V пле­нумы бол­ды. Пле­нум­да Қазақстан­ды көп уақыт бойы басқарған Д. Қона­ев­ты ор­ны­нан бо­сатып, мем­ле­кет бас­шы­лығына рес­публи­ка халқына бей­та­ныс Ульяновск об­лы­сы пар­тия ко­ми­етінің бірінші хат­шы­сы болған Г. В. Кол­бин тағайын­далды. Ел бас­шы­лығының ауыс­ты­рылу­ына ар­налған бұл пле­нум 18 ми­нутқа ғана со­зыл­ды. Ор­та­лықтың бұл әре­кеті ба­рып тұрған са­яси қателік және ха­лық мүддесін мүлде еле­ме­ушілік бол­ды. 1986 жы­лы 17 жел­тоқсан­да Ал­ма­ты қала­сын­да рес­публи­ка бас­шы­лығының ауыс­ты­рылу­ына қар­сы­лық ретінде жас­тар толқуы басталды. Мұндай на­разы­лықтар басқа қала­лар­да да өтті. На­разы­лықтың бас­ты қозғаушы күші сту­дент­тер, жас­тар бол­ды. Жас­тар толқуы бейбіт жағдай­да Ал­ма­ты көше­лерінде бас­талды. Жас­тар ше­руі құқық бұзу­шылық, ұлтшыл­дық си­пат­тан ал­шақ еді. Тек ле­ниндік ұлт са­яса­тының бұрма­лан­ба­уы әр ұлтқа өз бас­шы­сын қою ке­рек де­ген сөз жа­зылған тақтай­лар ұстап жүрді. Де­монс­тра­ци­яны тоқта­ту мақса­тын­да КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді.Осын­ша­ма ірі күштер са­пер күрегі, үй­ретілген ит­тер, су шашатын ма­шина­лар, сойыл­дар т. б. қару­лар көмегімен де­монс­тра­ци­яны тоқтат­ты. Қоғам­дық тәртіп сақшы­лары өрес­кел қаты­гездікке ба­рып, көп адам­дардың қаза та­бу­ына жол берілді. Рес­публи­ка бас­шы­лары бұл жағдайға көз жұма қара­ды.Ше­руге қатысқан­дарды тер­геу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тер­геу ка­мера­лары­на, қала­ның сыр­ты­на әкетілген­дердің са­ны 8,5 мың бол­ды. Көпте­ген жас­тар оқу орын­да­рынан, ком­со­мол­дан шығарыл­ды. Оқу ор­ны­нан 271 сту­дент, ком­со­мол­дан 787 адам шығарыл­ды.Жел­тоқсан оқиғасы­на қатысқан­дардың ішінен Қай­рат Рысқұлбе­ков, Ер­бол Сы­пата­ев, Ләззат Аса­нова, Сәби­ра Мұха­мет­жа­нова сияқты жас­тар жа­зықсыз өктем биліктің құрбан­да­ры бол­ды. Біраз уақыт­тан кейін сол кез­де айып­талған 99 адам­ның 46-сы ақтал­ды. 1987 жылғы КОКП Ор­та­лық Ко­митеті Ал­ма­тыдағы 1986 жылғы жел­тоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшыл­дығының көрінісі» деп бағала­ды.Жел­тоқсан оқиғасы КСРО-ның ыды­ра­уын тездетті. Кейіннен пар­тия жел­тоқсан оқиғасын­да жіберілген қате­лерді мойын­да­ды. КОКП ОК-ның жел­тоқсан­дағы жас­тар ше­руін қазақ ұлтшыл­дығы деп кінәлау қате де­ген қаулы шығар­ды. КСРО ха­лық де­путат­та­рының I съезінде ақын, қоғам қай­рат­кері М. Ша­ханов жел­тоқсан­дағы ор­та­лықтың жүргізген іс-әре­кетін қат­ты сы­нап, тұңғыш рет мінбе­де сөз сөй­леді. Бұл жел­тоқсан шын­дығын ашу­дағы алғашқы қадам бол­ды.

6-билет