Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих №1 гост..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

2.«Зар заман»

Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен, Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады.Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді. 

Мұрат Мөнкеұлының ( 1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады. 

Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.

Зар – заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап , алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы.

3. ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ (1993-1995жж)1993 жылғы қаңтардың 28-i Қазақстанның тарихына оның тұңғыш демократиялық Конституциясының туған күнi ретiнде ендi. Ол жаңарған республика халқына, оны мекендейтiн барша жұртқа, олардың бақытты болашағы, келiстi келешегi үшiн бағдар беретiн негiзгi құжат-азат елдiң Ата Заңы.Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның құрамдас бөлімі – еліміздің қоғамдық даму ерекшілігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау.Конституцияның 3-бөлімі мемлекет, оның органдары мен институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. 4-бөлімі Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға арналған. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі ұстанымдары: Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық;Халық игілігін көздейтін экономикалық даму;Қазақстандық патриотизм;Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу. Қазақстан республикасының жаңа Конституциясының кiрiспесiнде былай делiнген: «Бiз, Қазақстан халқы, дүниежүзiлiк қоғамдастықтың ажырамас бөлiгi бола отырып, қазақ мемлекеттiлiгiнiң бұлжымастығын негiзге ала отырып, адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi, өзiмiз үшiн және өз ұрпақтарымыз үшiн лайықты өмiрдi қамтамасыз етудi қалай отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңымыздың алғашқы бөлiмiнде конституциялық құрылыстың негiздерi баяндалған. Онда Қазақстан Республикасы (Қазақстан)-демократиялық, зиялы және бiртұтас мемлекет екендiгi, оның жерiнiң тұтастығы мен бөлiнбейтiндiгi және оған қол сұғуға болмайтындығы жазылған.1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:  1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.  2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.  3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.  4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.  5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.  6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді

8-билет

1.ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫШығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғ ақыры – 11 ғ басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғ Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғ қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты.11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген.Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Саяси тарихыҚимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VIIғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VIIғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды Құрылуы X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтьшған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Кытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды.. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды. Бұл мәліметтерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. ҚыпшақтарҚимақ мемлекетінің орнын басты..ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпалардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды.965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым -салықтардың жыртқыштыкпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі.ҚАРЛҰҚ (756–940 жж.) Қарлұқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бұл кезде қарлұқтар Моңғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. VI-VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының құрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық – бұлақ, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды. 742 жылы Моңғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлар мен басымалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына көшіп, олардың көсемі қаған болады. Қарлұқтар басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, бұлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет Ұйғыр қағанаты (744–840 жж.) құрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлұқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлұқ тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара қырқысқан күрестерден әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы – Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Қарлұқ тайпалары VIII-X ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. 940 жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.