Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих №1 гост..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

1.Түрік қағанаты

Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Түркілердің шығу тегін Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы.

Түрік қағанаты (551–603 жж.) «Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады.546 жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жкань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер теле әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын түрік қаған деген атағын алады. Бумын 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553–572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553–554 жж) түріктер шығыста қайлар, қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. 571 жылы Естемі қаған Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582–593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581–618 жж.) шабуылы күшейді. Бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.

2.АБЫЛАЙ ХАН – (Әбілмансұр, Са­балақ, Абы­лай сұлтан, Абы­лай баһадүр) қазақтың белгілі ұлы хан­да­рының бірі. Ол 1711 жы­лы, кезінде Ор­та Ази­яның бірне­ше қала­сының би­ле­ушісі «қанішер Абы­лай­дың» ба­ласы «Көркем Уәлидің» шаңырағын­да дүни­еге кел­ген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістан­ды би­леген кезінде, шайқас­тардың бірінде қазаға ұшы­раған. Жау қолы­нан туған-ту­ыс, үй іші бірдей қыры­лады. Хан­ның сенімді көмекшілерінің арқасын­да Әбілмансұр аман қалған екен. Осы қырғын­нан жас хан­за­даны Ораз ата­лық дейтін адам алып шығып, көшпелі қазақ ішінде жан сақтай­ды. Абы­лай өзінің шыққан тегін, өзінің хан тұқымы­нан екенін жа­сырып кел­ген

Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Са­балақ де­ген ат ала­ды. Төле би үсті-ба­сының тоз-то­зы шыққан, ша­шы өскен оған осы есімді қойған екен-мыс. 1729 жы­лы жоңғар­лармен болған Аңырақай шайқасын­да Са­балақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. 1733 жы­лы болған соғыс­тардың бірінде жеңіске же­теді. Са­балақ ор­таға «Абы­лай» деп ұран­да­тып шығып, қал­мақтың ба­тыры Ша­рыш­ты жек­пе-жекте өлтіреді. Қал­мақтың қас ба­тырын жеңген Са­балақтың аты қазақ да­ласы­на та­рап, енді оны «Абы­лай» деп атап ке­теді. Осы шайқастан кейін Абы­лай­дың шыққан тегі мәлім бо­лып, қазақтың ха­ны Әбілмәмбет «тақ сенікі» деп тағын ұсынған екен. Абы­лай рес­ми түрде 1771 жы­лы, тек Әбілмәмбет қай­тыс болған­нан кейін ғана таққа оты­рады. Абы­лай өз за­маны­ның көре­ген де ақыл­ды са­ясат­кері, жаужүрек ба­тыры, өткір ой­лы, да­рын­ды дип­ло­маты болған. Ол со­нымен қатар мұсыл­мандық білім алған, са­уат­ты да ай­бын­ды би­ле­уші болған. 1730 жы­лы Абы­лай хан көрші ел­дермен келісімдер­ге қаты­сып, қазақтар­дың бар­лық әске­ри жо­рықта­рын басқара­ды. 1740-1750 жыл­да­ры Абы­лай жоңғар­лармен бейбіт келісімге келіп, жоңғар­лар қазақтарға Сыр­да­рия маңын­дағы қала­лар­ды қай­та­рып бе­реді. 60-жыл­да­ры ол Ре­сей және Қытай­мен дип­ло­мати­ялық бай­ла­ныс­тар ор­на­тады. Осы­лай­ша Абы­лай қазақтың жерін көршілерінен қорғап қалу са­яса­тын ұстан­ды. Абы­лай хан­ның көре­ген және ше­бер дип­ло­мати­ялық са­яса­тының нәти­жесінде XVI­II ғасыр­дағы көшпелі эт­ностар­дың ішінде қазақтар ал­дыңғы орынға шықты.Абы­лай хан Қазақстан­да және одан тысқары жер­де да­рын­ды қол­басшы, зер­делі са­ясат­кер ретінде та­ныл­ды. Ол қазақ хан­дығын қуат­ты мем­ле­кет­ке ай­нал­ды­руды мақсат етті.1754–1755 жыл­да­ры Қытай Жоңғари­яны жаулап алып, Қазақстан­ның ше­кара­сына жақын­дай­ды. Қазақтар Абы­лай­дың бас­та­уымен жеңілген жоңғар­ларға көмек көрсе­теді.Абы­лай елді ұлыс жүйесімен басқару­ды енгізді.Ор­та­лық билікті күшей­ту­де Абы­лай хан­ның жа­саған екінші бір ша­расы өз дәуіріндегі бе­делді, та­лант­ты же­ке тұлғаларға сүйену бол­ды. Абы­лай хан­ды XVI­II ғасыр­дағы ұлы жы­ра­улар Бұқар жы­рау, Үмбе­тей, Тәтіқара, ба­тыр­лардан Қабан­бай, Бөген­бай, Ма­лай­са­ры, атақты би­лер Ұлы жүздегі Төле би және Ор­та жүздегі Қазы­бек би мен Кіші жүздегі Әй­те­ке би­лер үнемі қол­дап отыр­ды

Абы­лай хан­ның көре­гендікпен жүргізген ішкі және сыртқы са­яса­ты ба­рысын­да Қазақ хан­дығы қуат­ты, біртұтас мем­ле­кет­ке ай­нал­ды

1781 жы­лы Абы­лай хан Түркістан­да қай­тыс бо­лып, Қожа Ах­мет Йас­са­уи ке­сенесінде жер­ле­неді