- •3.Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •2.Қазақ жоңғар соғыстары.
- •2. Қаз.Ң Ресейге қосылу себептері. Кіші және Орта жүздің Ресей имп.Ң құрамына кіруі.
- •3.Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •2. Оңт.Қаз.Ды жаулап алу.Отарлау.Ң аяқталуы
- •3. 20Ғ қазақ диаспорасы
- •1.Түрік қағанаты
- •3. Қазақстанның егемендік алуы (1989–1992жж)
- •2.«Зар заман»
- •2. Сырым датұлы бастаған көтеріліс
- •3.Егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі
- •1.Қарахан мемлекеті
- •2.Бөкей хандыгынын курылуы жәңгір хан
- •3.Тәуелс.Қаз.Ң әлеум.Экон.Қ жаңғырту кезеңдері
- •1.Орта ғасырлардағы отырықшы және көшпелі мәдениет.Қолөнер,сауда,ауыл шаруашылығы.Наным сенімдер және дін.
- •2. 1822 Және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.
- •2. 1867-1868Жылғы реформа
- •3. Тәуелсіз Қаз.Ң Білім және Ғылым реформ.Ы
- •3. “Қазақстан-2030” жолдауы
- •1.Шыңғыс хан шапқыншылығы.Моңғолдар.Ң Қаз.Мен Орта Азия жер.Н жаулап алуы. Отырар қорғанысы.
- •2.Кенесары касымулыКөтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
- •3.«Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы.
- •3.Ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы саяси қырлары
- •3.Қазақстан халқы ассамблеясы
- •2.1920-1940 Жж. Қазақстандағы мәдени құрылыс, ағарту ісі. Негізгі бағыттары және қиындықтары
- •2.Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру (1945-1956 жж.)
3.Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды.Саяси саладағы белгілері:
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Заңдылықтың бұзылуы.
Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері:
- Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі. - Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық. - Бақылаусыз басқару аппараты. - Товар зәрулігі.Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері: - Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.- Теңгермешілдік. - Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы. - Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы. - Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер. - Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.Жаңарудағы тежеудің ұшығы әміршіл-әкімшіл жүйенің бұрынғыша сақталуында, оның саяси институттарының тиімсіздігіне, халыққа жаттығында, адамға жақсы еңбек ету негізінен тиімсіз болған, оның экономикалық құрылымдарының өміршең еместігінде жатты. Қоғам дамуының қажеттерінен ғылым да қалып қойды.
Алғашқыда жарияланған мақсаттар мен нақты өмірдің арасындағы күрделі қайшылықтардың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына жеткізді.Қаз.н экон.ң артта қалуы және ондағы кемшілік.р тур 1986ж бастап ашық айтыла бастады. Осымен байл.ы он екінші бесжылдкта 1986-1990 жж рес.экон.н қайта құру мүмк.і іздест.і, бұл бағытта болған жаңа идея.ды іске асыру.ң жолдары қарас.ы. Мұның өзі бесжылд.та ұлттық табыстың қсуінде,әлеум.к ахуалды жақсартуда,ауыл шар.ы өнәм.н,оның ішінде ет,сүт өндіруде кейбір табыс.ға қол жеткізді. Қаз.да респ.экон.н нарық.қ қарым қатынас аясына шығару мақсатымен 1991ж ақпан айында Жоғары экон.қ кеңес құрылды.
4-билет
1.ҒҰНДАР Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Б.з.д 209 жылы бой көтеріп, б.з 216 жылы дейін дәурен сүрді.Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр.Б.з.д 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.з.д 47 ж ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдыңқысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанғаалғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Б.з 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылығы.Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған.Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар,нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Қоғамы.Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.
ҮЙСІН Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды. Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.з.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған. Шаруашылығы. Үйсіндер мемлекеті жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде маңызды рөл атқарды. Қыстау мен жазғы жайылымның ара қашықтығы – 30–100 шақырым аралығында болды. Сондықтан да үйсіндер қыстау мен жайлауда, сонымен қатар тау бөктеріндегі жайылымдарында ұзақ уақыт отыра алатын. Ол жерде тұрақты баспана салды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі болып тұратын жұт малдың жұқпалы ауруы, үздіксіз соғыс салдарынан малдан айырылған халықтың бір бөлігі тұрақты отырықшылыққа көшуге мәжбүр болды. Сол кездің өзінде-ақ күнделікті тұрмыста жер өңдейтін тас тырма, қолдан жасалған қол орақ пайдаланылған. Тастан жасалған қол диірменнің табылуы – сол замандарда өмір сүрген тұрғындардың дәнді дақылдармен қоректенгендігінің бір дәлелі. Үйсін мемлекетінде малға жеке меншік болды. Ру, тайпалардың жайылымдары иеліктерге бөлініп, қазына-байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды. Үйсіндердің өнері мен діні. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәрізді әшекейлі бас киімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымынан мәлімет беретін құнды ескерткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалынан табылғанМәдениеті. Жетісу мен Сырдария қалаларындағы тұрақтарды қазу нәтижесі ерте көшпелілердің мәдениеті, керамиканың негізгі типтері, еңбек құралдары мен қару-жарақтары жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі — үлкен күймелі арба. Оған түйе мен өгіздерді жеккен. Үйсіндер қорғандары негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адамдарды қылыш, жебе, садағымен бірге жерлесе, әйелдердің бейіттеріне әшекей бұйымдар – сырға, жүзік, моншақ, т. б қойылған.Үйсіндер мекендеген аймақта қолөнердің дамығандығы байқалады. Үйсіндердің бейнелеу өнері сақтардың көркемдік дәстүрімен (аң стилі) байланысты. Үйсіндерде құмыра жасау кәсібі барынша дамыды. Үйсіндер туралы тарихи деректер. Үйсіндер туралы кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кең байланыста болған. Үйсіндер туралы көп деректі Қытай тарихшысы Сыма Цян жазды. Оның жинағында үйсіндер туралы былай делінген: «Халықтың саны 630 мың, үй саны 120 мың, жауынгерлерінің саны 180 мың…… Үйсіндерде жылқы көп. Бай адамдардың 4000–5000 жылқысы болады.»
