Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KhO_1240_AUYZShA.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718 Кб
Скачать
☆

49.Термохимиялық теңдеу бойынша Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына есептер шығарып үйрену әдістемесі

50. Оқушылардың өздігінен орындайтын дербес жұмыстары, түрлері,оларды ұйымдастыру

Оқушылардың өзіндік жұмысына, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып, жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз. Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдістемелік шеберлікті талап етеді. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыруда бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру қажет. Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту үрдісіндегі алатын орнына, т.б. белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады. Оның ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері:

а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену);

ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар т.б.)

б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша, практикалық жұмыстар). Оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым мен оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу; шығармашылық жаттығулар, бақылау және т.б. [4, 5].

Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу, мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу т.б.) жатады. Шығармашылық жұмысқа оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, пікір жазу, модельдер т.б.жатады. Репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара байланысты болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады.

Төртінші топқа — мұғалімнің тапсыруынсыз: міндетті түрде емес, оқушылардың өз еркімен, ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады: қосымша әдебиеттерді оқуы, ғылыми үйірмелер мен ұйымдардың жұмысына араласып, байқау, олимпиадаларға қатысуы, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, үгіт-насихат, көпшілік мәдени-ағарту, өлкетану жұмыстарымен шұғылдану т.б.

51.Қазақстан ғалымдарының химияны оқыту әдістемесіне қосқан үлестері

Қазақстанда химияны оцыту эдістемесі гылымының дамуы.

1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау жэне жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыда озат мүғалімдердің іс-тәжірибесін кеңінен тарату және мүғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворованың «Химияны оқытудың социалистік қүрылыс практикасымен байланысы» деп аталатын еңбегін (1940 ж.) атап өтуге болады.

Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеу жүмыстарының негізгі бағыты - орта мектеп химиясының өзге пәндермен жэне өндіріспен байланысын ғылыми жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев Қазақстанның оңтүстік аймағындагы оқушылардың ауыл шаруашылығы тәжірибелік жүмыстарындағы химия, С.Мүсабеков химияны оқытудың биология жэне ауыл шаруашылығы өндірісімен байланысы, А.Г.Гатаулин ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П.Калашникова химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З.Дюсюпова органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.Сарманова химияны оқытуда оқушылардың IV- VI сыныптарда жаратылыстану - математикадан алған білімдерін пайдалану мәселелерін зерттеді. Қазақстандағы

органикалық химияның дамуы белгілі ғалымдар Д.В.Сокольский, Т.К.Чумбалов, И.Н.Әзербаев, А.Ф.Сейтжанов есімдерімен тікелей байланысты. Бұл ғалымдар ездерімен бірге органикалық химия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуына маңызды үлес қосқан дарынды шәкірттер тәрбиеледі.

Химияны оқыту эдістемесі жөніндегі зерттеу жүмыстарының бір тобы аса маңызды дидактикалық мәселелерді шешуге бағытталған.

З.П.ГІетренко металдармен байланысты оқушылардың өздігінен

істейтін жүмыс формаларын салыстыру, О.Хаймолдин химияны оқыту эрекетінде оқушылардың таным эрекетін жандандыру, А.Мырзабаев химиядан кластан тыс жүмыстар жүргізумен

байланысты оқушылардың практикалық дағдылары мен

икемділіктерін қалыптастыру, М.Д.Жадрина химияны оқыту әрекетінде оқушылардың оқуга икемділігін дамыту мэселелері бойынша зерттеулер жүргізді. Осы жолдардың авторы қазақ тілінде химия терминологиясының шығуы және дамуы барысын, химия терминдерін оқыту әдістемесін, кейіннен ғылым тілінің окыту әрекетіндегі дидактикалық қызметтерін зерттеді. Айтылған ғылыми зерттеулердің нэтижесінде көптеген ғылыми мақалалар жэне

әдістемелік құралдар жазылды.

Мектепте химияны оқытудың озат тэжірибелерін жинақтап, көпшілікке таратуда, мүғалімдерге арналган әдістемелік кеңестер жариялау КСРО Педагогика ғылымы академиясының Оқытудың мазмүны мен әдістері ғылыми-зерттеу институты қазак бөлімшесінің қызметкелері К.Ә.Сарманова, М.Д.Жадрина, эдіскер М.Х.Хасенова едәуір еңбек сіңірді. Әсіресе, еліміздің жетістіктерін өзіміздің отандық оқулықтарда жазып, оқушы дүниетанымына жеткізуде профессор Б.А.Мансүров еңбегін ерекше атауға болады.

Химияны оқыту эдістемесінің қалыптасуы жэне дамуымен оның алдында түрган міндеттер туралы бірнеше галым-әдіскерлермен қатар, химия пэнінің, оның ішінде ауылдық жерлердің мүғалімдері оз еңбектерінде, мақалаларында, кандидаттық, докторлық зерттеулерінде коптеген ғылыми-педагогикалық әдістемелік мэселелер котеруде. Олардың бэріне шолу жасау мумкін емес. Дегенмен, елімізде химия пэнінің болашақ маман кадрларын даярлауда оз үлесін аянбай қосып келе жатқан біраз ғалым - эдіскерлерді атауға болады. Солардың ішінде, мәселен, химияны оқыту эдістемесінің эдіснамалык негізі бойынша профессор

Ж.Ә.Шоқыбаев өзінің жүйелі ғылыми мектебін қалыптастыруда. Оның дәлелі-күні бүгінге дейін химияны оқыту әдістемесі саласы бойынша түрлі зерттеу жүмыстарының дамуына аса маңызды үлес қосқан шәкірттер тәрбиелегендігі. Көрнекті әдіскер, үсынылып отырған оқу құралының түңғыш авторы Иманмәлік Нүғыманүлының басшылығымен жэне одан эрі қарай профессор Ж.Ә.Шоқыбаевтың жетекшілігімен З.О.Өнербаева «Номенклатура мен символиканың өзара байланысы арқылы оқушылардың химиялық білімін жетілдіру» бағытында зерттеу жүмысын жүргізді. Сол сияқты профессор Ж.Ә.Шоқыбаевтың жетекшілігімен Қазақстанның іргелі аймақтарынан көптеген аспиранттар мен ізденушілер химияны оқыту эдістемесі ғылымының дамуына мол үлес қосатын еңбектерін үсынып, олар қазіргі оқыту әдістемесінде оң нәтижелерін беруде. Атап айтсақ, А.Н.Даниярова «Методика осуществления обобщения знаний на уроках химии», С.Г. Айтуғанова «Методическая система контроля знаний студентов по химии как средство активизации учебной деятельности», Р.С.Абекова «Экологиялық мазмүндағы есептерді шығарту әдістемесі», Г.А.Алиханқызы «Қытай мектептерінде химияны оқыту әдістемесін жетілдіру», Х.М.Рахымбек «Химия ғылымының дамуына байланысты химияны оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары», С.Жайлау «Жоғары мектептерде физикалық және коллоидты химияны оқыту эдістемесі» секілді мәселермен айналысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]