Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KhO_1240_AUYZShA.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718 Кб
Скачать
☆

61.« Су. Ерітінділер.» тақырыбындағы есептер шығару әдістемесі.

62.«Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша есептер шығарудың әдістемесі

Химияныц алгаиіқы ұгымдарымен таныстырудыц міндеттері мен мацызы. Қандай ғылым болмасын бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жетік түсінбейінше ғылымның мазмұнын игеру мүмкін емес. Орта мектептегі химияның курсы да аса маңызды алғашқы ұғымдарды қалыптастырудан басталады. Қазіргі жаңа бағдарлама бойынша бұл кіріспе тақырыпты оқып үйренуге 24 сағат, демек сегізінші сыныпқа тиесілі уақыттың бестен бірінен астамы бөлінген. Осыдан-ақ тақырыптың оқу- тәрбиелік маңызының зор екені көрініп тұр.

Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады:

1. Химия пэні, зат, химиялық элемент, атом, химиялық реакция, химиялық символика туралы алгашқы ұгымдарды қалыптастыру (олардың мазмұны мен сипаттамалары кестеде келтірілді);

2. Алғашқы ұгымдарды қалыптастырудың теориялық негізі болатын атом-молекулалық ілімнің қагидаларын саналы меңгерту; олардың тұрғысынан заттардың қасиеттерін, химиялық реакциялардың механизмін түсіндіру;

3. Құрам тұрақтылық заңын, масса сақталу заңын саналы игерту, қолдана білуге, атом-молекулалық ілім тұргысынан түсіндіре білуге үйрету;

4. Эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жүмыс істеу ережелерімен, қауіпсіздік техникасымен таныстыру; қыздыру аспаптарымен, зертханалық штативпен, реактивтермен, ыдыстармен, т.б. жұмыс істей білуге баулу.

Тацырыптың тәрбиелік міндеттері: 1. Табиғаттың бірлігі, заттардың жойылмайтыны, атом жэне молекуланың анық барлыгы жөнінде гылыми көзқарас қалыптастыру, пэнаралық байланысты жүзеге асыру. 2. М.В. Ломоносов, А. Лавуазье, Д. Дальтонның өмірімен таныстыру арқылы ғылымға шынайы берілген адамдар ғана жаңалык ашатынын көрсету. 3. Тарихи мәліметтердің тәрбиелік мацызын барынша пайдаланып, М.В.Ломоносов пен Дальтонның атомистикалық көзқарастарын салыстыру. 4. Оқушылардың химияға құштарлыгын тудыру.

Оқушыларды дамыта оқыту мақсатында эр ұғымды игерудегі олардың белсенділігін артгыру, тэжірибе қою, бақылау, талқылау, қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру. Ұғымның мазмұнын, көлемін, елеулі белгілерін, мэнін ашу жэне мысалдар келтіру, анықтама беру, ұғымдар жүйесіндегі орнын табу жэне қолдану біліктерін қалыптастыру.

Тақырыпты оқытудың тагы бір міндеті - химия пэнін оқытудың мазмұны мен әдістеріне енгізілген кейінгі өзгерістерді ескеру. Бұрыннан қолданылып келе жатқан Ю.В.Ходаков, Д.А.Эпштейн,

П.А.Глориозов оқулығымен бірге жаңадан ұсынылған Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман және қазақ авторларының оқулықтарының мүмкіншіліктерін жете пайдалану. Химия тарихында көрнекті орын алатын негізгі ұғымдарды енгізген ғалымдар Р.Бойль (элемент ұгымы), И.Я.Берцелиус (химиялық таңбалар), Э.Франклад (валенттілік ұғымы), Ж.Л.Пруст (құрам тұрақтылық заңы) туралы қысқа деректер келтірілген. Бұл деректерді эдістемелік талаптарға толық сәйкес келмегенімен жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, үй тапсырмасын бергенде тиімді пайдалану мұғалімнің міндеті. Сонымен бірге тарихи материалды оқулықтағыдан гөрі мұгалімнің терең білу керектігін ескерген жөн.

63. 9-сынып «Металдар» тақырыбындағы сандық есептер. Оларды шығару әдістемесі.

64. 9-сыныптағы «Бейметалдар» тақырыбындағы сандық есептер. Оларды шығару әдістемесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]