- •36. Химиялық реакциялар туралы ұғымның қалыптасуы, дамуы.Химиялық реакция ұғымының атом-молекулалық ілім тұрғысынан дамуы.
- •37. Химиялық реакциялар туралы ұғымының дамуы. Негізгі білім мазмұны. Электрондық көзқарас тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы.
- •38. Иондық теория тұргысынан химиялық реакция ұгымының дамуы.
- •39. Ерітінділер және электролиттік диссоциалану теориясының негіздерін оқыту әдістемесі, олардын бағдарламадағы орны мен маңызы. Ерітінділер концентрациясын оқыту әдістемесі.
- •40. Мектеп химия курсындағы ерітінділер туралы материалдарының орны мен маңызы. Оқушыларға ерітінді туралы алғашқы ұғымды vііі сынып химия курсында таныстыру және одан әрі ерітінді дамыту.
- •42. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі. Оқыту кезеңдері және оларға сипаттама.
- •43. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын д.И.Менделеевтің периодтық заң мен периодтық жүйесіне дейін және кейін оқыту әдістемесі.
- •44. Металл еместерді оқыту әдістемесі. Периодтық заң және электрондық теория тұрғысынан галогендерге сипаттама.
- •46. Органикалық заттарды оқып –үйренудің әдістемесі, оқу –тәрбиелік манызы. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы. Органикалық заттардың құрылысы туралы ұғымды қалыптастыру.
- •45. Металдарды оқыту әдістемесі. Мектеп химия курсында металдар туралы оқу материалдарының оқу-тәрбиелік маңызы.Оқушылардың металдар туралы алғашқы білім көлемі және деңгейі
- •47. Оқушылардың химия пәнінен алған білімін қорытындылау. Химиялық білімді қорытындылаудың маңызы мен міндеттері. Қорытындылау сабақтарын ѳткізудің әдістемесі.
- •48. Оқушыларды химия өндірістері мәселелерімен таныстыру. Химиялық өндіріс туралы оқу материалының маңызы және міндеттері. Химиялық өндірісті оқып-үйренудің методикалық мәселелері.
- •49.Термохимиялық теңдеу бойынша Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына есептер шығарып үйрену әдістемесі
- •50. Оқушылардың өздігінен орындайтын дербес жұмыстары, түрлері,оларды ұйымдастыру
- •51.Қазақстан ғалымдарының химияны оқыту әдістемесіне қосқан үлестері
- •52.Химияны оқытуда орыстың ұлы ғалымдарының көзқарастары.
- •53.Орта мектептегі химия курсын құрудың негізгі ұстанымдары.
- •54.Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері және оларды жіктеу.
- •55.«Химия» пәнінен оқу бағдарламасы,оның құрылымы,мазмұны. Мұғалімнің бағдарламамен жұмысы. Оқу материалын жыл бойына бөлу.
- •56.Бағдарламаның тарауларында кейбір тақырыптар бойынша тақырыптық жоспардың үлгісі. Тақырыптық жоспар жасауда мұғалімнің жұмысы.
- •57.Дәстүрлі емес сабақтар. Семинар сабақтары, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі.
- •58.Дәстүрлі емес сабақтар. Конференция сабағы, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі.
- •59.Дәстүрлі емес сабақтар. Дәріс сабақтары, оны ұйымдастыру, өткізу әдістемесі.
- •60.Химиядан мектеп оқулықтары. Оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
- •61.« Су. Ерітінділер.» тақырыбындағы есептер шығару әдістемесі.
- •62.«Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша есептер шығарудың әдістемесі
- •65. Сабақ жоспары. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар. Жоспардың құрамды бөліктері, формасы және мазмұны.
- •66.Мұғалімді сабақтың жоспарын және конспектісін жасауға және онымен жұмыс істеуге дайындау.
- •67.Химиялық диктант және оның түрлері.
- •68.Тесттік тапсырмалар, олардың түрлері.Мысалдар келтір.
- •69.Химиядан мектептегі жаттығулар. Дидактикалық материалмен өз бетінше жұмыс жасау..
- •70.«Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбындағы сандық есептер. Оларды шығару әдістемесі.
- •71.Орта мектептің химия кабинеті, оған қойылатын талаптар. Кабинет жұмысын ұйымдастыру және жабдықтау.
- •72.Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.Алғашқы көмек көрсететін дәрі қорабының жабдықтары.
- •73.Химия кабинетіндегі оқушыларға арналған қауіпсіздік ережелері.
- •74.Химиялық реактивтер, олардың жіктелуі. Реактивтерді сақтау ережелері.
45. Металдарды оқыту әдістемесі. Мектеп химия курсында металдар туралы оқу материалдарының оқу-тәрбиелік маңызы.Оқушылардың металдар туралы алғашқы білім көлемі және деңгейі
46. Органикалық заттарды оқып –үйренудің әдістемесі, оқу –тәрбиелік манызы. Органикалық химия курсының мазмұны мен құрылымы. Органикалық заттардың құрылысы туралы ұғымды қалыптастыру.
Органикальщ химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы мен міндеттері Орта мектепте органикалық заттар немесе көміртегі қосылыстарының химиясы арнайы курс ретінде өтіліп, бірқатар оқу- тәрбиелік міндеттерді шешеді.
Органикалық химияда заттардың сан алуандығы жэне оның себептері жөнінде ұғым қалыптасады, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың бірлігі мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Органикалық заттар саны жағынан көп, қазіргі кезде белгілі қосылыстардың төрттен үші органикалық заттарға жатады. Органикалық заттардың құрамына негізінен көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт жэне фосфор элементтері, яғни санаулы ғана элементтер кіреді. Кейінгі кезде металорганикалық және электроорганикалық қосылыстар кептеп алынуда, бірақ олар орта мектепте оқытылмайды.
Органикалық қосылыстардың құрамына оқушыларға таныс элементтер гана кіргенімен әр алуан болуы көміртегі атомдарының езара бір жэне еселенген химиялық байланыстар түзуге бейімділігімен түсіндіріледі.
Органикалық химияда заттардың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті нақтылауға көбірек назар аударылады. Бұл салада бейорганикалық химиядан алған білім тереңдеп, одан әрі дамытылады.
Заттардың жіктелуі жөніндегі білім кеңейеді. Оқушылар органикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы жаңа ұғым алады, олардың құрамының күрделіленуімен жэне генетикалык байланысымен танысады.
Химияның халық шаруашылығында қолданылуы, ғылым мен ендірістід езара шарттастығы женіндегі білім дамытылады. Пластмасса, жасанды торқалар, былғары, каучук, ауыл шаруашылығында, медицинада қолданылатын заттар ендірудегі органикалық синтездің жетістіктері баяндалады. Бұл салада жэне экологиялық жағдайды жақсартуда елімізде жүзеге асырылатын шаралармен таныстырады.
Органикалық химияның теориялық кезқарастарын дамытуда жэне ғылыми жаңалықтарын ашуда галымдардың қосқан үлесіне баса назар аударылып, интернационалдық жэне патриоттық тәрбие беру жүзеге асырылады. Оқушылардың теориялық білімі жаңа сатыға кетеріледі. А.М. Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы, В.В. Марковниковтың атомдардың езара эсері женіндегі ережесі, Н.Н. Зининнің анилин алу реакциясы, М.Т. Кучеровтың ацетиленді гидраттау реакцияларының маңызы түсіндіріледі.
Органикалық химияда ғылымаралық және пэнаралық байланыстарды жүзеге асыруға зор мүмкіндік туады. Органикалық химия тірі организмдердің құрамына кіретін, олардың денесін құрайтын, биохимиялық бағыттарға қатысатын заттарды зерттейді, тіршілік барысын молекулалық деңгейде түсінуге жәрдемдеседі. Биологиялық аса маңызды заттар: кемірсулардың, майлардың және ақуыздың химиялық құрамы жэне олардың қасиеттерімен таныстыру арқылы органикалық химия оқушыларды жалпы биологияның оқу материалын жете игеруге эзірлейді.
Органикалық химияны өткенде оқушылардың зертханалық- сарамандық біліктері дамиды. Едәуір күрделі сапа және сан тәжірибелерін жасауды, эксперимент есептерін шыгаруды үйренеді.
Органикалық химияны игеру барысында оқушыларда дүниенің материядан түратыны, бірлігі, уздіксіз дамуы, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы, оларды танып-білуге болатыны жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасады. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың, бейорганикалық заттар мен органикалық заттардың арасын бөліп түрган шекара жоқ екені жөнінде пікір туады.
Органикалық химия оқушылардың ақыл-ойының дамуына зор әсерін тигізеді. Қисынды ойлаудың дедукция, анализ және синтез, салыстыру жэне жалпылау тэсілдері жиі пайдаланылады.
Органикалық химия курсының мазмуны мен қурылымы. Орта мектепте оқылатын органикалық химия курсының мазмүны мен қүрылымы үдайы жетілдіріліп келеді. Оның алғашқы түрақты бағдарламасын, оқулығын, оқыту әдістемесін В.Н. Верховский, Л.М.Сморгонский жазды. 1950 жылдардан бастап орта мектептегі органикалық химияның мазмүны мен әдістемесін жетілдіруде Л.А. Цветков көрнекті еңбек сіңіріп келеді.
Алғашқы багдарламада оқу материалы қүрамы қарапайым қосылыстардан басталып, құрылысы және атқаратын қызметі күрделі қосылыстарга дейін орналастырылады. Кейінгі багдарламаларда осы негізгі әдістемелік негіз сақталып, оқу-тәрбиелік маңызы аз кейбір деректі материалдар қысқартылды, жаңа теориялық көзқарастармен толықтырылды. 1968 жылы жаңартылған бағдарламага органикалық заттардың электрондық және кеңістіктік қүрылысы туралы үғым, химиялық байланыстың табигаты жөніндегі соңғы көзқарастар, орынбасу жэне қосып алу реакцияларының механизмі, атомдардың өзара әсері туралы түсініктер енгізілді. 1988 жылдан бастап бағдаламаға пәнаралық үштастыруды, оқытудың өндіріспен жэне өмірмен байланысын күшейтетін өзгертулер жасалды. Органикалық заттардың қурылысы туралы ұгымды қалыптастыру. Органикалық заттардың құрылысы А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы, электрондық теория жэне кеңістік кұрылысының теориясы тұрғысынан қарастырылады.
Соңғы кездегі бағдарлама бойынша органикалық химияның курсы органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын мына жоспарға сэйкес оқып, үйренуден басталады: кұрылыс теориясы шығуының алғы шарттары; құрылыс теориясының мәні мен маңызы; изомерия туралы алғашқы ұғым; кіші период элементтері атомдарының электрондық құрылысы жэне химиялық байланыс.
Бұл материалдарды үйренуге арналған сабактар әңгімелесу кірістірілетін дэрістер түрінде өткізіледі. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында органикалық химияның дамуына ендірістің, қоғамдық сарамандықтың тигізген эсері, деректі материалдың көбеюі мен оларды түсіндіретін көзқарастар арасында қайшылық туғаны баяндалады. Солардың ішінде органикалық заттардың сан алуан болуын, оларда валенттілік заңдылығының сақталмайтындай тэрізді көрінуін, сапалық құрамы бірдей заттар қасиеттеріндегі өзгешеліктерді түсіндіру қажет болғаны айтылады. Бұл қайшылықтарды дәлелдейтін нақтылы мысалдар келтіріледі. Бейорганикалық химияда көптеген химиялық элементтер сутегімен бір ғана қосылыс түзетіні оқушыларға белгілі болса, көміртегінің сутегімен қосылыстары көп екеніне ңазар аударылып, метан, этан, пропан, бутан, пентан қосылыстарының формулалары жазылады. Үстірт қарағанда этанда көміртегі үш валентті, бутанда екі жарым, қалғандарында да бөлшек валенттілігі байқалады. Оқушылардың биологиядан алған біліміне сүйеніп, құрамы бірдей, қасиеттері әр түрлі заттар ретінде глюкоза мен фруктоза атап өтіледі. Бұл қайшылықтарды түсіндіретін және жаңа органикалық қосылыстарды синтездеуге жөн-жоба сілтейтін теория қажет болғаны айтылады.
Осындай теорияны 1861 жылы Қазан университетінің профессоры А.М.Бутлеров ұсынды. Ол органикалық заттардың химиялық қүрылысы туралы теория жасау үшін жаңадан гана теорияға айналып, әлі көпшілік мойындап үлгермеген атом- молекулалык гипотезаны, валенттілік ұғымын пайдаланғаны, заттың құрылысын анықтауда химиялық тәсілге кэміл сенгені туралы тартымды жэне дәлелді баяндалады. Құрылыс теориясының негізгі қағидалары талқыланады.
Бірінші қагида - молекулада атомдардың белгілі бір ретпен байланысатындығы. Бұл қағиданың туынды ұғымдары: түзу жэне тармақталған көміртегі тізбегі, изомерия жэне изомерлер, құрылым формулалары. Ұғымдарды нақтылай түсу үшін валенттілік орнына сызықшалар қойып, метанның химиялық формуласы жазылады. Төрт сутегінің атомы көміртегінің атомдарымен байланысып, өзара тікелей химиялық байланыс түзбейтініне оқушылардың назары аударылады. Бұдан соң этанның, пропанның жэне бутанның құрылым формулалары жазылады.
