Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KhO_1240_AUYZShA.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718 Кб
Скачать
☆

42. Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі. Оқыту кезеңдері және оларға сипаттама.

Химиялық элементтерді оқып, үйренудің эдістемелік негіздері. Орта мектептегі химия курсы мазмұнының маңызды бөлігін химиялық элементтер жэне олардың қосылыстары туралы білім құрайды. Оқушыларды химиялық элементтермен таныстырғанда оқытудың жекеден жалпыға, белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға қарай жылжитын аса маңызды негіздері қолданылады. Осы негіздерге сэйкес элементтерді жэне олардың қосылыстарын оқып үйрену бірнеше кезеңде жүзеге асады: 1) жеке элемент жэне оның қосылыстарымен таныстьфу; 2) элементтердің табиғи топтары жөнінде ұғым қалыптастыру; 3) периодтық заң жэне периодтық жүйені оқыту; 4) периодты заңдылықтың негізінде элементтерді топ және топшалары бойынша қарастыру; 5) химиялық элементтер туралы білімді жинақтап қорыту.

Алгашқы химиялық ұғымдардан кейін жеке элементтерден оттегі және сутегі индукциялық тәсілмен өтіледі. Бұл элементтер кең таралған, қосылыстары оқушыларга табиғаттану, биология жэне физика курстарынан жақсы таныс. Оқушыларға оттегінің ауада кездесетіні, организмдер тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығаратыны, өсімдіктердің фотосинтезі кезінде көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратыны, оттегінің алынуы, жануды Қолдайтыны жэне физикалық қасиеттері белгілі.

Мұның бэрі оттегінің жай зат түріндегі қасиеттері. Оқушылардың осы білетіндеріне қосымша оттегі жай затының молекуласы оттегі элементінің екі атомынан түзілетіні, элементтің химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, қосылыстардағы валенггілігі, табигатта таралуы түсіндіріледі. Ауаның, судың жер қыртысының қүрамында, тірі организмдердің денесінде болатыны айтылады, күрделі заттар айырылганда алынатыны, тотыгу реакциясына қатысып, оксидтср түзетіні талданады. Қасиетіне қарай жасанды тыныс алатын жерлерде (гарышта, су астында, медицинада), жануды күшейтуді қажет ететін енеркэсіпте (металлургияда, химия заводтарында), пиротехникада қолданылуы сызбанүсқа түрінде көрсетіледі.

Сөйтіп химиялык элементпен алгашқы таныстыру мына жоспар бойынша жүзеге асырылады: а) химиялық таңбасы жэне

салыстырмалы атомдық массасы; э) табигатта кездесуі; б) бос күйінде алынуы; в) жай затының қасиеттері; г) маңызды химиялық қосылысының қүрамы жэне қасиеттері; ғ) қосылыстарындагы вапенттілігі; д) халық шаруашылыгындагы маңызы.

Осы жоспарга сэйкес оттегі мен сутегінің элементтері оқылып, олар түзетін маңызды қосылыстар су, оксидтер, қышқылдар, түздар жэне негіздер туралы білім беріледі. Бұл білім элементгерді оқып- үйренудің екінші кезеңіне негіз болады.

Екінші кезеңде озара өте үқсас химиялық элементтердің үш тобы - галогендер, сілтілік металдар және инертті газдар қарастырылады. Периодтық заңдылықты игсруге нақтылы әзірлік жасалады.

Үшінші кезеңде оқушылар барлық элементтердің басын біріктіретін, бірімен-бірін үштастыратын жаппы заңдылықпен танысады. Периодтық жүйеге орналастырылган химиялық элементтер арасындагы көлбеу, тік және қигаш байланыстардың мэнін түсінеді. Элементтердің периодқа, қатарга, топқа жэне топшага орналасуының негіздерін, әрқайсысының ерекшеліктерін игереді. Химиялық элементтерді ашу жэне жіктеу дамылсыз жүзеге асып, ақырында периодтық заңның ашылганын біледі. Табигаттың ұлы заңын ашу үшін танымдық ой-өрісі кең, сіңісіп кеткен кертартпа пікірлерге батыл қарсы шыгатын галым керек болганын, Д.И.Менделеевтің осы талаптарга сай келгенін түсінетін дэрежеге көтеріледі. Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң, сондай - ак периодтық жүйе химиялық элементтерді жэне оларды оқып- үйренудің теориялық негізіне айналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]