Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Alisher.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
516 Кб
Скачать
☆

10 КВ кернеу трансформаторларын таңдау

Құрылғы

Типі

S бір орама

Орама саны

Құр. саны

Жалпы қуат

S,

В∙А

Вольтметр (шина)

Э - 335

2

1

1

2

Ваттметр

енгізу 10 кВ

Д – 335

1,5

2

1

3

Актив және реактив есептегіштер

ПСЧ-

4АР.05.2

2

1

1

2

Актив және реактив есептегіштер

10кВ

желі

ПСЧ-4АР.05.2

2

1

4

8

Барлығы

-

-

-

13

Uуст ≤ Uном

Uуст = 10 кВ ≤ Uном = 10 кВ

Екінші ретті жүктеме:

S2Σ ≤ Sном

S2Σ = 13 В · А ≤ Sном = 3 · 50 = 150 В · А

ЗНОЛ 06-10УЗ кернеу трансформаторын таңдаймыз.

Кернеуі 10 кВ қатқыл шиналарды таңдау

Iном = 72 130 А

АС-25/4,2 d=29,05мм, Iдоп=130А сымын таңдаймыз

ПУЭ бойынша тәж шарттарына тексеру жүргізілмейді.

Асқын кернеу шектеуіштерін таңдау

Төменгі (10) кернеу жағына ОПН-РС-УХЛ1 типті сызықты емес асқын кернеуден шектеуіш қондырғысын таңдаймыз.

Оның негізгі параметрлері төмендегідей:

Номиналды кернеуі - 10кВ.

Ең жоғарғы кернеу - 11кВ.

Оқшаулағыштарды таңдау

10 кВ кернеу жағынан – ОНШ-10-5-1УХЛ1.

Uорн=10 кВ = Uжұм =10 кВ

8.4 Өзіндік мұқтаждық схемаларын тандау

Қосалқы стациядағы өзіндік мұқтаждық тұтынушыларының құрамы қосалқы станция типіне, трансформаторлар қуатына, электрлік құрал-жабдықтардың типіне байланысты келеді.

ҚС ө.м. тұтынушыларының ең аз саны тұрақты күзет персоналынсыз ықшамдалған схемаларда кездеседі. Мұндай тұтынушыларға трансформаторды желдендіру, жетектер мен ажыратқыш бактарын, КТҚ шкафтарын жылыту электр қозғалтқыштары мен қосалқы станцияның жарықтандыру элементері кіреді.

Ө.м. тұтынушыларының қуаты шамалы, сондықтан олар төмендеткіш трансформаторлардан қорек алатын 380/220 В торапқа қосылады. ТСН қуаты қосалқы станцияның әр түрлі режимдеріндегі жүктемелерге тәуелдікке сәйкес болады, бірақ 630 кВА-ден жоғары болмауы керек.

Өлшеулер нәтижесінде ө.м. тұтынушыларын электрмен жабдықтау орта есеппен Sср=96 кВА құрайды.

ТСН қуатын анықтаймыз:

кВА

Трансформатордың қалыпты режимде жүктелу коэффициенті:

Трансформатордың апаттан кейінгі режимде жүктелу коэффициенті:

Яғни, өзіндік мұқтаждық трансформаторлары асқын жүктелмейді.

«Рождественка» ҚС-да екі ТМ-100/10/0,4 типті ө.м.трансформаторларын таңдаймыз.

8.5 КТҚС-10 кВ ұяшықтарын тандау

10 кВ кернеуде бүгінгі таңда төмендегідей артықшылықтарына байланысты көбінесе вакуумды ажыратқышты комплектілі тарату құрылғылары (КТҚ) кең қолданыс тапқан:

  • номинал токтар мен ажыратудың номинал токтарын коммутациялағанда жоғары беріктілігі;

  • пайдалану шығындарының шапшаң төмендеуі;

  • толық жарылыс пен өрт қауіпсіздігі және агрессивті ортада жұмыс істей ау мүмкіндігі;

  • вакуумды доға сөндіргіш камера жұмысындағы температураның кең диапазоны;

  • салмағының жеңілдігі мен аппаратының ықшам құрылымдылығының арқасында соққы және діріл жүктемелеріне аса беріктігі;

  • тарату құрылғыларының түрлі құрылымын жасауға мүмкіндік беретін кез-келген орынға орналаса алуы мен кішігірім өлшемдігі;

  • шуылсыздығы, тазалығы, қызмет көрсетуде ыңғайлылығы, доғада аз энергия бөлуі және ҚТ сөнгенде май мен газ шашпауы;

  • қоршаған ортаны ластамауы.

10 кВ тарату құрылғысы ретінде әртүрлі арналымдағы жеке ұяшықтардан тұратын зауыттық жасалымдағы жабық КТҚ қолданған абзал.

КТҚС-10 кВ комплектеу үшін самаралық «Электрощит» зауыты шығаратын К-59 кіші өлшемді ұяшықтарын тандаймыз. Берілген ұяшықтар заманауи пайдалану талаптарына сай, вакуумды ажыратқышты жылжымалы арбашасы бар және КТҚС-10 элементтерінің кез-келгеніне кіруге қауіпсіз рұқсат алған.

К-59 сериялы КТҚС құрамына электрмагнитті жетек, ток және кернеу трансформаторлар, разрядниктер, жерлестіру пышақтар, құрама және жалғау шиналар, тіректік және өтпелі оқшаулағыштар, ВВ/ТЕL–10–20/1600 типті вакуумды ажыратқыш кіреді.

9 Релелік қорғаныс және автоматика

9.1 Трансформатордың релелік қорғанысы

Электрмен жабдықтау жүйелерін пайдалану процесінде олардың жеке элеменнтерінің зақымдалуы пайда болады. Зақымдалулардың ең қауіпті және жиі түрі – электр қондырғыларының фазалары арасындағы қысқа тұйықталулар және жерге тұйықталу токтары үлкен тораптардағы бірфазалы жерге қысқа тұйықталу. Электр машиналарында және трансформаторларда фазааралық және жерге қысқа тұйықталумен бірге орамдық тұйықталулар да орын алады. Қысқа тұйықталудың пайда болу салдарынан электрмен жабдықтау жүйесінің қалыпты жұмысы бұзылады, ал бұл өндіріске өте үлкен шығын әкеледі.

Қысқа тұйықталу токтары аққанда электрмен жабдықтау жүйесінің элементтері термикалық және динамикалық әсерлерге ұшырайды. Осы әсерлерді төмендету және олардың алдын алу үшін релелік қорғаныс деп аталатын автоматты құрылғылар жиынтығын орнатады.

Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:

- зақымдалудың барлық түрін сенімді өшіру;

-қорғаныстың сезімталдығы;

-тек зақымдалған учәскелерді ажырату;

-тез әсер ету қабылеті;

- зақымдалулар туралы белгі беретін сигнализация.

Күштік трансформаторлар үшін релелік қорғаныс құрылғылары зақымдалулардың және жұмыстың қалыпты емес режимдерінің келесі түрлерінен қорғайды:

- нейтралі жерге тікелей қосылған тораптарда орамалар мен кірмелерде болатын көпфазалы тұйықталулар;

- орамдық тұйықталулар;

-аса жүктелген кезде пайда болатын орамалардағы токтар;

- май деңгейінің төмендеуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]