Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Alisher.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
516 Кб
Скачать
☆

1.2 Объектілерді электрмен жабдықтау схемалары

Өндірісте, агроөнеркәсіптік кешенде және қалаларды электрмен жабдықтау жүйесінде электр қабылдағыштарының көбі кернеуі 1 кВ-қа дейінгі жұмыстар үшін есептелген. Сондықтан, олардан айтарлықтай алшақ емес жерде кернеуі 10 кВ желілері арқылы негізгі төмендеткіш қосалқы станциясымен немесе тарату пунктісімен байланысатын трансформаторлы қосалқы станциялары орнатылады.

«Рождественка» қосалқы станциясы таратушы тораптарды қоректендіру көзі болып табылады. Ол электр энергиясын тұтынушылардан оптималды ара-қашықтықта, яғни таратушы тораптардың жүктемелерінің ортасында орналасқан.

Құрылу құрамына байланысты таратушы тораптар: радиалды, магистралды және аралас деп бөлінеді. Олардың біржақты, сондай-ақ екіжақты қорек көзі болуы мүмкін. Радиалды схемада – қоректендіру көзінің шиналарынан әрбір тарату құрылғысына немесе трансформаторлы қосалқы станциясына сәйкесінше желілер шығады. Үшінші категориялы электр қабылдағыштары үшін олар жалғыз, ал аса маңызды қабылдағыштар үшін – бір-бірінен тәуелсіз екі қорек көздері арқылы қосарланып жасалады.

Желілер тарату құрылғысының сәйкес шина секциялары үшін бөлек қызмет етеді. Қарастырылған радиалды схемалар – бірсатылы. Егер, бірнеше тарату құрылғысы тізбектей қосылған болса, онда схема – көпсатылы болады. Радиалды схемалар пайдалану қарапайымдылығымен және сенімділігімен ерекшеленеді.

Коммутациялық түйіндер санын азайтуға және капиталды шығындарды төмендетуге деген ұмтылыс магистралды схемаларды қолдануды талап етеді. Мұнда тарату пункті және трансформаторлы қосалқы станциясы бірінен соң бірі бір немесе екі параллель желіге қосылады. Бір жақты қорек көзі бар дара магистралды схемалар тек үшінші категориялы тұтынушылар үшін ғана қолданылады. Магистралды схемалардың электрмен жабдықтау сенімділігі және пайдалану қолайлығы жағынан радиалды схемалардан артта қалады. Электрмен жабдықтау сенімділігін екі жақты қорек көзі бар дара магистралды схемаларды қолдану арқылы жоғарылатуға болады. Қалыпты режимде магистралді тарату құрылғыларының немесе қорек көздерінің бірінде орнатылған секционды коммутациялық аппарат арқылы ажыратылған жағдайда ұстау керек.

Екі магистралды схемалардың сенімділігі жоғары болады. Олар екі трансформаторлы қосалқы станцияларын немесе екі шиналы секциясы бар тарату құрылғыларын қоректендіру үшін қолданылады. Трансформаторлар және шина секциялары бөлек жұмыс істейді. Магистралдың бірі зақымдалған жағдайда тұтынушылардың тек жартысы ғана, оларды келесі магистралға қосуға қажет уақыт аралығына, қорек көзінен ажыратылады. Егер магистралдар әртүрлі қорек көзінен қосылған болса, онда мұндай магистралды схеманың сенімділігі өте жоғары болады. Бұл схемаларды бірінші категориялы тұтынушыларды қоректендіру үшін қолданады. Қарастырылған радиалды және магистралды схемалар кернеуі 1 кВ-қа дейінгі тарату тораптарында да қолданылады. Қалаларды электрмен жабдықтау жүйелерінде – тарату тораптарының күрделі тұйықталған схемалары кездеседі.

Электрмен жабдықтау жүйелерінде электр тораптары – синхронды электр машиналарының және трансформаторлардың нейтралінің жерге қосылу режиміне тәуелді нейтралі тікелей жерге қосылған және доға сөндіргіш реакторлар арқылы нейтралдары оқшауланған немесе жерге қосылған тораптар деп бөлінеді.

Жоғарыда айтылғандардың біріншісіне – кернеуі 110 кВ және одан жоғары тораптар, сондай-ақ кернеуі 1 кВ-қа дейінгі төрт сымды тораптар жатады. Кернеуі 35 кВ-қа дейінгі және кернеуі 35 кВ тораптардың нейтралдары – не оқшауланған, не доға сөндіргіш реакторлар арқылы жерге қосылған болады.

Электрмен жабдықтау жүйелері радиалды схемалардың элементін құрайды, яғни аралас схема бойынша орындалады. Ол электр қабылдағыштарының категориясымен және электрлендірілетін объектінің жалпы электрлік жүктемесімен анықталады.

«Рождественка» қосалқы станциясының 10 кВ-тық кернеуі жағынан негізінен II және III категориялы тұтынушылар қоректендірілетін болғандықтан, электрмен жабдықтаудың сақиналы магистралды схемасын қолданамыз. «Рождественка» қосалқы станциясынан шығатын бір фидерлі желі бір трансформаторлы қосалқы станциясын қоректендіреді де, келесі ТҚС-ке бағытталады. Осылай ол 5-6 трансформаторлы қосалқы станцияларын қамтиды. Параллель ұяшықтың кабелі бірінші ұяшықпен қамтылған трансформаторлы қосалқы станциясының ең соңғысына қосылады. Ажырату – алынған сақинаның ортаңғы трансформаторлы қосалқы станциясында коммутациялық аппараттың бірін сөндіру арқылы (әдетте ажыратқышпен) орындалады. Олай болса, барлық трансформаторлы қосалқы станциялар екі желі бойынша қоректендірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]