Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Alisher.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
516 Кб
Скачать
☆

12. 1 Доғалы қысқа тұйықталуды айқындау әдістері

Доғалы қысқа тұйықталу - электр сипаттамалары мен параметрлерінің (ток, кернеу, кедергі) өзгеруімен бірге температураның, тіпті электр өткізгіштіктің және комплектті тарату құрылғысы бөліктерінің ішіндегі жылулық (жарықтық) сәулелендірудің жоғарылауымен қатар жүреді. Тап осы ақпараттық белгілер қорғаныста қолдана алатын келесі қасиеттерге тиісті жауап беруі керек: жоғары тез әрекеттік , абсолютті сұрыптаушылық және сезімталдық. Доғалық қысқа тұйықталуды айқындаудың негізгі тәсілдерінің екі түрі бар:

- ток немесе кернеудің спектрлік құрамды электр тізбегінің сипаттамаларын және параметрлерін; токтар мен кернеулердің симметриялы және фазалы дәлелдерін және модулдерін; токтар немесе кернеулер бейсимметриялылығының дейгейін немесе қысқа тұйықталған тізбектің вольт-амперлі сипаттамаларын бақылау негізінде құрылған әдістер. Бұл сигналдар – релелік қорғаныс үшін арналған дәстүрлі сигналдарды - токтар және кернеулерді қолдануға рұқсат етеді;

- электр доғаның және онымен қатар жүретін құбылыстардың: температуралар, қысымдар, қоршаған ортаның электрлік өткізгіштігін (газдардың иондану дәрежелері), сәулелену, ортаның оптикалық қасиеттерін, электрмагниттік сәулеленуді бақылау негізінде құрылған әдістер. Олар тарату құрылғысындағы доғалық қысқа тұйықталуды айқындау дәрежесін үлкейтуге мүмкіндік береді.

12.2 Доғалы қысқа тұйықталудан қорғау әдістерін салыстыру

Доғалы қысқа тұйықталудан қорғаудың қарапайым техникалық шешімі – максималды токты қорғаныс. Оның негізгі артықшылықтарының бірі: жоғары элементтік сенімділік және төмен баға. Максималды токты қорғаныстың шектеуші факторлары: салыстырмалы сұрыптаушылық және жеткіліксіз тез әрекеттілік.

Абсолютті сұрыптаушылық талабына «шинаны логикалық қорғау» және токты дифференциалды қорғаныстар жауап береді. Олардың әсер ету аймағына құрама шиналар мен ажыратқыштар кіреді. Осы қорғаныстардың «жансыз» аймағы болып зақымдалудың аса мүмкін орындарының бірі - өлшеуіш ток трансформаторларының және кабель бөліктері.

«Шиналарды логикалық қорғау» қуатты электрқозғалтқыштарынан қорек көзі болған жағдайда қысқа тұйықталудың бастапқы сатысында әсер етпей қалуы мүмкін және оны осы қосылулардағы қуат бағытын бақылау жолымен қалпына келтіруге болады. Доғаның вольтамперлі сипаттамасының сызықты емес болу әсерінен кернеулерде жоғары гармоникалық құраушылардың пайда болуы қосымша ақпараттық белгі болып табылады. Дәл солай, доға бағанасының және жерге қосылған металлконструкциялары ұзындықтарының теңсіздігінен кері және нөлдік реттіліктегі ток пен кернеулердің симметриялы құраушыларының болуы.

12.3 Электрлік доға параметрлерін бақылау

Электр доға бағанасына келтіретін энергия көзінің маңызды бөлігі жылулық энергияға айналады. Ұяшықтағы температураны бақылау үшін контактілі және дистанционды әдістер қолданылуы мүмкін. Алайда, олардың қолданылуы аппараттың салыстырмалы күрделілігімен және температура датчигінің дәл позияциясының қажеттілігімен шектеледі.

Доғалық қысқа тұйықталу энергиясынан, ошиновка материалынан, бөліктің толтыру коэффициентінен, қысқа тұйықталу ұзақтығынан тәуелді қысымның жоғарылауы да зақымданудың қарастырып отырған түрінің себебінің бірі болуы мүмкін. Алайда, бөліктің герметикалық еместігінен қысымды бақылайтын қорғаныс сезімталдығы да шектеулі. Клапанды қорғаныс токтардың 3,5 кА және одан жоғары шамаларында ғана іске қосылады. Зарядталған бөліктердің тығыздығын бақылау тек доға бағанасына жақын қашықтықта ғана мүмкін, ал доға бағанасынан электрөткізгіштік датчиктерін алып тастасақ қорғаныстың сезімталдығы төмендейді. Жылулық сәулеленудің қуаты, соның ішінде жарықтық сәулелену қысқа тұйықталу токтың шамасынан тәуелді болады. Осы токтың шамасына қосылғанға дейінгі жүйенің және доға бағанасының кедергісі әсер етеді. Ақпараттың отпикалық датчиктері қолданылатын қорғаныс сезімталдығын бағалау олардың сезімталдығының қуаты 2,5 МВ∙А және одан жоғары трансформаторларға қосылатын комплектті тарату құрылғысының барлық типтері үшін ыңғайлы екенін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]