- •2009 Жылы Елбасымен ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын үдемелі іске асыру тапсырмасы қойылған болатын. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – электр энергетикасы саласы.
- •1.2 Объектілерді электрмен жабдықтау схемалары
- •1.3 Табиғи – климаттық жағдайы
- •1.2 Кесте
- •Сурет 3.1 «Рождественка» қс-нан шығатын 35 кВ желілердің бастапқы есептік сұлбасы
- •3.2 Жүктеменің тәуліктік графигінің тұрғызылуы
- •3.4 Қондырғының техника-экономикалық көрсеткіштері
- •4 «Рождественка» қосалқы станциясындағы трансформаторлардың қуатын және санын таңдау
- •4.1 Трансформаторлардың асқын жүктелу қабілеттілігін есептеу
- •7.2 «Рождественка» қосалқы станциясындағы қысқа тұйықталу токтарын есептеу
- •110 КВ ток трансформаторларын таңдау шарттары
- •35 КВ вакуумды ажыратқыштарды таңдау шарттары
- •10 КВ кернеу трансформаторларын таңдау
- •9.2 Дифференциалдық қорғаныс
- •9.5 Автоматика және сигнализация
- •10.3 Өндірістік санитария
- •10.6 Қосалқы станцияның атқ-н найзағайдың тікелей соғуынан қорғау
- •11.2 Тұрғындарды электрмагнитті өрістерден қорғау
- •12 Кернеуі 10 кВ комплектті тарату құрылғысын доғадан қорғаудың микропроцессорлі жүйесі
- •12. 1 Доғалы қысқа тұйықталуды айқындау әдістері
- •12.2 Доғалы қысқа тұйықталудан қорғау әдістерін салыстыру
- •12.3 Электрлік доға параметрлерін бақылау
- •12.4 Қорғау құрылғыларының қазіргі техникалық орындалуы
- •12.5 Оптико-электрлік доғалық қорғаныстары (оэдқ)
- •12.7 Қорғаныс үйлесімділігі бойынша қорытынды шешім
- •12.8 Овод-м типті доғадан қорғау құрылғысы
- •12.9 Овод-м құрылғысының структуралық (құрылымдық) схемасы
- •Сурет 15. Овод-м типті құрылғысының структуралықсхемасы
- •13.1 Электртехникалық қызметі (этқ)
- •13.2 Техникалық қызмет көрсетудің жылдық графигін тұрғызу
- •14.2 Капитал салымдары
- •14.3 Еңбек ақыны есептеу
- •14.4 Жобаның өтелу мерзімі
- •30000 Циклға шыдайтын механикалық ресурс
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
12.9 Овод-м құрылғысының структуралық (құрылымдық) схемасы
Комплектті тарату құрылғысы секциясының әртүрлі ұяшықтарында орнатылған және ұзындығы әртүрлі ТОД доғалық разрядтан жарық тұтануын бекітеді және оны талшықты-оптикалық кабель бойынша жарық детектрлі блогына жеткізеді.
ТОД – қамту бұрышы 5 рад-ға жақын екі линзалы оптикалық жүйенің негізінде жасалған оптикалық сәулелендіру қабылдағышы болып табылады. ТОД екі талшықты оптикалық кабелмен жалғанған. Екінші жағынан оптикалық кабель жарық және тестілеу детектрлі блогына жалғану үшін ST-типті оптикалық коннектрмен ұшталған.
Доғаның әсер ету аймағында тек ТОД объективі ғана орналасады, ал доғалық қорғаныс құрылғысының өзі КТҚ секциясының релелік бөліктерінде немесе релелік залдың кез-келген орнында орнатылады. Сондықтан ТОД оптикалық кабелінің ұзындығы қорғаныс объектісіне бекітілуіне байланысты таңдалады.
Электрлік доғадан пайда болатын жарық ағыны инфрақызыл диапазонда қабылданады. Бұл ТОД-қа шаң мен күйенің түзілуі кезінде жұмыс істеу қабылетін сақтауға мүмкіндік береді.
Электрлік доғадан пайда болатын жарықтық сигнал ЖТДБ-да электрлік сигналға түрленеді. Содан соң, сигнал күшейеді және тіректі кернеумен салыстырылады. S1 және S2 ажыратып-қосқыштар көмегімен құрылғының сезімталдығын 2 немесе 4 есе төмендетуге болады.
ЖТДБ-да барлық уақытта объективтің және ТОД оптикалық кабелінің және электронды схеманың зақымдалмағаны туралы тест жүргізіліп тұрады. Микробақылаудан келетін тестілеуші импульс оптикалық датчик алдындағы кірмеге түседі. Мұнда ол оптикалық импульске түрленеді де оптикалық талшыққа енгізіледі. Линзадан түсетін сигнал оптикалық қабылдағышпен қабылданады. Импульс қабылданды деген ақпарат ЖТДБ-ның электронды схемаларының әртүрлі түйіндерінен микробақылау кірмесіне келіп түседі. Микробақылау осы импульстердің бар-жоқтығы бойынша электрлік доға тіркеуішінің әр бағытының зақымдалған немесе зақымдалмағаны туралы шешім қабылдайды. Зақымдалудың түрін анықтайды: ТОД-ң үзілуі немесе датчиктің электронды трактісінің зақымдалуы.
Дискретті кірме блогы осы сигналдардың кез-келгенінің бар-жоқтығы туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ доғалық қорғаныс құрылғысының электронды схема тізбегін оперативті ток тізбегінен гальваникалық жолмен оқшаулайды. Оқшаулау үшін оқшаулаушы элементтің «құрғақ» контактісі қолданылады.
Дискретті кірме блогында шықпа сигналдарын түзу схемасы орнатылған. Дискретті кірме блогы тарату құрылғысының релелік қорғаныс автоматикасымен бірге доғалық қорғаныс құрылғысының жұмыс істеу логикасын қамтамасыз етеді және ажыратқыштардың сөну сигналын түзеді, автоматты қайта қосылу және шықпа реле көмегімен (құрғақ контактілер) резервті автоматты қосу схема әсеріне тиым салады.
Блок датчиктің бес топтан келетін «іске қосылудың» бес кірмесі бар. Датчиктер орнатылған орнына байланысты топтарға бөлінеді: қорек кернеуінің кірме шкафы, айналып өту желілерінің шкафтары және шиналы көпірлер, секционды ажыратқыш шкафы. Датчиктердің осы топтарының әрқайсысынан түсетін іске қосылу сигналы МТҚ немесе МКҚ-нан түсетін сәйкес сигналдармен бекітіледі. Бұл бекітілуді ажыратып-қосқыш арқылы алып тастауға болады.
Микробақылау көмегімен өшірудің шықпа релесінен басқа, бес каналының әрқайсысының жұмыс істеу қабылеті бақыланып отырады. Шықпа релесінің жұмыс істеу қабылетін «Тестілеу» ажыратып-қосқышын «Қосу» жағдайына ауыстыру арқылы тексеріп көруге болады. Доғалық қорғаныстың жұмыс істеу қабылетін автоматты бақылау жүйесінің әсері ақырындай бастайды және бір датчик пен каналды сөндіруге тестілеу 2 с-ты құрайды.
Басқару және индикация блогы доғалық қорғаныс құрылғысының аралық күйін индикациялау және құрылғының жұмыс режимінің клавиатуралары арқылы басқару үшін арналған. Талшықты-оптикалық датчиктердің техникалық параметрлері 25 кестеде келтірілген.
Кесте 25
Талшықты-оптикалық датчиктердің техникалық параметрлері
Датчиктердің максимал саны |
34 |
Датчиктердің оптикалық кабелінің максимал ұзындығы |
500 м |
ҚТ тогы кезіндегі іске қосылу табалдырығы |
300 А 1000 А 2000 А |
Температураның жұмыс диапазоны |
-400С÷+550С |
Бекітусіз іске қосылу уақыты |
5 мс |
МТҚ немесе МКҚ бекітілген кездегі іске қосылу уақыты (уақыт шығынысыз) |
5 мс + ТМТЗ |
Салмағы |
20 кг |
Оперативті токты қорек кернеуі |
(130 ÷ 250)В |
Кезекші режимде тұтынатын қуат |
4 Вт |
Іске қосылу режимінде тұтынатын қуат |
8 Вт |
