- •2009 Жылы Елбасымен ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын үдемелі іске асыру тапсырмасы қойылған болатын. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – электр энергетикасы саласы.
- •1.2 Объектілерді электрмен жабдықтау схемалары
- •1.3 Табиғи – климаттық жағдайы
- •1.2 Кесте
- •Сурет 3.1 «Рождественка» қс-нан шығатын 35 кВ желілердің бастапқы есептік сұлбасы
- •3.2 Жүктеменің тәуліктік графигінің тұрғызылуы
- •3.4 Қондырғының техника-экономикалық көрсеткіштері
- •4 «Рождественка» қосалқы станциясындағы трансформаторлардың қуатын және санын таңдау
- •4.1 Трансформаторлардың асқын жүктелу қабілеттілігін есептеу
- •7.2 «Рождественка» қосалқы станциясындағы қысқа тұйықталу токтарын есептеу
- •110 КВ ток трансформаторларын таңдау шарттары
- •35 КВ вакуумды ажыратқыштарды таңдау шарттары
- •10 КВ кернеу трансформаторларын таңдау
- •9.2 Дифференциалдық қорғаныс
- •9.5 Автоматика және сигнализация
- •10.3 Өндірістік санитария
- •10.6 Қосалқы станцияның атқ-н найзағайдың тікелей соғуынан қорғау
- •11.2 Тұрғындарды электрмагнитті өрістерден қорғау
- •12 Кернеуі 10 кВ комплектті тарату құрылғысын доғадан қорғаудың микропроцессорлі жүйесі
- •12. 1 Доғалы қысқа тұйықталуды айқындау әдістері
- •12.2 Доғалы қысқа тұйықталудан қорғау әдістерін салыстыру
- •12.3 Электрлік доға параметрлерін бақылау
- •12.4 Қорғау құрылғыларының қазіргі техникалық орындалуы
- •12.5 Оптико-электрлік доғалық қорғаныстары (оэдқ)
- •12.7 Қорғаныс үйлесімділігі бойынша қорытынды шешім
- •12.8 Овод-м типті доғадан қорғау құрылғысы
- •12.9 Овод-м құрылғысының структуралық (құрылымдық) схемасы
- •Сурет 15. Овод-м типті құрылғысының структуралықсхемасы
- •13.1 Электртехникалық қызметі (этқ)
- •13.2 Техникалық қызмет көрсетудің жылдық графигін тұрғызу
- •14.2 Капитал салымдары
- •14.3 Еңбек ақыны есептеу
- •14.4 Жобаның өтелу мерзімі
- •30000 Циклға шыдайтын механикалық ресурс
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
12.7 Қорғаныс үйлесімділігі бойынша қорытынды шешім
Қазіргі кезде комплектті тарату құрылғыларын шығару және пайдалану мекемелерінің токтың және жарықтық ағынның бақылауын қамтамасыз ететін оптико-электрлік доғалы қорғаныстарды пайдалану тенденциясы байқалып келеді. Осыған дейін мамандар мұндай қорғаныстардың қолданылуына қатты жауапкершілікпен қарады.
Микропроцессорлі техниканы қолдану – алгоритмдердің және өңделетін ақпарат көлемінің күрделілігін оңай шешуге жол береді. Бұл ақпараттың дәстүрлі датчиктері (ток және кернеу трансформаторлары) көмегімен селективті және тез әрекет етуші қорғаныстарды құру сауалына қайта оралуға мүмкіндік береді. Жоғарыда келтірілген кейбір кемшіліктер керісінше артықшылықтарына айналуы мүмкін, мысалы олардың жөндеу жұмыстарына кететін уақыттың қысқаруы. Себебі, оптико-электрлік қорғаныстың жөндеу жұмысына қарағанда мұнда барлық секцияның сөнуі талап етілмейді. Тек кабель және әуе желілеріндегі ғана емес, сонымен бірге комплектті тарату құрылғыларының ішіндегі зақымдануларды айқындайтын жерге тұйықталудан қорғайтын қорғаныстың орындалуы оның фаза аралық доғалық қысқа тұйықталуға айналуына жол бермейді. Комплектті тарату құрылғысының және одан шығатын желілердің қорғанысын құрудың ұсынылып отырған концепциясы қосымша пікір-талас тудыруы мүмкін. ОЭДҚ-ның және токтар мен кернеулерді бақылау қорғанысының үйлесімдігі қорғаныстардың сенімділігін арттыруға және резервті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
12.8 Овод-м типті доғадан қорғау құрылғысы
Талшықты – оптикалық датчиктер негізінде айқындайтын ОВОД-М типті доғадан қорғау құрылғысы кернеуі 110 кВ электр қосалқы станцияларының комплектті тарату құрылғыларының шкафтарын қысқа тұйықталу әсерінен пайда болатын ашық электр доғасынан қорғау үшін арналған.
Шкафтар бөлігінде орнатылған және бағыты бойынша дөңгелек диаграммалы оптикалық датчиктер электр доғасының әсерінен пайда болатын жарықтың тұтануын бекітеді және оны оптикалық талшық бойынша жарық құрылғысының детектрлік блогына жеткізеді. Доғалық қорғаныс құрылғысы жоғарғы кернеу жағының қондырғыларын зақымданудан сақтай отырып тарату құрылғысынан ажырату сигналын қалыптастырады.
ОВОД-М құрылғысының селективтілігін арттыру үшін оны уақыт шығынын қажет етпейтін МТҚ токты немесе уақыт шығынын қажет етпейтін МКҚ (ЗМН) кернеулі өлшеуіш органдарымен бірге қолданылады.
ОВОД-М құрылғысы радиалды типті қорғаныс құрылғысы болып табылады. Қорғанысты құрудың мұндай әдісін қолдану зақымдану орнын тез анықтауға мүмкіндік береді.
ОВОД-М комплектті тарату құрылғысының релелік бөліктерінде немесе КТҚ ғимаратының кез-келген жерінде орнатылады. Құрылғының орнатылу орны талшықты-оптикалық датчиктердің оптикалық кабель ұзындығымен шектелмейді. ОВОД-М типті доғалық қорғаныс құрылғысының құрамы 24 кестеде келтірілген.
Кесте 24.
ОВОД-М типті доғалық қорғаныс құрылғысының құрамы
Аталуы |
Саны |
Оптикалық кабелі бар талшықты-оптикалық датчик (ТОД) |
34 |
Жарық және тестілеу детектрлі блогы (ЖТДБ) |
9 |
Микробақылау блогы |
1 |
Дискретті кірме блогы |
1 |
Дискретті шықпа блогы |
1 |
Қорек блогы |
1 |
Индикация және басқару блогы бар шкаф |
1 |
ТОД бекітпесі үшін арналған бұрыштама |
34 |
