Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология ответы 1-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
788 Кб
Скачать
☆

Қантамырлардың түрлері және олардың құрылыс ерекшеліктері

Артериялар

Веналар

Қылтамырлар

1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады

Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды

Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады

2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді

Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашар дамыған

Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты

3. Қан қысымы жоғары

Қан қысымы өте төмен

Қан қысымы шамалы

4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады

Теріге жақын да, тереңде де жатады

Дененің барлық мүшелеріне таралады

5. Ең ірі артерия тамырлары - қолқа және өкпе артериясы

Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары - төменгі, жоғары куысты веналар және 4 өкпе веналары

Қылтамырлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ артериялар мен ұсақ веналарды байланыстырады

56 Билет жоқ

57-cұрақ. Гемоглобин

Гемоглобин (грекше – haima, haimatos – қан және латынша globus -шар) – адамның,омыртқалы және кейбір омыртқасыз жануарлырдың қанының қызыл пигменті.Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға,ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Гемоглобин жетіспесе анемия ауруы пайда болады.Гемоглобиннің қалыпты жағдайдағы нормасы әйелдерде 120-150г/л,ер адамдарда 130-160 г/л.Егер гемоглобин мөлшері шектен тыс көп болса,қан қоюланып жүрек қан тамыр ауруына шалдығады. Құрамында гемоглобин бар азық-түліктер:бауыр,ет т.б. Гемоглобин қанның қызыл жасушалары эритроциттердің құрамында болады.Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып,өкпеге апарады.Бұл "гем" деп аталатын ерекше ақуыз көмегімен жүзеге асырылады.Гемге оттегі молекуласы қосылады,ол -гемоглобин бөлігі.Жалпы гемоглобин 96%-ы нәруыз -глобиннен,4%-ы темір атомы бар гемнен тұрады.Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды.

58 –сұрақ. Шартты рефлекс

Шартты рефлекс

 Шартты рефлекстердің жасалуы. 1. Шартты рефлекстерді жасау үшін қажетті ең негізгі жағдай – индифренттік (өздігінше осы реакцияны тудыра алмайтын, кез келген бөтен) тітіркендіру мен шартсыз, сол реакцияны міндетті түрде тудыратын тітіркендірудің әсер ететін уақытының бір-біріне дәл келуі (ұштасуы). 2. Бөтен тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштердің әсеті басталар алдында әсер етуі керек. Екі тітіркендіргіш әсері бір уақытта берілсе шартты рефлекстің жасалуы едәуір қиындайды. Ал алдымен шартсыз, одан кейін индифренттік тітіркендіргіш әсет етсе, шартты рефлекс алынғанмен, ол өте тұрақсыз болады. (Алдымен шартсыз, кейін бөтен тітіркендірумен әсер еткенде шартты рефлекстің жасалуының қиын болатын себебі, теріс индукция заңымен және шартсыз тітіркендірудің күшінен бөтен тітіркендіргіш күшінің кемдігімен түсіндіріледі). Жасалған шартты рефлексті ұзақ уақыт сақтау үшін, оны мезгіл-мезгіл шартсыз тітіркендіргішпен бекітіп отыру қажет. 3. ми қыртысы клеткаларының жеткілікті жоғары қозғыштығы болуы керек. Ол үшін ми қыртысы түрліше басқа әсерлерден бос болу керек. Сонда ғана белгілі тітіркендіруге жүйке клеткалары жоғары қозумен жауап бере алады. 4. Шартты рефлекс жасалу қолданылатын тітіркендіргіштің қасиеті мен күшіне де байланысты. Бөтен тітіркендіргіштің күші қыртыста қозу ошағын тудыруға жететін болуы керек. Бірақ шамадан тыс, артық та болмауы керек. Осындай жағдайда шартты рефлекс жасалмайды.