Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология ответы 1-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
788 Кб
Скачать
☆

Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұлпроцесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпеніатмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л.ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады. Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:

  • қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;

  • диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.

87-Кардиология(Жүрек қызметін зерт әдістері)

кардиология (грекше kardіa – жүрек және logos – ілім) – жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және олардың ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, белгілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын ала сақтану жолдары туралы ғылым, медицинаның бір саласы.

Зерттеу

Сондай-ақ кардиология жүрегі мен қантамырлары зақымданған адамды аурудан айықтыру әдістерін жетілдірумен де шұғылданады). Жалпы және жеке органдардағы, әсіресе, жүректегі қан айналысының жүйке, қан арқылы реттелуі жөніндегі мәселелерді зерттеп, интер- және экстроцепторлардың жүрек тамырларына, артериялық және веналық қысым мөлшеріне, лимфа айналысына тигізетін әсері, оның механизмі айқындалды (А.П.Полосухин, Н.О.Базанова,Р.Ә.Сәтбаева, А.М.Бекетаев, І.А.Бірімжанова, А.Е.Бөлекбаева, т.б.). Шокқа (есеңгіреу) қарсы арнайы сұйық дәрі дайындалды (Полосухин, т.б.). Жүрек пен қан тамырлары зақымданған кездегі холестерин алмасуы зерттелді (Т.Я.Полосухина, В.И.Якубовская), жүйке жүйесі қызметінің бұзылуының артериядағы қан қысымының өзгеруіне әсері анықталды (Б.А.Атшабаров). Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттары (Бунге киікотының сұйық сығындысы, хош иісті алабұта, т.б.) дәрігерлік практикаға енгізілді (Ф.Ж.Жұмағалиева, Р.Ә.Сәтбаева, т.б.). Республиканың әр өңірінде жүректің ишемиялық аурулары мен артериялық гипертонияның таралу жиілігі (Сәтбаева, М.Ш.Тастамбекова), жүрек және қантамыр ауруларының эпидемиологиясы мен одан алдын-ала сақтану жолдары анықталды (А.Ж.Рысмендиев), республикада артериялық гипертонияны емдеу мектебінің негізі қаланды (Ә.Жүсіпов). Қазақстанның өнеркәсіп орындарында істейтін жұмысшылар арасында артериялық гипертонияның таралуы (эпидемиологиясы), одан сақтану жолдары зерттелді (Ғ.А.Құлқыбаев, О.А.Әбдібаев, т.б.).

88-Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белок, май, көмірсу және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол менаяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатыстыденені әр түрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерініңәсерімен рефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.

Маңызы

Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.