Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология ответы 1-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
788 Кб
Скачать
☆

Дәм сезу

Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілемейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналасқан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.

Сипап сезу

Сипап сезу (түйсіну) арқылы заттың пішінін, қаттылығы мен жұмсақтығын, тегістігін, жылы-суықтығын анықтайды. Терінің сыртқы және нағыз тері қабатында орналасқан рецепторлардың пішіндері мен қызметі әр түрлі. Біреуі жанасуды, екіншісі жылуды, үшіншісі суықты, төртіншісі ауырғанды қабылдайды. Жанасуды қабылдайтын рецепторлар терінің сыртқы қабатында, алақан менсаусақ ұшында көбірек болады. Тері арқылы суықты, жылуды, жанасуды, ауырғанды сеземіз. Затты ұстап, саусақпен сипағанда тері рецепторларындағы козу миға беріледі.

66 Билет- Жүйке жүйесінің типтері

Жүйке жүйесінің типтері - жүйке жүйесінің жекедара ерекшеліктерінің жалпыланған сипаттамалары. Көптеген физиологтардың көзқарасы бойынша, жүйке жүйесінің типтері туа бітеді және тұқым арқылы беріле алады. Тіршілік іс-әрекеті барысында ол жасырын да болуы мүмкін, сондай-ақ өмір сүру, тәрбие жағдайларына байланысты ол өзгеріп те, күшейіп немесе әлсізденуі де мүмкін. Ол нәсілдік ерекшеліктер мен өмірлік тәжірибелер арқылы қалыптасады. И.П. Павлов бойынша, жүйке жүйесінің типтері негізінде қыртыстық физиологиялық процестердің — қозу мен тежелудің қасиеттері жатады: күштілік, икемділік, тепе-теңдік немесе оларға қарама-қарсы процестер — әлсіздік, икемсіздік, тепе-теңсіздік. Осы жүйке процестерінің қасиеттері үйлесе келіп, жүйке жүйесі типтерін құрады. Қозу мен тежелудің күптті процестеріңде қозу тежелуге қарағанда, басым болады да, бірінен екіншісіне ауысу тез жүреді. Бұл қатты қозғыш жүйке жүйесінің типтері Егер екі процесс те әлсіз болса, онда тежелу қозуға қарағанда, басым түседі — бұл әлсіз жүйке жүйесінің типтеріне тән. Бірінен екіншісінен ауысқандағы қозу мен тежелудің күшті процестерінің тепе-теңдігі — тек күшті, тепе-тең жүйке жүйесінің типтері сәйкес келеді. Қозудан тежелуге және тежелуден қозуға баяу өту (екі процесс те күшті болған жағдайында) күшті инертті жүйке жүйесінің типтері көрсетеді

67-сұрақ Бүйрекүсті безі

Бүйрекүсті безі — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас,, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі. Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қан дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған.. Ақшыл түсті эпинефроциттер (нейроэндокриноциттер) - адреналин, ал күңгірт түсті норэпинефроциттер - норадреналин гормондарын бөледі.