- •1. Физиологиялық зерттеу әдістері
- •2.Қанның құрамы және қызметі.
- •Қанның құрамы.
- •4.Қозу және қозғыштық.
- •5. Қан плазмасы
- •6. Ішкі секреция бездері
- •10 Билет жоқ.
- •11.Эритроциттер
- •12.Жүрек циклы
- •14.Жүректің өткізгіш жолдары
- •15 Билет жоқ
- •16 Биологиялық гемолиз.
- •17.Тежелу
- •Орталық жүйке жүйесі
- •19.Бұлшықеттердің қажуы
- •20.Жұлынның құрылысы мен қызметі
- •22. Жүйке талшығы.
- •24.Осмостық гемолиз
- •Қантамырлардың түрлері және олардың құрылыс ерекшеліктері
- •56 Билет жоқ
- •59 Билет-жоқ
- •62 Билет-жоқ
- •63 Билет- Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
- •Қанның құрамы.
- •Дәм сезу
- •Сипап сезу
- •66 Билет- Жүйке жүйесінің типтері
- •Қүрылысы
- •-Қызметі
- •71. Жоғары жүйке қызметі
- •Қызметі:
- •Гипофиз-қақпалық жүйе
- •73Билет-жоқ
- •74. Физиологиялық зерттеу әдістері
- •Асқорыту ферменттері
- •Сілекей
- •77. Тромбоцит
- •Лимфа тамырлары
- •80 Билет
- •Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Зерттеу
- •Таңғажайып фактілер
- •90 Қан топтары
- •Жалпылама
14.Жүректің өткізгіш жолдары
Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.
15 Билет жоқ
16 Биологиялық гемолиз.
Гемолиз (грекше haіma –қан, lysis – еру) –эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір. Гемолизденген қан құйылған пробирка арқылы күн сәулесі өтеді. Түсі қызыл лак тәрізді, сондықтан ол қанды лак тәрізді қан деп атайды. Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады:
Физиологиялық гемолиз - сау адамда болады.Денедегі ескірген эритроциттер жарылып,олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі.Эритроцит 120-130күн жасайды.Ескірген эритроциттердің біразы бауырда,көпшілігі көкбауырда гемолизденеді;
Осмостық гемолиз - эритроциттің ішімен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан тұрады. Қанға осмостық қысым аз ерітінді құйса,эритроциттің ішіне су кіреді де, ол ісінеді,судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып,ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Cөйтіп қан гемолизге ұшырайды;
Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен ақуыздан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті)әсерінен болады;
Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар –гемолизиндердің әсерінен болады. Гемолизденген қанның өзі улы. Сондықтан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін;
Термиялық гемолиз - қанды біресе жылытып, біресе суытқан кезде болады, әсіресе бұл мұздаған қанды еріткенкенде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады;
Механикалық гемолиз - қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады).Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда оларды шайқамай абайлап тасу керек;
Элетрлік гемолиз - электрдің әсерінен болады.Сәуле энергиясы мен ультродыбыста электр күші эритроцит қабығын, тканін үзіп жарады.
17.Тежелу
Тежелу - қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
1) бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;
2) салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.
