Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология ответы 1-90.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
788 Кб
Скачать
☆

Гипофиз-қақпалық жүйе

Гипофиз-қақпалық жүйе (гипофизео-портальная система); (грек, hypophysis, porta — қақпа жәнеsystema - жүйе) ~ гипоталамустың орталық (медиальды) деңесі мен гипофиз аяқшасының қан капиллярларын аденогипофиздің соңғы бөліктерінің қойнауша капиллярларымен байланыстыратын венулалар топтары.

73Билет-жоқ

74. Физиологиялық зерттеу әдістері

бақылау; эксперимент.(тәжірибе);

Бақылау құбылыстың мәнін аша алмайды,сондықтан негізгі әдіс - эксперимент. Ол жіті және созылмалы болады. Вивисексия – тәнтілу. Жетіспеушілігі - көп қан жоғалады, наркоз, жарақат қалыпты қызметті бұрмалай жібереді. Созылмалы эксперимент - қалыпты жағдайда ұзақ уақыт ағза қызметін зерттеуге мәжбүр береді.(фистула әдісі). Н.П.Павлов-физиология мен медицина біртұтас деп айтты. Паталогия мәнін білу үшін тіршілік үрдісінің ағымын білу керек (phatos-детрт,ауру).

75. Есте сақтау

Есте сақтау — жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі — адамның есте сақтауыныңдинамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

76. Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria;көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе;лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарларорганизмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу,қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.

Жалпылама

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.

Асқорыту ферменттері

Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.

Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.

Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.