Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Домбыра.

Сабақтың мақсаты. Қағазды қос бүктеу тәсілімен қиюға дағдыландыру. Бірнеше бөліктен тұратын заттарды қиып жапсыру, симметриялы заттарды кез мөлшерімен қиюға жаттықтыру. Патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаштар, фломастер, үлгі суреттер, үнтаспа.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Балалар барлығы бірге қайталап айтады

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы. Тәрбиеші үнтаспадан "Домбыра сазы" (Х.Талғаровтікі, әні И.Нүсіпбаевтікі) әнін балаларға тыңдатып, ән не туралы екенін сұрайды. Домбыра жайында әңгімелеп, суретін көрсетіп талдау жасайды.

- Қазақ халқы ән мен жырды, ойын-сауықты өте жақсы көреді. Сіздердің отбасыларыңызда халық әнің жақсы көретін, сүйіп айтатын адамдар бар ма?

- Сіздердің отбасыларыңызда ұлттық аспаптарды ойнайтын адамдар бар ма? ( домбыра, қобыз т.б).

Қазақтың ұлттық аспабы домбыра жайындағы әңгімеден соң балалар жұмысқа кіріседі. Ол үшін алдымен үлгі суретті немесе домбыраның өзін көрсетіп, оның бөліктеріне ерекше тоқталып талдау жасалады. Домбыра неше бөліктен турады?

Негізгі бөлігі сопақша дөңгелекке ұқсас, ал шегі мен пернелері орналасқан бөлігі жіңішке, ұзынша болып келеді. Домбыраның құлақ күйін келтіретін бөліктерін таныстырады. Тәрбиеші енді осындай домбыраны қағаздан жасауға болатынын айтып, негізгі бөліктерінін жасалу жолдарын түсіндіреді. Домбыраның пернелерін жасау үшін парақ қағаздың шетінен жіңішке жолақтар қиып алып жапсыруға болатынын көрсетеді. Домбыраның негізгі екі бөлігін бір-бірімен жапсырып болған соң фломастермен қос шекті сызып салуға болады. Қағаздың түстерін дұрыс таңдай білуге бағыт беріледі.

Сергіту сәті:

Арайлап таң атып

Түтін тіке шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады

Күйші домбыра тартады

Биші бұралып билейді

Спортшы секіріп жүгірсе

Бала доппен ойнайды.

Балалардың өз беттерінше жұмыстары.

Сабақ барысында домбыраның негізгі бөлігі мен ұзынша мойнының қатынасын сақтау, әдемілеп безендіруге көңіл бөлу керек. Домбыраны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіру ұсынылады. Балалардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеулеріне бағыт беріп, жағдай жасап отыру қажет.

Балалар үнтаспадан ән тыңдайды.

Суреттерді тамашалайды

Сұрақ-жауап әңгімелеседі.

Ұлттық аспаптарды көреді,қолдарына ұстап шертеді

Домбыра жайлы ,жасалу жолдары туралы тыңдайды.

Балалар өз беттерінше жұмыс жасйды.

Жасаған домбыраларына көрік беру үшін,домбыраларын безендіреді.

Балалар іс-қимылмен сергіту сәтін жасайды.

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:

Игереді:

Меңгереді: