Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапсыру.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық камзолы мен желеті.

Сабақтың мақсаты: "Ұлттық киім" деген ұғымдарды түсіндіру (камзол желет). Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің аттарын бекіту. Көз мөлшерін, түс пен ырғақты сезінуін, көркемдік талғамын дамыту.

Қажетті құралдар: камзол мен желеттің суреттері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қарындаш.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Балалар барлығы бірге қайталайды.

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Ұлттық киімдер камзол мен желеттің суреттерін қарау. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің үлкен болып келетініне назар аударту. Өрнектердің симметриялы болып келетінін түсіндіру. Олардың бояу түстері: ақ, сүр, қоңыр, жасыл, сары, көк, қызыл, қара болып келеді.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, жапырақ, жапырақ гүл, құс қанаты, тұмарша, төрт құлақ т.б.

Қазақтың ою-өрнек әлемі өте бай. алуан түрлі болып келетінін қорытындылау Олар сондай-ақ, геометриялық өсімдік тектес, жануарлар тектес өрнектерден турады.

Әрі қарай қамзол мен желеттің өрнектеріне назар аударып, оларды салыстыру, кию жолдарын көрсетіп түсіндіру. Түрлі түсті қағаздардан ою-өрнек элементтерін қиып, камзол мен желетті әшекейлеуге кіріседі.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалар өздеріне ұнайтын ою-өрнектермен камзолды немесе желетті әшекейлейді. Тәрбиеші балаларға көмектесіп, басшылық жасап, бағыт береді.

Тақтадағы суреттерді тамашалайды

Түстерін айтады

-ақ,сары,қара,көк,

жасыл,қызыл

Ою-өрнектердің түрлерін қайталап айтады.

-қошқар мүйіз,

Құс қанаты,

Тұмарша

Жапырақгүл т.б.

Балалар өз бетінше жұмыстарын жасайды.

Жасаған қамзолдарын ою-өрнектермен әшекейлейді

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Балалар қандай ою-өрнек түрлерін қолданғандарын әңгімелеткізу

Ұқыпты жасалған жұмыстарды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:

Игереді:

Меңгереді:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Сабақтың тақырыбы. Қайық.

Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигураларды қиюға жаттықтыру қайшымен жұмыс жасауға дағдыландыру. Үшбұрышты пішіндерді қолданып композиция құруды жалғастыру бірігіп жұмыс істеуге, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу

Қажетті құралдар: Көгілдір түсті қағаздан панно, желім, қайшы, сүлгі, түрлі түсті қағаздар.

Іс – әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Жылулық шеңберін құрамыз

Шаттық шеңбері

Біз бақытты балдырған

Қуанамыз шаттанып

Ойнап күліп күнде біз

Өсеміз біз бақшада

Шаттық шеңберін орындайды

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

Сабақтың барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Жазда айдында жүзеді,

Қыста үмітін үзеді.

(қайық)

Жұмбақтың шешуін балалар тапқаннан кейін қайықтың суретін көрсетіп, балалармен сурет бойынша әңгімелеседі. Үлгіні талдау жасайды, қайықтың жеке бөліктеріне, түр-түсіне назар аударады. Қайықтың бөлігі нешеу және қаңдай геометриялық, пішіндерден тұратынын сұрайды. Тәрбиеші үшбұрыштан қалай қайықты қиюға болатынын көрсетеді. Түрлі түсті қағаздардан қайықтың қалған бөліктерін және композиция құруға ұсыныс жасайды. Балалардың өздігінен, дербес шығармашылықпен еңбек етулеріне бағыт беріп отырады.

Балалардың өз бетінше :

Жұмбақты мұқият тыңдайды.

Жауабын шешеді

-қайық

Қайық жайында әңгімелеседі

Қайықтың бөліктері неше

Бөліктен тұратынын табады.

Балалар өз бетінше жұмыстарын жасайды.

Рефлекстік -

үйлесімділік

Балалар жұмыстарын талдау

Қайыты жасағанда қандай түстерді қолдандың, неше бөліктен тұрады т.б.

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.