- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж.
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •3. Дәрістердің тезистері:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •3. Дәрістердің тезистері:
- •Әдет пен әуестіліктің бұзылыстары Құмарлық ойындарға патологиялық бейімділік.
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •3. Дәрістердің тезистері:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •3. Дәрістердің тезистері: шизофрения (f20)
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
5. Әдебиет
Негізгі:
1.Илешева Р.Г. Психиатрия. – Алматы, «Санат».-1998.-245б.
2.Қудиярова Ғ.М., Жарбосынова Б.Б. Психиатрия. - Алматы.:Казахстан, 2008.-277б.
3.Қудиярова Г.М. Жасөспірімдердің мінез-қулқыңдағы ауытқушылықтар.- Алматы «Рауан».-1996.-205б
4. Оспанова Н.Н. Психопатологиялық синдромдар. – Семей. – 2008. – 52 б.
5. Жариков Н.М., Тюльпин П.Г.Психиатрия: Учебник- М.Медицина. 2000 г.
6. Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия: Учебник. – М., Медицина, 2007.
7. Иванец Н.Н., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия и наркология: учебник. – М., ГЭОТАР
8. Н.М.Жариков.,Л.Г.Урсова., Д.Ф. Хритинин, Қ.Т.Сарсембаев. Алматы: «Эверо»- 2010 ж.–524 б
Қосымша:
1. Коркина М.В.,Лакосина Н.Д., Личко А.Е., Сергеев И.И. Психиатрия: Учебник для студентов мед.вузов- М.,МЕДресс-информ, 576с.
2.Субханбердина А.С. Учебник. Наркология.- Алматы, 2009.387с.
3. Психиатрия национальное руководство. Под. редак. Т.Б. Дмитриевой М. ГЕОТАР – медиа 2009 г. 1000 стр.
6. Пропедевтика психиатрии. Учебное пособие.В.Л.Гавенко, Г.А.Самардакова, В.И.Коростий, и др./ Под редакцией В.Л.Гавенко.- Ростов – на-Дону «Феникс», 192 с.
7. Психиатрия и наркология. Под редакцией В.Д. Менделевича, М.: Издательский центр «Академия», 368с.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Психиатрия нені зерттейді?
2. Психиатрия тарихында қандай кезеңдерге бөлінеді?
3. Психиатрия қандай пәндермен байланысты?
Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
Д Ә Р І С
Лектор: м.ғ.к. доцент Оспанова Н.Н.
Пән: Психиатрия
Мамандық: Жалпы медицина
Курс 5
Уақыты (ұзақтылығы): 2 сағ.
Дәріс тақырыбы: № 2 Жалпы психопатология: қабылдау, ойлау, ес, назар,
интеллект бұзылыстары.
Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
1.Тақырып: Жалпы психопатология: қабылдау, ойлау, ес, назар, интеллект бұзылыстары.
2. Мақсаты: қабылдау, ойлау, ес, назар, интеллек бұзылыстарының негізгі көріністерімен таныстыру.
3. Дәрістердің тезистері:
Түйсік- сыртқы әлем энергияның ес фактісіне айналуы. Түйсік- сыртқы орта заттары мен құбылыстардың, өз организмінің көріністері. өз организмнің және сыртқы ортаның сезім мүшелеріне әсерінен түйсік туады. Түйсік патологялары сандық және сапалық бұзылыстар болып бөледі
Қабылдаудың әлсізденуі гипестезия, күшейген қабылдау- гиперэстезия. Сезім тондарының төмендеуі гипопатия, жоғарылауы гиперпатия.
Гипестезия мен гипопатия шаршағанда, депрессияда байқалуы мүмкін. Гиперэстезия мен гиперпатия астения кезінде және кейбірстимуляторларды қабылдаған кезде байқалады.
Түйсіктің сапалық бұзылыстар-парэстезиялар деп аталады. Бұл теріде иннервация аймақтарында сырттан тітіркенусіз теріде жағымсыз әсерлердің пайда болуы.
Сенестопатиялар-нақты тітіркенуі жоқ, денелердің әр түрлі аумақтарда сонымен қатар ішкі мүшелерде де пайда болатын жағымсыз әсерлер.
Мектепке дейінгі жаста (4-5 жас) алғаш пайда болатын сеностопатиялар псевдоалгиялық формада көрінеді, яғни аяқта не іште білінетін ауырсыну сезімі. Кіші мектеп және препубертатты жаста айқын сенестопатиялық және сенесто-ипохондриялық жағдайлар пайда болады. пубертат кезінде түйсік бұзылысы ересек адамдардағы сияқты, шизофрения құрылымындағы ипохондриялық сандырақпен бірге жүреді.
Агнозия (тани алмау)- сенсоры сезуді тани және түсіндіре алмау. Бұл бұзылыс ОНЖ-ң органикалық зақымдалулары және истериялық бұзылыстар кезінде байқалады.
Қабылдау-адам санасында жалпы бейнені пішіндейтін түйсік комплексі. Ми қыртысындағы болатын жағдайлардың, заттардың көрінісі. Қоршаған орта және өзін қабылдау бұзылыстар сенсорлық синтез бұзылыстары деп аталады. Элементарлы және күрделі бұзылыстар болып бөлінеді. Элементарлы бұзылыстар-өз денесін не заттардың бліктерін тану бұзылыстарымен сипатталады. Бұған өз дене не оның бөлімдерін қабылдау бұзылыстары жатады, ол психосенсорлық бұзылыстар деп аталады. Науқас өз денесін кішкентай пішінде, улкейген, жеңіл, ауыр сезінеді, дене бөлімдерінің өзгеруін (қол үлкеюі, мұрынның пішінсіз үлкеюі т.б) сезінеді. Бұндай өзгерістер мидың органикалық зақымдалуларында, көбінесе энцефалиттер, эпилепсиялар, мидың оң жақ жарты шарының төбе-шүйде және аралық ми аймақтарындағы ісіктері кезінде кездеседі.
Өзін және қоршаған орта қасиеттерін тану бұзылыстарына дереализация және деперсонализация кіреді.
Дереализация- қоршаған ортаны қабылдаудың бұрмалануы. Сыртқы ортаның субъективті бөлінумен көрінуі мүмкін. Қоршаған орта түсінің не өмірдің жоғалуымен, жасанды немесе адамдардың ойдан шығарған рөлдерді ойнайтын сияқты болып көрінеді.
Деперсонализация-өзін, өзінің денесінің, өз көңіл-күйінің, әлемге көз-қарасының, туысқандарға қарым-қатынасының өзгеруі. Өзін қабылдаудың бұзылысы, бұның ішіне өзін жоғары, бірақ шындыққа сай емес етіп, жалған деп санайды. Қабылдаудағы осы өзгерістер қалыпты сенсорикада болады. Науқас өзін жалған, рөл ойнағандай сезінеді.
Деперсонализация адамдарда шаршағанда, аш болғанда немесе қатты эмоционалдық реакция кезінде жекеленген феномен түрінде пайда болу мүмкін (мысалы, зорлағанда, намысын түсірген кезде).
Қабылдаудың сапалық бұзылыстары-иллюзиялар мен галлюцинациялар.
Иллюзия: бар затты немесе құбылысты қате қабылдау. Физикалық, физиологиялық, психикалық иллюзиялар болады.
Галлюцинациялар- жоқ затты немесе құбылысты бар етіп, шындыққа сай етіп қабылдау. Бұл түрлі модальдіктегі, сыртқы тітіркенусіз пайда болатын сенсорлық қабылдау. Сенсорлық модальдікте туатын осы галлюцинациялар (көру, есту, тактильді т.б.), олардың интенсивтілігі, қиындығы, қабылдау айқындығы және сыртқы ортаның субъективті дәрежесіне бөледі.
Диагностикада галлюцинацияларды шынайы және жалған немесе псевдогаллюцинациялардағы бөлу өте маңызды.
Психопатологияға бірінші ойлау бұзылысының жіктелуін берген (1845 ж) В: Гризенгер, ойлау бұзылысының мағынасы мен түріне қарай бөлген; біріншіден ол ойлау жылдамдығы мен тежелуінің бұзылуын, ал екіншіден – сандырақ.
Ойлау жылдамдығының бұзылуы.
Ойлау үдеуі. Сөйлеу ойлау мазмұнын, аралық звеноларының логикалық құрылуын бейнелейді. Ойлаудың жедел үдеуінің көрінісі болып ой секіруі табылады (fuga idearum). Бұндай бзылыстар маниакальды жағдайларға тән. Ойлау үдеуінің басқа нұсқауы-ментизм, ол науқастың ерігінсіз пайда болатын ойлар (шизофрения симптомына тән).
Ойлаудың баяулауы депрессивті, апатиялық, астениялық және сана алжасуының жеңіл дәрежесінде кездеседі.
Құрылымы бойынша ойлаудың бұзылуы.
Ойдың ажырауы, (жыртылуы)-грамматикалық құрылған сөзі дұрыс, бірақ сөйлем мүшелердің арасында мәндік байланысы жоқ. Тоқтау симптомы, ойлардың блокировкасы немесе Sperrung (неміс тілінен-бітеу), аяқ астынан ойдың үзілуі (шизофрениялық процестің симптомдарына тән).
Инкогерентті ойлау-сөйлеу және ойлау бұзылысы., бұл кезде грамматика бұзылысы, бір тақырыптан екінші тақырыпқа түсініксіз көшуі және сөйлеу мүшелерінің арасындағы логикалық байланыстың жоғалуы.
Байланыссыздық-сөйлеудің мағыналық жағынан, сонымен қатар сөйлемнің синтаксистік құрылымының бұзылуы (аменция синдром құрылымындағы сана бұзылыстарында байқалады).
Вербигирация-сөйлеу стереотипиясындағы өзіндік ерекшелігі, сөздер үндестігінің бірдей болуына дейінгі мәнсіз төмендеуі.
Паралогиялық ойлау. Паралогиялық ойлауда қалыпты логикалық қорытындылау бұзылысымен бірге өзге, тек науқасқа тән логикалық құрылымның пайда болуы. Неологизмдермен бірігуі, ол сөздер күнделікті сөздікте жоқ, науқастың өзімен шығарылған және ортақ мағынасы жоқ сөздер.
Ойлау мақсатының бұзылысы.
Патологиялық жағдайлық (обстоятельность)-оқиғаны әңгімелей отырып, оны бөліктерді (деталь) қосып ұзарту.
Персеверация-бір сөзді немесе топ сөзді қайталау.
Резанерлік (резонерство)-жеміссіз қорытындылауға бейімділік. Науқас өз әңгімесінде декларативті өтініштерді, негізделмеген дәлелдерді қолдану.
Символдық-күнделікті өмірде қолданатын (жол белгілері) символдардың ортақ қабылданған жүйесі болады. психикалық науқастардағы символдықта науқас белгілерге, суреттерге, түстерге өзіне ғана түсінікті ерекше мән береді.
Аутистік ойлау-қоршаған ортадан, шындықтан ажырауы, өзінің әлеміне, фантастикалық уайымына кету.
Қорытындылау патологиясына жабысқақ, аса бағалы, доминирленген, сандырақ тәрізді және сандырақ ойлар жатады.
Жабысқақ ойлар-жабысқақ жағдайлардың категориясына жабысқақ ойлар, күдіктену, еске алу, арман, қорқыныш, әрекет жатады. Олар адам санасында еріксіз пайда болып, ойлау процессінің қалыпты ағымына кедергі жасайды. Науқастар олардың қажетсіздігін, ауыртпалығын түсініп, олардан арылғысы келеді. Жабысқақ жағдайлар 3 топқа бөлінеді:
1. жарқын эмоционалды емес жабысқақ ойлар
2. бейнелі, эмоционалды қиын, теріс; уайымдарымен сипатталады
3. фобиялық, жабысқақ қорқныштар
Аса бағалы ойлар-аффективті қаныққан тұрақты пайымдар. Олар сананы толық және ұзаққа қамтиды. Шындықпен байланысты, науқастың бағасын және оның ұмтылуларын бейнелейді.
Доминирленген ойлар-шынайы өмірмен байланысты, адамның бір уақытта үлкен орын алатын және жұмыс ағымына назарын бекітуге кедергі жасайды.
Сандырақ тәрізді ойлар-ерік, құмарлық, эмоционалды бұзылыстармен сипатталатын жалған қорытындылау. Олар жүйелену тенденцияларының жоқтығымен, өмір сүруінің қысқалығымен сипатталады.
Сандырақ-жалған, өзіне және/немесе қоршаған ортаға қатысты өзгертуге келмейтін ойлар. Бұл патологиялық ойлар аңду, қызғану сандырағында көрінеді.
Сандырақ ойлар. Келесі критериялармен сипатталады (осылар бойынша аса бағалы, доминирленген, жабысқақ ойлармен ажыратуға болады):
шындыққа сай келмейтін, оған қарсы болатын жалған көз-қарастар мен қорытындылар
патологиялық өзгерген кезде пайда болады (яғни, тек ауырған кезде байқалады)
өзінің дамуында “қисық логикаға” байланысты
психологиялық коррекция жасауға келмейді
науқаста өз критикасы жоқ
Сандырақ қабылдау-кенеттен жаңа мағына немесе мән, жиі апокалептикалық, мистикалық не қауіпті мінездегі дұрыс сенсорлық қабылдау.
Мазмұны бойынша сандырақ ойлар былай жіктеледі: депрессивті сипаттағы ойлар, сандырақ персекуторлы тобы (қарым-қатынас аңду, уландыру сандырағы); примитивті сандырақ ойлар.
Сандырақ синдромының бастапқы кезеңі болып сандырақ көңіл-күй табылады. Ол ішкі қобалжу түрінде байқалады, қорқыныш сезімі пайда болады.
Ойлар жаңғырығы-өз ойларының қайталануы немесе жаңғырықпен берілуі, ой мен жаңғырық арасында бірнеше секунд интервал болады. қайталанатын ой ерекшелігіне қарамастан сапалық жағынан өзгеруі мүмкін. Бұл құбылыс науқас ойларын қайталайтын вербальды есту галлюцинацияларынан ажыратылу керек. Ой жаңғырығы кезінде қайталанулар ойлар сияқты қабылданады.
“Ойлардың енгізілу”-науқастың өз ойлары бөтен басқа жерден енгізілген сияқты сезінеді. Индивид бұл ойлардың қайдан келгенін түсінбей, енгізген тәрізді сезінеді.
“Ойларды ажырату”-науқастың өз ойлары қоршаған ортамен ажыратылатындай сезінеді. Бұл кезде енгізілудегі сияқты сырттан біреудің әсерін сезеді.
Ойлардың берілуі(ашықтығы)-науқастың өз ойларының мидан шығатындай және олармен басқа адамдармен бөлісуге болатындай сезінеді.
Сенестопатиялық автоматизм әр түрлі, жағымсыз сезімде бейнеленеді, олар біреудің күшімен әсер ету үшін туатындай болады. Кинестетикалық (сөйлеу қозғалысы) автоматизм іс-әрекеттің бөтендігімен сипатталады, олар өз ерігімен емес басқа біреудің әсер етуінен болады.
Оң егіз сандырағы кезінде науқас танымайтын адамдарды өзінің туысы не жақыны деп, ал теріс егіз сандырағы кезінде науқас өзі танитын адамдарын бөтен деп санайды.
Интерметаморфоза кезінде науқас өзінің әңгімесінде қоршаған орта адамдар сырттан не іштен өзгеріске ұшырағанын айтады.
ЕС-өмір бойы жиналатын,әлеуметтік байлық болып саналатын көрініс кешені.Есте сақтау процесі келесі кезеңдерден тұрады:ПЕРЦЕПЦИЯ(ұстап алу)- заттар мен құбылыстардың негізгі құрамын біздің көрініске алу.ФИКСАЦИЯ(бекіту)- бар затпен салыстырғандағы ассоциативті байланыстар көмегімен іске асырылады.РЕПРОДУКЦИЯ-жаңғырту.Ересектерде және балалық жаста естің дөрекі тұрақты бұзылуы салыстырмалы түрде сирек кездеседі.Естің бұзылыстары гипермнезия,гипомнезия,амнезия,сонымен қатар парамнезия,жалған реминисценция,конфабуляция және криптомнезия болып бөлінеді.
Гипермнезия-өткен оқиғадағы ауырсыну жағдайы кезіндегі естің күшеюі(мысалы,адам гипоманиакальды жағдайда,бұрын ұмытылған оқиғаны есіне алуы мүмкін).Бұл компенсаторлы құбылыс ретінде естің уақытша күшеюі,бұл балалар-олигофрендерде мағыналық естің дұрыс дамымауы кезінде байқалады.
Амнезия-естеліктердің азуы,көпті бөлігінің естен түсіп қалуы.Егер амнезия ауру кезеңінднгі оқиғаға байланысты болып және естің бұзылуына себеп болса,ол антероградты деп аталады.Егер амнезия ауру кезеңіндегі оқиғаға байланысты болып,жақсы есте сақталса ретроградты деп аталады.Бұлардың тіркесі антероретроградты амнезия деп аталады,бұл бас миының (бас-ми жарақаттары,энцефалиттер және т.б) органикалық зақымдану нәтижесінде жиі байқалады.Балалар мен жасөспірімдерде әртүрлі амнезия қысқа уақытта болады.Еске сақтау қабілетінің,ағымдағы оқиғаларға естің жоғалуы бекіту амнезиясы деп аталады.Амнезияның әртүрлі түрлерінде оқиғадағы естің түсуі,бірақ басқа уақыт аралығында немесе жай уақытпен қойылуы жалған реминисценция деп аталады.Естің түсуінің,қиял-ғажайып оқиғалармен ауысуы конфабуляция дап аталады.Жалғанреминисценцияға қарағанда конфабуляциялар айқын көрінетін ақыл аздықта,науқастың қоршаған ортаға не өз-өзіне деген критикасы болмағанда көрінеді.Криптомнезия –ақиқат болған оқиғалар мен түсінде көрген оқиғалардың,есіткендер мен оқығындарының арасындағы айырмашылықтың толық жойылғанға дейін әлсіреуі.Ондай бұзылыстар ұрыс-керістің ұрлыққа кінәлаудың себебі болып табылады.
Бекіту амнезиясы мен парамнезияның қосылуы,назар топталуының бұзылуы КОРСАКОВТЫҢ амнезиялық симптомокомплексі деп аталады.Бұндай бұзылыстар церебральді атеросклерозда,жарақаттар салдарынан,немесе Корсаков психозына алып келетінсиндром ретінде(алкогольді энцефалопатия кезіндегі естің және интеллекттің бұзылыстары перифериялықполиневритпен байланысқанда).Корсаков синдромы өте сирек және рудиментарлы түрінде де 10 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерде ауыр менингиттерден кейін,энцефалиттер,эпилепсиялық статустан кейін кездеседі.Ол созылмалы емес бағыттан адасуының аз көрінуі және болжамы жақсы болып,ес пен интеллекттің толық қалпына келуімен сипатталады.
Психикалық бұзылуымен қатар жүретін,созылмалы аурулар кезіндегі естің бұзылуы,қартаю процесі 19 ғасырдағы француз психиатры Рибо заңдылықтарымен жазылған және атымен аталған.
Сонымен, Рибо заңы бойынша бірінші орында жақын арада өткен оқиғалар ұмытылады,ал уақыттан алыс оқиғалар есте жақсы сақталады.Балалар мен жасөспірімдердегі деменциямен дамыған естің күрт төмендеуі энцефалиттер кезінде байқалады.
Интеллект- адамның ойлау мен ой қорыту қабілетін, білім жинау мен оны өмірде қолдана алу қабілетін біріктіретін күрделі комплексті ұғым.
Психиатрияда интеллект патологиясының екі негізгі формасын ажыратады:
1.Туа пайда болған интеллект жетіспеушілігі-олигофрения.
2.Жүре пайда болған интеллект жетіспеушілігі-деменция.
Олигофрения- ақылаздық , туа біткен немесе ерте пайда болған өмірінің алғашқы 3 жылында ақыл кемістік, интеллект пен психиканың дұрыс жетілмеуімен сипатталады. Олигофрения дәрежелері: идиотия, имбецильдік, дебильділік.
Олигофрения-этиологиясы бойынша әр түрлі, екі қажетті белгісі бойынша біріктірілген психиаклық жетілмеу, интеллектуальды жетіспеушіліктің басымдылығымен сипатталады. Жүре пайда болған ақыл кемістігі(деменция)-мидың созылмалы немесе прогрессиялық ауруының нәтижесінде ойлаудың, естің, түсініктің, санау, сөйлеудің, оқуға қабілетінің бұзылуымен сипатталатын синдром. Деменция интеллектуальды функция мен тұрмысқа қабілетінің төмендеуіне әкеледі.
Жүре пайда болған ақыл кемістігі-оның түзілуінің негізінде жатқан патологиялық процесстің сипатына байланысты спецификалық шеттерге ие болатын, психикалық әрекеттің жалпы деградациясымен сипатталады. Деменция дамығанда ең бірінші шығармашылық ойлау бұзылады, сонан соң абстрактты ойлауға қабілеті және ең соңында қарапайым есептерді шешу қабілеті бұзылады. Ауырлық дәрежесі бойынша бұзылыстарға критикасы бар деменцияны, критикасы жоқ деменцияны, және тұлға ядросының бұзылуы бар деменцияны ажыратады.
Тотальды деменция-психикалық әрекеттің барлық түрінің зақымдалуы, адам тұлғасының бұзылуы, өзінің жағдайына критикалық көзқарастың болмауы.
Лакунарлы деменция(парциальды, ошақты) –қатты мнестикалық және эмоциональды бұзылыстар науқас есінің салыстырмалы сақталуымен бірге байқалады, өз жағдайына жартылай критикалық көзқарас болады(Тамырлы деменция).
4. Көрнекі материал: кестелер, слайдтар
