- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж.
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •3. Дәрістердің тезистері:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •3. Дәрістердің тезистері:
- •Әдет пен әуестіліктің бұзылыстары Құмарлық ойындарға патологиялық бейімділік.
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •3. Дәрістердің тезистері:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •3. Дәрістердің тезистері: шизофрения (f20)
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
- •Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Маниакальды синдромның негізгі көріністерін атаңдар.
2. Депрессивтті синдромның негізгі көріністерін атаңдар.
3. Абулия қандай көріністермен көрінеді ?
Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті
Д Ә Р І С
Лектор: м.ғ.к. доцент Оспанова Н.Н.
Пән: Психиатрия
Мамандық: Жалпы медицина
Курс 5
Уақыты (ұзақтылығы): 2 сағ.
Дәріс тақырыбы: № 4 Негізгі психопатологиялық синдромдар.Психикалық аурулардың жіктелуі.
Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:
1.Тақырып: Негізгі психопатологиялық синдромдар.Психикалық
аурулардың жіктелуі.
2. Мақсаты: Негізгі психопатологиялық синдромдар көрінісімен таныстыру.
3. Дәрістердің тезистері:
Синдром – бір ғана патогенетикалық механизмге біріктірілген симптомдардың тұрақты жиынтығы.
Қандай да бір ауруды тану,соның ішінде психикалық ауруларда барлығы симптомнан басталады.
Синдром бұл науқасты тексеру кезіндегі статус.Қазіргі заманғы синдромдар жіктелуі бірінші рет Э.Крепелин /1920 ж/ деген ғылымының жіктеуімен бірнеше деңгейге немесе “регистрлерге “ бөлінеді.Осы принципке сүйенсек ,әрбір синдром өзінің патологиясын үрдісінің ауырлық дәрежесіне қарай топтасады.Әрбір деңгей өзінің сыртқы көрінісіне қарай бөлініп,ал ішкі деңгей төменгі бұзылыстары бірдей болады.
Ауырлық дәрежесіне қарай симтомдарды бес деңгейге бөлінеді.
1. Невротикалық және невроз тәрізді
- астеникалық
- обсесиялық
-истериялық
2. Аффективті синдром
- депрессивті
- маникальді
- апато абулиялық
3. Сандрақтың және галлюцинаторлы синдром
- паранояльды
- параноидты
- психикалық автоматизм синдромы<Кандинский Клерамбо>
- парафренді
- галлюцинозды
4. Сананың бұзылу синдромы
- делирозды
- онейроидты
- аментивті
5. Амнеестикалық синдромы
- психоорганикалық
- Корсановский синдром
- деменция
Невротикалық және невроз тәрізді синдром
Функциональды көрініс психикалық емес бұзылысымен көрінетін жағдай.Олар әртүрлі болуы мүмкін.Невротикалық синдром бұл психопатологиялық синдром ,бұл кезде неврастенияға тән жабысқақ жағдайдайдағы невроз немесе истериялық көріністер болады.
1.Астеникалық синдром Астениялық өте жоғары деңгейде шаршағыштық ашушандық және бір қалыпсызкөңіл күйдің болуы барлығыда ұйқысының бұзылумен және вегетативті симптомдармен бірлесе жүруі өте жоғары деңейінде шаршағыштық жұмысқа қабілетінің төмендеуі мен әсіресе интеллектуальді күн түскенде көрінеді . Көбінесе жиі жүрек, қантамыр жүйесі жағында бузылыстар кездеседі: артериялды қан қысымының тербейлесі, тахикардия және пульс лабильділігі, жүрек аймағында әр түрлі жағымсыз немесе жай ауырсыну сезімдері болады.
2.Обсесивті синдром. Жабысқақ жағдай синдромы жабысқақ ойлар басым көрініс беретін психопатологиялық жағдай мысалы үшін, ауыр және жағымсыз ойлардың ойламайын деседе ойына келуі, бұрынғы болған жағымсыз жағдайлардың, қорқыныштардың, әуестіктер, іс қимылдар науқастың бір кездері критикамен қарайтын,ұмытайын деген ойларының есіне түсе беруі.
3.Истериялық синдром бұл психикалық, вегетативті, қимыл қозғалыс және сенсорлы бұзылыстар симптамо комплексі көп жағдайда жетілмеген, инфантильды,психикалық жарақатан пайда болған эгоцентризді адамда кездеседі. Бұл адамдар тіл байлығы кереметей дамымаған,өтірікке бейім,әдибелік қорымен қоршаған адамдарға болмаған оқиғаларын, өтіріктерін, әсерлеп айтып беретін адамдар. Осындай адамдар жиындар арасында өз өздерін көрсетіп,қоршаған ортаға көріну үшін жасайды.Олар қоршаған адамдардың өздері туралы қандай жаман ойлап отырғандарына қарамастан, барлығмен тіл табысып сөйлей беруге тырысады. Психикалық бұзылыстары біріншіден эмоциональді сферада толқын тәрізді көңіл күйінің өзгерумен,қарсы шығу, қуаныш,жек көргіштік,симпатия және т.б. Мимикасымен қимыл қозғалыстары,айқын, шектен тыс эксспреивті театральды болады.
Аффективті синдром
Бұл синдромдар келесі психикалық қызметтік бұзылыстарының терең деңгейінің көрінісі болып табылады. Аффективті синдромда бас миының жұмысының диэнцефальды деңгейінде, ағзанын биотонусын реттеуде,көңіл күйде, психикалық үрдістер тұрақтылығында өзгерістер дамиды .
Аффективті синдром көңіл күйдің тұрақты өзгерісі. Формасындағы психопатологиялық жағдай,көбінесе төмендеумен немесе көтерілумен және апатобулиялық синдроммен көрінеді. Депрессия және мания кең тараған психикалық бұзылыс.жилігі бойынша олар үлкен психиатрия клиникасында бірінші орынды алады және шектелген психикалық ауруларда өте жиі. Аффективті синдромдар психикалық аурулардың дебютінде үнемі кездеседі, бұзылыс барлық жағынан басым болып қалуы мүмкін,ал асқынған ауруларда өте ауыр өзгеде әр түрлі психопатологиялық бұзылыстарымен ұзақ қатарласа жүреді. Аурудын көрінісінің қайта дамуында депрессия мен мания сонында жоғалады.
Апатико-абулиялық синдром.Мына көрністермен көрінеді эмоциональді топастық, абулия.
Галлюцинаторлы-сандырақты синдром.
Сандырақ алжасу болмаған кезде вербальдық галлюцинациялық біресі монолог, біресе диалог, біресе көптеген “дауыс” көптеп байқалуымен өтіп жатады. Мұның өзі қорқыныш, мазасыздану, қимылдық мазасыздық, көп жағдайда бинелі сандырақпен бірге жүріп жатады.
1. Паранояльды синдром: жүйелік және бір тақырыптық сандырақпен сипатталады, ол галлюцинациямен, психикалық автоматизммен және естің бұзылуымен жүрмейді. Бұл сандырақты құрастырушы, реформаторлы,аңдығыштық, қызғанншақтық болады.
2. Пароноидты синдром жиі кездеседі және жүйелендірілген политематикалық сандырақпен сипатталады, алдау, қабылдау және вербальді түрінде кездеседі. Сонымен қатар тактильдіі галлюцинациямен жиі психхикалық автоматизммен көрінеді. Сандырақ құрамына қызғаныш, жаңалық ашу, аңду және тағы басқа, кейде ипохондриялық жағдай жатады.
Психикалық автоматизм синдромы немесе Кандинский – Клерамбо.
Психикалық суреттің ядросы болып әртүрлі психикалық автоматизм (ойлағыш, сезім, қозғалғыш) физикалық немесе психикалық әсермен дамиды. Алғаш рет Кандинскии мен Клерамбо бірігіп психикалық автоматизм синдромын ашты. Психикалық автоматизм синдромының 3 түрін ашты.
1.ассоциативті (идеаторлы, идеоввербальді)
2.сенсорлы (сенестопатикалық, сезгіштік)
3.қозғалғыштық (моторлы, кинестетикалық)
3. Парафренді синдром. (Е. Dupre 1914) Фантастикалық ұлылық сандырақпен немесе жүйелі сандырақ әсерімен көрінеді. Сандырақ ойлары көбіне есту галлюцинациясымен немесе псевдогалюцинациямен және психикалық автоматизммен жүреді. Көбіне алдамшы еспен фонтастикалық канфабуляциямен көрінеді. Науқастар өзін әлем билеуші деп санайды, өздерін өлмейтін адамдар деп санайды, атақты жазушылардың кітаптарын өзім жаздым деп айтады. Ұлылық сезіммен ойлаумен конфобуляция құралады, космосқа ұшулар туралы ойлар т.б. айтады.
4. Вербальді галлюциноз – үздіксіз галлюцинация жағдайы, қандай да бір галлюцинацияның түрімен басым жүреді. «Галлюциноз» терминін К. Wernicke (1900) енгізген.
Кататониялық синдром\ кататония\-кататониялық ступор немесе гиперкинез кататониялық қозу түрінде қозғалыс бұзылыстармен көрінетін психикалық бұзылыстың симптомакомплексі. Кататония термині және синдромның анық клиникалық сипатын K Kahlbaum y \ 1863 1874\ жазған.
1.Кататониялық қозу. Бұл қозғалысқа мақсатсыз ұмтылумен көрінеді маниакальды жағдайдан айырмашылығы іске ұмтылу.Сөздер бөлек, науқастардың қозғалысымен мимикасының мәнерленуімен, театральдылығымен стереотипті ерекшеленеді, кейде импульсивті әрекеттер де байқалады, эхолалия, эхопраксия пайда болады.
2.Кататониялық ступор сыртынан қатты қозудан ерекшеленеді.
Кататониялық ступорда бірінші шайнау бұлшық етінде, одан мойын және желке ,одан иық бұлшық еттерінде, білезік, аяғында аяқ бұлшық етінде жоғарғы тонус байқалады\кататония\. Жоғарғы бұлшық еттің тонусында науқас алдыңғы тұрған қалпын сақтайтын мүмкіндігімен жүреді\ балауыздық икемділік,мойын бұлшық етінде, одан кейін аяқ бұлшық еттерінде пайда болады..
Гебефреникалық синдром қозғалыс және сөйлеу қозулары ақымақтық және аффекттің өзгеруімен қосылуы қозғалысқозуы мазақтау, тыржиту,айналасындағы кісілердімазақ ретінде қимылдарын қайталау.
4.Көрнекі материал: кестелер, слайдтар
