Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 5 курс ОМФ по ГОСО 2006 КАЗ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

5. Әдебиет

Негізгі:

1.Илешева Р.Г. Психиатрия. – Алматы, «Санат».-1998.-245б.

2.Қудиярова Ғ.М., Жарбосынова Б.Б. Психиатрия. - Алматы.:Казахстан, 2008.-277б.

3.Қудиярова Г.М. Жасөспірімдердің мінез-қулқыңдағы ауытқушылықтар.- Алматы «Рауан».-1996.-205б

4. Оспанова Н.Н. Психопатологиялық синдромдар. – Семей. – 2008. – 52 б.

5. Жариков Н.М., Тюльпин П.Г.Психиатрия: Учебник- М.Медицина. 2000 г.

6. Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия: Учебник. – М., Медицина, 2007.

7. Иванец Н.Н., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия и наркология: учебник. – М., ГЭОТАР

8. Н.М.Жариков.,Л.Г.Урсова., Д.Ф. Хритинин, Қ.Т.Сарсембаев. Алматы: «Эверо»- 2010 ж.–524 б

Қосымша:

1. Коркина М.В.,Лакосина Н.Д., Личко А.Е., Сергеев И.И. Психиатрия: Учебник для студентов мед.вузов- М.,МЕДресс-информ, 576с.

2.Субханбердина А.С. Учебник. Наркология.- Алматы, 2009.387с.

3.Психиатрия национальное руководство. Под. редак. Т.Б. Дмитриевой М. ГЕОТАР – медиа 2009 г. 1000 стр.

6. Пропедевтика психиатрии. Учебное пособие.В.Л.Гавенко, Г.А.Самардакова, В.И.Коростий, и др./ Под редакцией В.Л.Гавенко.- Ростов – на-Дону «Феникс», 192 с.

7. Психиатрия и наркология. Под редакцией В.Д. Менделевича, М.: Издательский центр «Академия», 368с.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1.Астениялық синдром немен мінездемеленеді ?

2. Кандинский-Клерамбо синдромының компоненттерін атаңыз ?

3. Гебефрениялық синдромның қандай көріністерін білесіз ?

Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті

Д Ә Р І С

Лектор: м.ғ.к. доцент Оспанова Н.Н.

Пән: Психиатрия

Мамандық: Жалпы медицина

Курс 5

Уақыты (ұзақтылығы): 2 сағ.

Дәріс тақырыбы: № 5 Шизофрения және аффектілік бұзылыстар.

Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:

1.Тақырып: Шизофрения және аффектілік бұзылыстар.

  1. 2. Мақсаты: студенттерді шизофрения және аффективті бұзылыстардың этиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністерінің қазіргі кездегі берілгендерімен, берілген науқастармен жұмыс істеу ерекшеліктері және емдеу сұрақтарымен таныстыру.

3. Дәрістердің тезистері: шизофрения (f20)

Анықтама. Шизофрения ­ эндогенді созылмалы психикалық ауру, этиологиясы белгісіз, этиологиясында тұқым қуалауға бейімділік белгілі бір орын алады. Патогенезінің негізінде негізінен жас кезде басталатын нейромедиаторлар алмасуының бұзылысы нәтижесіндегі қозу мен тежелу үрдістері қатынасының бұзылуымен жүретін ОЖЖ қызметінің бұзылыстары жатады. Клиникалық симптомдардың көптүрлілігімен, ағымыныағымының прогредиенттілігімен, арнайы шизофрениялық кемақылдылыққа өтуімен сипатталады.

Эпидемиология. Этиология. Дүниежүзілік статистика мәліметтері бойынша шизофрениямен барлық тұрғындардың 1,5 % ауырады. 15 – 25 жаста жиі манифестацияланады, еркектерде ерте жастан басталады. Аурудың еркектер және әйелдер арасындағы таралымы бірдей. Генетикалық фактор – ауырып қалу қаупі туыстық дәрежесі мен туыстар арасындағы аурулар санына тура пропорционал. Нейроморфологиялық зерттеулерде белгілі бір құрылымдық көрініс бермейтін диффузды және бейарнамалы дегенеративті өзгерістер анықталады.

Өзінің преморбитті, тұлғалық ерекшеліктері жөнінен сабырлығымен, пассивтілігімен, тұйықтығымен, өзіне үңілумен, арманшылдығымен ерекшеленетін тұлғаның шизоидты типі ең жиі (44 %) кездеседі. Психопатологиялық синдромдардың кез келгені негізгісі болуы мүмкін. Бұл бұзылыстар уақытша (периодты түрде болып тұратын ұстама түрінде) және бұзылыстардың біртіндеп күрделенуімен жүретін қайтымсыз өзгерістер түрінде брлуы мүмкін. Ауру науқастың қоғамдағы адаптациясын қиындататын, жұмыс қабілетін түсіретін, мүгедектікке әкелетін тұлғаның арнайы өзгерістерінің дамуына әкеледі ( «психиканың шизофрениялық ақауы» - тұйықтық, эмоциялық кедейлік, белсенділіктің төмендеуі, қисынсыз, қызық іс - әрекетердің пайда болуы).

Диагноз. Белгілі бір диагностикалық критерий шизофренияның барлық формаларына ортақ болып табылады. Бір айдан кем емес уақыт аралығында бақыланған психотикалық эпизод келесі белгілердің кем дегенде біреуімен қатар жүреді:

  • Есту псевдогаллюцинациялары, ойларды қабылдау немесе қашықтыққа жіберу немесе оларды тартып алу сезімі.

  • Біреудің әсер етуі, бақылауы сандырағы, кейбір қозғалыстардың, ойлардың , іс - әрекеттердің, сезімдердің бұрын болған сияқты сезімі, сандырақтық қабылдау.

  • Науқас іс - әрекетін талқыға салатын комментарий немесе диалог түріндегі вербальды галлюцинация, дененің белгілі бір бөліктерінен шығатын басқа дауыстар.

  • Берілген ғұрыпқа сай емес тұрақты, шындыққа ұштаспайтын сипаттағы сандырақ (мысалы, өзге планетадағылармен қарым - қатынас).

Егер айтылған белгілердің біреуі де болмаса, онда кем дегенде келесінің біреуі байқалуы керек:

    • неологизмдер, үзілістер, сөйлем үзілуіне әкелетін басқарылмайтын ой ағымының эпизодтары.

    • Қозу, стереотипиялар, балауыз тәрізді майысқақтық, негативизм, мутизм, ступор тәрізді катотоникалық симптомдар.

    • Негативті симптомдар – ұлғая беретін апатия, сөзге кедейлік, аффект тығыздалуы және адекватты еместілігі.

Бірінші жедел эпизод алдында болатын бірнеше апта және айға созылатын продромальды көріністерге жұмысқа, қоғамдық іс - әрекеттерге, өз бет - әлпетіне, гигиеналық шараларға қызығушылықтың жоғалуын жатқызады. Олар жеңіл депрессиямен үйлесуі мүмкін. Шизофрения диагнозы айқын шизофрениялық бұзылыстар аффективті бұзылыстардың алдында болмаған жағдайда қойылмауы керек.

Емі: шизофренияның этиологиясы, патогенезі жайлы керек мөлшерде мәліметтердің болмауы оның радикалды емі және алдын алу тәсілдерін табу мүмкіншілігін тудырмай отыр. Шизофренияның толық мағыналы емін тек қана арнайы психиатриялық мекекмелерде жүргізуге болады. Соңғы жылдары емдік патоморфоз анықталып отыр – шизофренияның «жұмсақ» өтетін түрлері жағына ығысуы (рудиментарлы галлюцинаторлы – сандырақтық көріністермен өтетін).

Ағымы және нижесі: әртүрлілікпен ерекшеленеді: невроз тәрізді симптоматика және жұмыс қабілетінің сақталуымен өтетін жеңіл психотикалық емес түрлерден жиі психотикалық өршулер және кемақылдылыққа әкелетін қатерлі ағымға дейін. Шизофрения кезінде міндетті түрде пайда болатын ақаулық жағдай жайлы кең таралаған пікір қате болып табылады. Папуляция және культурадағы жиілігі әртүрлі болатын кейбір жағдайларда сауығу толық және толық дерлік болуы мүмкін.

КӨҢІЛ – КҮЙ БҰЗЫЛЫСТАРЫ (АФФЕКТИВТІ БҰЗЫЛЫСТАР)

(F 30 – F 39 )

Эмиль Крепелин (1856 - 1926) кезеңінен бастап психотикалық деңгейдегі аффективті бұзылыстар маниакальды – депрессивті психоздар деп аталады (МДП). 1957 ж. Карл Леонгард генетиклық ерекшеліктерге негізделіп, МДП ­ дың биполярлы (маниакальды және депрессивті ұстамалармен өтетін) және монополярлы (тек бір ұстама түрімен өтетін) түрлерін ажыратты. Бұл жағдай МКБ ­10- да маниакальды – депрессивті психоз сипаттамасының негізіне енді, ол биполярлы аффективті бұзылыстар деп аталады.

БИПОЛЯРЛЫ АФФЕКТИВТІ БҰЗЫЛЫСТАР (F 31)

(маниакальды – депрессивті психоз )

Эпидемиология.Этиология. Биполярлы бұзылыстармен аурушаңдық 0,6 ­ 0,9 % құрайды, көбінесе әйелдер ауырады (1:1,2), бұл өзгерістер көптеген мемлекеттерде сақталады. Биполярлы аффективті бұзылыстар жиі кеш жасөспірім шақта басталып, шыңы 20-30 жасқа келеді. Монополярлы депрессия басталуының орташа жасы - 35-40 жас. Ауру негізінде жатқан этиологиялық және патогенетикалық механизмдер қазіргі күнге дейін толық зерттелмеген. Ғалымдардың назары нейротрансмиттерлер белсенділігін зерттеуге бағытталған, соған байланысты аффективті бұзылыстардың «аминді гипотизасы» қазіргі кезде доминантты болып табылады.

Анықтама. Депрессивті және маниакальды жағдайлардың алмасуымен жүретін, қайталанатын (кем дегенде екі ) эпизодтармен сипатталатын эндогенді психикалық ауру.

Клиника. Ұстамалар (эпизодтар) арасында толық сауығу байқалады.75 % әйел және 67 % еркектерде алғашқы ұстама депрессия болып табылады. Көп жағдайда эпизодтар кезектесіп отырады, алайда 10-20 % науқастарда «униполярлы» ағым (тек маниакальды немесе депрессивті эпизодтар) анықталады. Аурудың прогрессиясы барысында фазалар жиілеп, олардың арасындағы ремиссия ұзақтығы біртіндеп 6-9 айға тұрақтанады. Аурудың ұзақ ағымында да тұлғаның анық өзгерістері немесе психикалық ақаулары анықталмайды.

Диагноз. Биполярлы бұзылыс диагнозы беткеұстар синдром құрылымы мен айқындылық деңгейіне байланысты ажыратылады: психотикалық синдромдармен жүретін гипоманиядан манияға дейін, психотикалық симптомдармен жүретін жеңіл депрессия эпизодынан ауыр депрессияға дейін.

Емі. Емдік шаралар үш жеке шаралардан тұрады:

Бірінші кезең – басушы ем – клиникалық ремиссия орнағанға дейін созылады және жедел аффективті симптоматиканы тез арада шешуге бағытталған. Жиі стационарлық жағдайда жүргізіледі.

Екінші кезең – тұрақтандырушы ем – фазалардың спонтанды соңына дейін созылады. Бұл деңгейлерге сонымен қатар резидуальды симптоматиканы соңына дейін емдеу, аффективті тұрақсыздықпен күрес кіреді. Амбулаторлы немесе жартылай стационарлы жағдайда жүргізіледі. Олардың ұзақтығы 4­6 ай.

Үшінші кезең – алдын алушы ем – ауру рецидивтерінің дамуын алдын алуға бағытталған. Амбулаторлы жағдайда, бір жылдан кем емес уақытта жүргізіледі.

4.Көрнекі материал: кестелер, слайдтар