Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 5 курс ОМФ по ГОСО 2006 КАЗ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

5. Әдебиет

Негізгі:

1.Илешева Р.Г. Психиатрия. – Алматы, «Санат».-1998.-245б.

2.Қудиярова Ғ.М., Жарбосынова Б.Б. Психиатрия. - Алматы.:Казахстан, 2008.-277б.

3.Қудиярова Г.М. Жасөспірімдердің мінез-қулқыңдағы ауытқушылықтар.- Алматы «Рауан».-1996.-205б

4. Оспанова Н.Н. Психопатологиялық синдромдар. – Семей. – 2008. – 52 б.

5. Жариков Н.М., Тюльпин П.Г.Психиатрия: Учебник- М.Медицина. 2000 г.

6. Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия: Учебник. – М., Медицина, 2007.

7. Иванец Н.Н., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия и наркология: учебник. – М., ГЭОТАР

8. Н.М.Жариков.,Л.Г.Урсова., Д.Ф. Хритинин, Қ.Т.Сарсембаев. Алматы: «Эверо»- 2010 ж.–524 б

Қосымша:

1. Коркина М.В.,Лакосина Н.Д., Личко А.Е., Сергеев И.И. Психиатрия: Учебник для студентов мед.вузов- М.,МЕДресс-информ, 576с.

2.Субханбердина А.С. Учебник. Наркология.- Алматы, 2009.387с.

3. Психиатрия национальное руководство. Под. редак. Т.Б. Дмитриевой М. ГЕОТАР – медиа 2009 г. 1000 стр.

6. Пропедевтика психиатрии. Учебное пособие.В.Л.Гавенко, Г.А.Самардакова, В.И.Коростий, и др./ Под редакцией В.Л.Гавенко.- Ростов – на-Дону «Феникс», 192 с.

7. Психиатрия и наркология. Под редакцией В.Д. Менделевича, М.: Издательский центр «Академия», 368с.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Иллюзия дегеніміз не ?

2. Галлюцинацияға анықтама беріңдер ?

3. Сандыраққа анықтама беріңдер ?

Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті

Д Ә Р І С

Лектор: м.ғ.к. доцент Оспанова Н.Н.

Пән: Психиатрия

Мамандық: Жалпы медицина

Курс 5

Уақыты (ұзақтылығы): 2 сағ.

Дәріс тақырыбы: № 3 Жалпы психопатология: эмоцияның, ерік-қимыл

сферасының, сана-сезімнің бұзылыстары.

Семей – 2011 ж. Дәрістік кешен:

1.Тақырып: Жалпы психопатология: эмоцияның, ерік-қимыл

сферасының, сана-сезімнің бұзылыстары.

2. Мақсаты: эмоция, сана-сезім және ерік-қозғалыс бұзылыстарына анықтама беру.

3. Дәрістердің тезистері:

ЭМОЦИЯ-әлемнің уайым түрінде көрінуі (эмоциа-абыржимын,уайымдаймын).Эмоциялар адамға әлемде болып жатқан жүйелі дабыл ретінде меңызды болады.Күшеюмен,азаюмен,жоғалумен,бұрмаланумен көрінетін лайықты қоздырғыштың адекватты еместігімен сипатталатын сезімнің патологиялық өзгерісі.Эмоцияның патологиялық күшеюіне жатады: эйфория-құштарлық билеп алатын жоғары қуанышты көңіл-күй,көңілділік байқалып,тамаша денсаулық сезімі,төзімділікпен күш билеп алады.Науқасқа бәрі де қолайлы болады,бәрі оған алқызыл жарық түрінде көрінеді,пайымдау,мінез-құлықжақсы көңіл күйге негіз болады.

Мория-түйсіктің тежелуімен,сайқал және дөрекі қалжыңдарға бейім,ақымақтық және аңқаулықпен сипатталатын көңіл-күйдің патологиялық көтерілуі.

Маниакальды синдром триада симптомымен сипатталады:оң эмоциялардың күшейіп,көңіл-күйдің тез көтерілуі,қозғалыс белсенділігінің жоғарлауы және ойлаудың жылдамдауы.Маниакальды бейне ең алдымен маниакальды фазаның мниакальды-депрессивті психозда байқалады.Атипті маниакальды жағдайлар былай бөлінеді:шатасқан мания-ретсіз қозу,айбарлы мания-ашуланшақтық,міншіндік,маникальды ступор.

Депрессияның келесі симптомдары диагностикада маңызы зор:

Депрессивті көңіл-күй: көңіл-күйдің төменлеуі,ол өз кезегінде келесі түрлерде көрінеді-уайыммен,қасіретпен,жан дүниесінің түсуімен,еш нәрсеге қуануға қабілеті жоқ,қабағы ашылмаған,жабырқау,мұң сезіммен көрінеді.Бұл жағдай патологиялық күйге айналады егер жеке адам өміріне ол тоқтаусыз,бәрінен өтімді болып,ауыр немесе өмірлік жағдайға адекватты емес болса.

Эмоцияның патологиялық әлсіреуіне жатқызады:эмоциялық жетіспеушілік немесе эмоциялық әлсіздік – эмоциялық реакциялардың әлсіреуі немесе олардың толық жойылуы – апатия.Инстинктпен байланысты эмоциялық реакциялар көпке дейін сақталып,бірінші орында жоғарғы эмоциялар жойылады.Бұл бұзылудың түрін шизофренияның процесске және бастапқы жағдайдағы мидың органикалық зақымдалуына жатқызуға болады.

Эмоцияның бұрмалануы паратимия бұл кезде оң қоздырғыш жауабына теріс эмоциялық реакция туындайды.Эмоцияның амбиваленттілігі бір мезгілде екі қарама-қарсы сезімдермен көрінеді.

Дисфория – себепсіз аяқ астынан пайда болатын көңіл-күйдің төмендеп немесе қозумен,ашуланшақтығымен, кекшілдікпен бірге жүретін өзгеріс.Көңіл-күйдің сан құбылмалылығы эпилепсияға тән.

Эмоциональды лабильділік (аффективті ұстамаушылық, сезімдік тұрақсыздығы).Жоғары аффективтілікпен, ашушаңдықпен, қозғыштықпен сипатталады. жағымсыз іс-әрекеттер науқаста вегетативті-қозғалтқыш компонентімен және агрессиямен жүретін қозғыш сезімдік реакцияны шақырады. Мұндай эмоцияның бұзылуы ми жарақаттары және психопатия кезінде көрінеді.

Эмоциянальды жанның әлсіреуі немесе эмоциялық әлсіздік-қандайда бір себепсіз түкке тұрмайтын нәрсеге көзіне жас алып эмоцияны факт түрінде ұстай алмауы. Бірақ мұндай аффект оңай түрде қарама-қарсы ауысып кетуі мүмкін. Науқас жылап тұрып, көзінің жасы тыйылмай, күлкілі оқиғалар есіне түссе күліп жібере салады. Мұндай эмоциялық бұзылыстар мидың атеросклерозына, астениялық жағдайларға тән.

ЕРІК-бұл психологиялық функция.Ол дегеніміз адамның алдында тұрған мақсатына жетейін деген жолда кедергілерді жеңу.Қажеттілік бұл инстинктер.

Әр түрлі этиологиялы аурулар кезінде мотивацияның және жеке тұлғаның еріктік ұмтылысының бұзылуы байқалады.Жоғары және төмен патологиялық ерік әрекеттерін ажыратады.Еріктің жоғарлауына гипербулия жатады.Бұл кезде ерік белсенділігінің мотивациясының патологиялық әлсіреуі байқалады.Науқастың бүкіл өмірі гипертрофияланған патологиялық оянулардың реализациясына бағынады.Қандайда әрекеттермен мақсатына жету көрінеді.

Гипобулия – ерік белсенділігінің төмендеуі,әлсіздікпен,жұмысқа қабілетінің төмендеуімен,түсініксіз сөйлеу, назардың әлсіреуімен, ойлаудың төмендеуімен, қозғалыс белсенділігінің төмендеуімен,қарым – қатынасының шектелуімен бірге жүреді.

Абулия – толық жұмысқа қабілетінің төмендеуі.Бұл созылмалы аурулар кезінде интеллекттің төмендеп,аффективті әрекеттің әлсіреуінде байқалады.Жиі мынандай симптомдармен бірге жүреді: әлеуметтік өнімділіктің төмендеуі әлеуметтік рольдер мен тәлімдерді орындаудың төмендеуі.Көптеген адамдардың тәртібінің функциональділігі әлеуметтік дәрежеде белгілі орын алып және осы дәрежені ұстауда маңызды болып қарастырылады.

Кәсіби өнімділіктің төмендеуі – кәсіби міндеттерді және тәлімдерді орындаудың бұзылуы,ол дегеніміз арнайы есептер және міндеттербілім және стандартты кәсіптік жағынан(материальді өндіріс, қызмет көрсету, білім және көркем өнер сферасы).

Әлеуметтік оқшаулану – тәртіптің бір түрі,әлеуметтік қарама қайшылықтар және байланыстардан бас тартумен сиптталады.Жеке тұлғаның мұндай тәртібі қалыптыдан ауытқыған және психикалық бұзылыстарға алып келеді.Ал еріктің төмендеу патологиясына құмарлық,инстинктер негізінде құралып күшеюі,әлсіреуі және бұрмалануы.

Тамақтану инстинктің патологиясы:

Булимия – тамаққа араны ашылып,тойғанын білмеу.Бұл адамның балакезінен пайда болып,мидың органикалық зақымдалуы (диэнцефальды бұзылыс,энцефалиттен кейінгі психопат тәрізді жағдайы,мидың жарақаттануы).

Анорексия – аштық сезімнің жпғалуы немесе азаюы.Невропаттар мен невроз кезінде 3 жастан 6 жасқа дейін жиі кездеседі олар:тамақ талғау секілді немесе тамақ шайнау ерекшелігі.

Мыналарды ажыратады:нервті анорексия,көбінесе жас өспірім кезінде,қыздарда кезігеді,қарны ашып тұрса да арықтауға талпынады,психикалық анорексия – тамақтан бас тарту,қарын ашқанын білмеу.(мысалы:депрессия кезінде және кататония немесесандырақ).

Парабулия – еріктің бұрмалануы:копрофагия жеуге жарамсыз және жүрек айнытатын заттарды жеу.

Инстинкттің өзін-өзі сақтау патологиясы:

Фобия - өзін сақтау инстинкттің патологиялық жоғарлауы, өз өміріне деген қорқыныш сезімінің себепсіз тууы.Өзін сақтау инстинкттің төмендеуі апатико-абулиялық жағдайға тән.

Жыныс инстинкттің патологиясы:

Жыныс инстинкттің патологиялық жоғарлауы – гиперсексуальділік – көптеген эротикалық әрекеттер,әйелдерде сексуальды тойымсыздық – нимфомания және еркектерде – сатириазис.

Жыныс инстинкттің төмендеуі немесе жоқ болуы – импотенция немесе фригидтілік деп аталады.

Жыныстык ұқсастылықтың бұзылыстары.

Транссексуализм: қарама-қарсы жыныстың өкілі ретінде өмір сүруге құштарлану,ол гормональды ем және хирургиялық әдіс көмегімен,өз денесін өзінің қалаған жынысы бойынша толығымен ұқсас етуге талпынумен жүреді.

Трансвестизм:қарама-қарсы жыныстың бұйымдарын уақытынша сезіну үшін қарама-жыныстың киімдерін кию.Бұл кезде қарама-қарсы жыныстың киімдерін киіп алғанда,қандайда бір сексуальды ынталандыру болмайды .

Жыныстық артық көрушіліктің бұзылыстары

Фетишизм-фетиш (қандайда бір жансыз зат) сексуальды стимуляцияның ең маңызды көзі болып табылады немесе қанағаттанарлық сексуальді реакция үшін қажет.

Эксгибиционизм-жыныстық қозу және мастурбациямен жүретін,кезеңді пайда болатын немесе үнемі басталымды,күтпеген жерден өз жыныс мүшесін таныс емес адамдарға(көбінесе қарама қарсы жынысқа) көрсету.

Вуайеризм-жыныстық қозу және мастурбациямен жүретін,кезеңді немесе үнемі басталымды,адамдардың сексуальды және интимді жұмыстары кезінде сығалау.

Педофилия-жыныстық белсенділікті пубертатты жастағы балалармен болуды қалау.

Садо-мазохизм- ауырсынуды,төменділікті,тәуелділікті орнатумен жүретін,жыныс белсенділігін рецепиент ретінде(мазохизм)немесе керісінше(садизм) қалау.

Компульсивті іс әрекеттері: Жеке тұлға қайталамалы стереотипті жүріс тұрыс және жол-жораларды мағынасыз және тиімді емес қабылдайды және оларды қайталамалы қарсы тұрушылық әдістер жасайды.Көптеген компульсивті іс-әрекеттер немесе жол-жоралар тазалықпен, жинақылықпен,ұқыптылықпен байланысты. Бұндай жүріс тұрыс жеке тұлға мен болатын немесе сонымен шақырылатын қауіпті жағдай алдындағы қорқыныштан туындайды. Жол-жоралары өз кезегінде қауіптілікті тоқтату ісімен көрінеді. Компульсивті істер мен жол-жоралар күнделікті көп сағатты алуы мүмкін.