Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 2 ОСД.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.3. Сыртқы тасымал

Құрылыс жүктерін тасымалдауға арналған транспорт түрлерінің ішінде ең көп тарағандары автомобильді транспорт және белгілі-бір жағдайда трактормен тасымалдау, ал қала құрылысында жүктердің 90 % автотранспортпен тасымалданады. Сондықтан да біз осы тасымал түрлеріне тоқталамыз. Теміржол, әуе, су тасымал түрлері құрылыста пайдаланылмайды, сол себепті біз оларды қарастырмаймыз.

2.3.1. Автомобиль тасымалы

Автомобиль – бұл барлығымызға да таныс көлік түрі. Дегенмен де оның құрылғылары, типі, қолдану аймағы жөнінде айтып өткен артық болмайды.

Қозғалтқыш түріне қарай автомобильдер карбюраторлы, дизельді, газ генераторлы, газ баллонды және электрлі болып бөлінеді. Жүк көтергіштігі 5 т және одан жоғары болатын қазіргі заманғы жүк машиналары тек қана дизельді қозғалтқыштармен шығарылады.

Жұмыс жабдығының түріне және пайдаланылуына қарай автомобильдер жақтаулы, автосамосвалдар, арнайы және тартқыштар болып бөлінеді.

Әрбір автомобиль, сондай-ақ кез-келген құрылыс машинасы қозғалтқыштан (1), трансмиссиядан (2), жүріс бөлігінен (3), басқару тетіктері бар кабинадан (4), жұмыс жабдығы – шанақтан (5) және аталған түйіндердің барлығы жинақталатын рамадан тұрады.

Аударылатын шанақтармен жабдықталған автосамосвалдар сусымалы және қорапталмаған үлкен көлемдегі жүктерді – топырақ, қиыршық тас, керамзит, құрылыс қоқысы, қар, ерітінді және бетон қоспаларын тасымалдауға арналған. Самосвалдардың негізгі сипаттамасы олардың жүк көтергішітігі, шанақ көлемі және түсіру әдісі болып табылады. Самосвалдардың жүк көтергіштігі 2,5 - 40 т және одан жоғары (карьерде пайдаланылатын самосвалдар) болады. Шанақ көлемі – 1,65-15 м3 және одан жоғары. Самосвал шанағы әдетте гидроцилиндр көмегімен, көп жағдайда кері, кейбір жағдайда бір немесе екі бүйірге, егер жүргізуші кабинасы шанақтың артында орналасса алға қарай аударылады. Самосвалдың астынан түсірілетін тіркеме арбалары да болады, олардың астындағы қақпалары ашылып, жүктер содан түсіріледі.

2.1 - сурет. Автомобиль түйіндерінің орналасу сұлбасы

1 –қозғалтқыш, 2–трансмиссия, 3 – жүріс бөлігі,

4 – басқару тетіктері бар кабина, 5 – шанақ

Жақтаулы автомобильдер дана жүктерді және контейнердегі жүктерді (кірпіш, ұсақ қабырға блоктары, әрлеу материалдары, санитарлық-техникалық бұйымдар және т.б.) тасымалдауға арналған. Әртүрлі маркалы жақтаулы автомобильдердің жүк көтергіштігі 1,5 - 12 т; шанақ ұзындығы 2,5-5,8 м; ені – 2-2,5 м; жақтау биіктігі – 0,35-0,9 м аралықтарында болады. Мұндай машиналарға тіркемелерді тіркеу арқылы жүк көтергіштігін арттыруға болады. Бұл әрине машинаның маневрлігін төмендетеді, алайда жақсы жолдарда жүрге болады. Ол үшін автомобиль қозғалтқыштарының қуаты жақсы болуы керек.

Арнайы автомобиль тасымалының түрі – автобетонды араластырғыштар, автоцемент тасымалдағыштар, кірпіш тасымалдағыштар, тақта тасымалдағыштар, бензовоздар, автогудраноторлар және т.б.

Тіркемелер мен жартылай тіркемелерді тартқыштпен тартады. Тіркемелерге салынатын жүктердің түрлері тіркемелерге және тістесу қондырғысына байланысты таңдалады. Тартқыштардың жүк көтергіштігі - 6-12 т, тіркемелерде 1-15 т аралығында болады. Жалпы мақсатта қолданылатын тіркемелер мен жартылай тіркемелер шанақты автомобильдер тасымалдайтын жүктерге де арналған. Олардың жүк көтергіштігі 1-15 т, ұзындығы – 2,9-12,9 м, ені – 1,8- 2,6 м болады. Арнайы мақсатта қолданылатын тіркемелер мен жартылай тіркемелер арнайы жүктерді тасымалдауға арналған. Мысалы, бір осьті тіркемелер ұзын жүктерді, арнайы кондуктормен жабдықталған бір осьті тіркемелер жамылтқы фермаларын, арнайы кассеталармен жабдықталған көп осьті тіркеме-трайлерлер – тақтайларды, цементті цистерналары бар жартылай тіркемелер – цемент тасымалдауға арналған.