Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 2 ОСД.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.5.2.2. Жебелі көтергіш жабдықтар

Жебелі көтергіш жабдықтар жеңіл тасымалданатын крандарға ұқсас.

2.5.2.3. Иық-арқалықты көтергіштер

Иық-арқалықты көтергіштер жүкті жерден немесе тасымал құралынан алып, терезе ойықтары арқылы ғимарат ішіне беруге, аражабындарды жинақтау-бұзу жұмыстарында элементтерді жерге немесе тасымал көлігіне салуға арналған. Материалдарды көтеру ғимарат сыртынан терезе ойығына бекітілген рама арқылы (2.13 – сурет) немесе аражабынға орнатылған тірек арқылы (2.14 – сурет), не болмаса бөлменің төбесі мен еденіне арасына орнатылған тіреу арқылы жүргізіледі. Көтерілген материал бөлме ішінде монорельс арқылы жылжитын тельфермен қозғалады.

Кейбір крандар үшін (Беляев жиынтығы) терезеге орнатылған монорельстен басқа көлденең монорельс қарастырылады, оның бойымен екінші тельфермен жүк ғимараттың жанымен қозғалады. Беляев жиынтығына өзінің иық-арқалықты көтергішінен басқа жеңіл жылжымалы аша крандар да кіреді. Мұндай крандар тельфер жетпейтін жерлердегі жүктерді автомобиль және рольгангқа көтеріп-түсіруге арналған.

Иық-арқалықты көтергіштердің негізгі сипаттамасы - олардың жүк көтергіштігі мен қармақтың көтерілу биіктігі. Жүк көтергіштігі 50-500 кг аралығында болады. Қармақтың көтерілу биіктігі шығыр барабанының сыйымдылығына қарай анықталады және 50 м дейін жетеді.

2.13 - сурет. КОР-200 электрлі краны:

1 – жебе (монорельс); 2 – терезе ойықтарын бекітуге арналған рама;

3 – тельфер

2.14 - сурет. Монорельстің тіректерге орнатылуы

2.5.2.4. Скипті көтергіштер

Скипті көтергіштер дегеніміз тік немесе көлбеу бағытта қозғалатын, арнайы жәшіктерге – скиптерге салынған сусымалы материалдарды көтеруге арналған жылжымалы және тұрақты қондырғылар.

Скипті көтергіштер (2.15-сурет) жәшіктен (1), тартқыш арқаннан (2), көлбеу және тік бағыттағыштан (3), бағыттағыш шкивтерден (4) және шығырдан тұрады.

Скипті көтергіштерді сусымалы материалдарды қойма бункерлеріне, араластырғыш қондырғыларға беру үшін пайдаланады. Шөміш көлемі шамамен 1 м3 болады.

2.15 - сурет. Скипті көтергіштер:

1 – скип, 2 – шығыр арқаны, 3 – рельс, 4 – кері блоктар

Аударылған скипті автоматты түрде босату үшін оның алдыңғы және кері дөңгелектері әрбір рельс бойымен қозғалады. Скип босатылатын жерге жеткен кезде рельс бойымен қозғалатын алдыңғы дөңгелектері рельстің көлденең бөлігіне қарай ауысып, ал артқы дөңгелектері көлденең және тік бағыттауыштардың бойымен қозғала бастайды. Дәл осы кезде скип еңкейеді де, ішіндегі материалдар төгіледі.

2.5.2.5. Автогидрокөтергіштер (автомұнаралар)

Автогидрокөтергіштер (автомұнаралар) (2.16-сурет) құрылыс-жинақтау және жөндеу жұмыстарын орындау үшін адамдарды жоғарыға қарай көтеруге арналған. Көтергіш автомобиль шассиінде жинақталады, биіктігі 22 м дейін болатын, сондай-ақ жер деңгейінен 7,0 м төмен және шассиден 15 м дейін қашықтықта орналасқан объектілерді қызмет ете алады. Автомұнаралардың жүк көтергіштігі 300 кг шамасында болады. Көтергішті айналмалы платформада орнатылған пульта арқылы басқарады, сонымн қатар адамдарды көтеруге арнналғаш аспалы жәшікте жебенің қозғалуы апатты жағдайда тоқтату түймесі де қарастырылған. Көтергіш жетегі гидравликалық.

2.16 - сурет. Автокөтергіштер