- •Конспекты лекций
- •Тасымалдау және көтеру-түсіру жұмыстары
- •2.1. Құрылыстағы жүктердің жіктелуі
- •2.2. Тасымал түрлері
- •2.3. Сыртқы тасымал
- •2.3.1. Автомобиль тасымалы
- •2.3.2. Трактормен тасымалдау
- •2.4. Тасымалдау және тиеу-түсіру механизмдерін таңдау
- •2.5.1. Құрылыс крандары
- •2.5.1.1. Өздігінен жүретін жебелі крандар
- •2.5. Ішкі транспорт
- •2.5.1.2. Мұнаралы крандар
- •А) жылжымалы; б) тұрақты
- •2.5.1.3. «Нөлдік» крандар
- •2.5.1.4. Жеңіл тасымалданатын крандар
- •2.5.1.5. Тұрақты крандар
- •2.5.1.6. Желі (кабель) крандар
- •2.5.1.7. Төрттағанды (козловые) крандар
- •2.11. Төрттағанды кран:
- •2.5.2. Құрылыс көтергіш жабдықтары
- •2.5.2.1. Діңгекті көтергіштер
- •2.5.2.2. Жебелі көтергіш жабдықтар
- •2.5.2.4. Скипті көтергіштер
- •2.5.2.5. Автогидрокөтергіштер (автомұнаралар)
- •2.5.3. Транспортерлер
- •2.5.4. Тиеу жабдықтары
- •Ыдыстар мен жүк ұстағыш құралдар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
2.5.1.2. Мұнаралы крандар
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды тұрғызу және оларды жөндеу жұмыстарында, сондай-ақ көптеген өндірістік объектілерді, әсіресе көп қабатты немесе биік имараттарды салған кезде негізгі жүк көтергіш механизм ретінде мұнаралы крандар пайдаланылады. Мұндай крандар жолдар арқылы қозғалатын жылжымалы, соның ішінде қисық сызықты (кейде) немесе тұрақты, тіркеуші болады (2.5 - сурет).
Мұнаралы крандарды мұнара түріне қарай жіктейді: айналмалы мұнаралы және айналатын сағасы бар айналмайтын мұнаралы, сондай ақ жебе құрылымына қарай – көтеретін жебелі және арқалықты.
2.5 - сурет. Мұнаралы крандар:
А) жылжымалы; б) тұрақты
Көбінесе айналмалы мұнаралы крандар жиі қолданылады. Айналатын сағасы бар крандарға қарағанда бұлардың ауырлық ортасы төмен орналасқан, себебі көптеген түйіндер кран негізінде жинақталған. Осы ерекшілігіне байланысты айналмалы крандар айналмайтындарған қарағанда кіші болады. Мұндай крандарды жинақтау, бөлшектеу, тасымалдау жеңіл болып табылады.
Арқалық жебелі крандарға қарағанда көтерілетін жебелі крандар құрылымы қарапайым болып келеді. Алайда осы артықшылық кемшілігін де тудырады. Мұндай крандардың ең аз жебе ұзындығы 30 % құрайды, сондықтан да кран асты кеңістікті пайдалануға болмайды немесе өте күрделі. Жебені көтеріп-түсірген уақытта жүк көлденең және тік бағытта қозғалады, сол себепті жебені шарнирлі бекіту жүкті (жинақталатын элементті) салу дәлдігін қиындатады.
Арқалықты жебесі бар крандарда (2.6 – сурет) жүкті ауыстыруға аз энергия жұмсалады, жүкті салу әлдеқайда жеңіл, кран асты кеңістік пайдаланылады, алайда мұндай крандарда маневрлік және салмағы үлкен болады.
2.6 - сурет. “Liebcher” арқалықты жебесі бар мұнаралы краны
Жылжымалы мұнаралы крандар жүріс жабдығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: рельсті, автомобильді, пневмодөңгелекті, жыланбауырлы. Соның ішінде рельсті жолдар арқылы қозғалатын мұнаралы крандардың артықшылықтары көп. Мұндай крандарды пайдалану қарапайым және жұмыста қауіпсіз болып саналады.
Мұнаралы крандардың негізгі элементтері мыналар болып табылады: мұнара, жебе, тіректі рама. Мұнара тіректі рамаға тікелей (егер мұнара айналмайтын болса) немесе тіректі-айналмалы қондырғы арқылы (егер мұнара айналатын болса) бекітіледі. Мұнараның жоғары бөлігінде айналатын немесе айналмайтын саға болады. Кранның аударылып қалуна қарсы момент тудыру үшін мұнаралы кранда қарсы күш орнатылады, ол тіректі-айналмалы қондырғыда немесе консолда орнатылады.
Мұнаралы крандардың негізгі сипаттамалары жебе ұзындығы, ілмектің көтерілу биіктігі және жүк көтергіштігі.
Жылжымалы мұнаралы крандардың жүк көтергіштігі азаматтық құрылыс үшін 3-8 т, тіреуіштер үшін 12,5 т дейін құраса, өнеркәсіптік құрылыста жүк көтергіштігі 20 т және одан жоғары мұнаралы крандар қолданылады. Жебе ұзындығы азаматтық құрылыс үшін 25 м дейін, өнеркәсіптік құрылыста 50 м дейін болады. Ілмектің көтерілу биіктігі азаматтық құрылыста 30-50 м, ал өнеркәсіптікте - 58-80 м құрайды. Тіреуіш крандарда ілмектің көтерілу биіктігі 160 м дейін болады.
