Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 2 ОСД.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.5. Ішкі транспорт

Құрылыс материалдары мен құрылымдарын объект жанындағы қоймадан жұмыс аймағына жеткізу үшін тік және көлденең немесе аралас ішкі тасымал пайдаланылады. Ең көп тараған ішкі тасымал машиналарына құрылыс крандары, көтергіштер, транспортерлер, тиегіштер жатады.

2.5.1. Құрылыс крандары

Құрылыста крандардың мынадай түрлері қолданылады: өздігінен жүретін жебелі, мұнаралы, «нөлдік» крандар, жеңіл тасымалданатын крандар, тұрақты, аша, желілі, сондай-ақ арнайы крандар – жүзбелі, ұшатын (вертолеттер), құбыр төсегіштер.

2.5.1.1. Өздігінен жүретін жебелі крандар

Құрылыста, тиеу-түсіру және жинақтау жұмыстарында ең көп қолданылатын кран түрі – өздігінен жүретін жебелі крандар. Мұндай крандар егер тиеу-түсіру жұмыстарында қолданылса қысқа жебелермен, ал жинақтау жұмыстарында пайдаланылса ұзын жебелермен жабдықталады. Пайдалану жағдайына қарай тік жебелі, жыланбауыр жебелі немесе мұнара типті жебелі (мұнаралы-жебелі крандар деп аталады), сондай-ақ телескопиялық жебелі крандар қолданылады (2.3 - сурет). Крандар кез-келген құрылыс машиналарында болатын негізгі түйіндерден басқа ілмектің жүк көтергіштігін және көтерілу биіктігін қадағалайтын құрылғылармен жабдықталады.

Жебел крандардың негізгі сипаттамалары – максималды жүк көтергіштігі, көтерілетін жүк массасы мен жүктің ауырлық күшінен кран осіне дейінгі қашықтығына көбейтіндісіне тең жүк моменті, жебе ұзындығы, ілмектің көтерілу биіктігі мен ұзындығы. Жебе ұзындығы мен ілмектің көтерілу ұзындығы бір-бірімен байланысты болады: ұзындығы үлкен болған сайын ілмектің көтерілу биіктігі кіші болады және керісінше. Жебе ұзындығы мен жүк көтергіштігі арасындағы байланыс та осындай:

2.3. а, б - сурет. Кранның жебе жабдықтары:

а – тік жебе; б – мұнаралы типті жебе

2.3. в, г - сурет. Кранның жебе жабдықтары:

в – телескопиялық жебе; г - жыланбауырлы жебе

жебе ұзындығы үлкен болған сайын, жүк көтергіштігі аз болады. Ілмектің көтерілу биіктігі мен оның жүк көтергіштігінің жебе ұзындығына тәуелділігі кранның жүк биіктік сипаттамасы деп аталады және қисық сызықпен белгіленеді, әрбір кранның техникалық құжаттарында көрсетіледі (2.4 – суретті қараңыз.).

Егер жебе жыланбауырмен жабдықталса, кранның негізгі жебедегі жүк көтергіштігі төмендейді (жыланбауыр салмағына қарай). Қосымша ілмектің жүк көтергіштігі негізгіге қарағанда едәуір кіші болады.

Жүріс қондырғысының құрылымына байланысты өздігінен жүретін крандар жыланбауырлы және пневмодөңгелекті болып бөлінеді. Пневмодөңгелекті крандар автомобильді және арнайы болып бөлінеді.

Аталған түрлердің барлығының да артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жыланбауыр жүрісті крандар дөңгелектіге қарағанда топыраққа едәуір аз меншікті қысым түсіреді (0,4-1,0 кгс/см2).

2.4 - сурет. Кранның жүк биіктік сипаттамалары

Бұл жолы жоқ және әлсіз топырақтарда өту мүмкіндігін жақсартады және машинаның салмағын, сондай-ақ оның жүк көтергіштігін арттырады. Сондықтан ең «жүк көтергіш крандар» жыланбауырлы жүрісті болып табылады. Алайда бұл қозғалтқыш қолайсыздық тудырады – ең алдымен маневрлігі нашар және орын ауыстырған кезде қиын қозғалады. Сонымен қатар жыланбауыр жүрістің техникалық кемшіліктері де бар: құрылымы күрделі, бөлшектері тез тозады, салмағы үлкен, машинаның барлық салмағының 40 % құрайды.

Автомобильді крандар үлкен маневрлігімен және үлкен қозғалу жылдамдығымен ерекшеленеді (жүктемесіз сағатына 60 шақырым). Автомобильді кран былайша орналасқан. Жүк автомобилінің шассиінде шанақ орнына жүріс рамасы, ал онда айналмалы рама орнытылады. Бұл рамалар айналмалы қондырғымен бекітіледі. Айналмалы рамада жүк пен жебені көтеру және түсіру механизмдері, раманы айналдыру механизмі орнатылады, сондай-ақ жебе, кабина, қарсы күш бекітіледі.

Автомобильді кран құрылымының бір кемшілігі - оның орнықсыздығында. Жұмыс кезінде олардың орнықтылыған арттыру үшін механикалық, гидравликалық немесе пневматикалық тіректер (ауттригерлер) қойылады. Мұндай тіректер кранның жүккөтергіштігін арттырып қана қоймайды, сондай-ақ оның маневрлігін төмендетеді – қолданған кезде кран қозғалмайды.

Автомобильді және жыланбауырлы крандардың аталған артықшылықтары мен кемшіліктерінің арасында пневмодөңгелекті крандар ортаңғы орынды алады. Олар арнайы өздеріне құрылған шассида орналасады. Мұндай шассидің базасы кең және авторанға қарсы орнықтылығы жоғары болады. Топыраққа түсетін меншікті қысымды азайту үшін мұндай шассида сегіз ось болады. Крандардың жүріс бөліктерінің сипаттамаларын айтқан кезде жыланбауыр жүрісті крандардың кей жағдайда трактор шассилерінде жинақталатынын да айта кеткен жөн. Мысалы, құбыртөсегіштер.

Әртүрлі типтегі жебе крандардың технологиялық мүмкіндіктерін қарастырамыз.

Отандық автомобильді крандардың жүк көтергіштігі 120 т-ға дейін, жүк моменті 362 тм (жүк массасының көтерілітін жүк осінен кран осіне дейінгі көбейтіндісі) және жебе ұзындығы 3-40 м болады. Кейбір крандар ауыстырылатын жебелермен жабдықталады. Шетелде өндірілетін автокрандардың жүк көтергіштігі үлкен болады. Мысалы, “КАТО” жапон фирмасы жүк көтергіштігі 16-дан 160 т-ға дейін және жебе ұзындығы 50 м-ге дейін болатын автокрандар шығарады. “Liebcher” неміс фирмасы максималды жүк көтергіштігі 30-80 т және максималды жебе ұзындығы 30-40 м болатын қысқа базалы пневмодөңгелекті шасси крандарын шығарады.

Арнайы шассидегі пневмодөңгелекті крандардың жүк көтергіштігі 35 т дейін жетеді, жебе ұзындығы 23 м. “КАТО” –50 т дейін және жебе –33,8 м дейін. “Liebcher” фирмасы – 550 т дейін және и жебенің максималды ұзындығы –116 м дейін.

Жыланбауырлы крнадардың жүк көтергіштігі 5-100 т болады. Кейде 250 т дейін, ал жебе ұзындығы 42 м дейін жетеді. “Liebcher” фирмасы жыланбауыр жүрісті, тор жебесі бар, максималды жүк көтергіштігі 1000 т және максималды жебе ұзындығы 100 м дейін болатын крандарды шығарады. Алайда жыланбауыр жүрісті крандарды шығару жылдан-жылға азайып келеді. Себебі авторассасы жақсы еуропа елдерінде бір елдің ішінде ғана емес көршілес елдерде жебелі крнадарды бір объектіден екіншісіне ауыстыру қажеттіліг туады. Мұндай крандарда ілмекті басқа жұмыс бөлшегіне алмастыру қарастырылған, мұның өзі крнады пайдалану аймағын ұлғайтады (грейфер, драглайн, копер, струг).